Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы
[ Скачать с сервера (314.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Информатика]
16.11.2013, 06:55
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Қазақстан-Американдық Еркін университеті

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы

РЕФЕРАТ ЖҰМЫСЫ

5В050300 «Психология» мамандығы

Орындаған: Жеңіс М.
Тексерген: Мұратұлы Д.

Өскемен 2013

МАЗМҰНЫ

Кіріспе..................................................................................................................... 3
1 Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың білім беруде
қолданылуы............................................................................................................ 5
1.1 Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар....................................... 6
1.2 Электрондық білім беру ресурстары............................................................. 8
1.3 Электрондық курстың құрылымы.................................................................. 10
2 Тәжербиелік өңдеме............................................................................................ 13
Қортынды................................................................................................................ 18
Әдебиеттер тізімі................................................................................................... 19


Кіріспе

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру жүйесі әлемдік өркениет көшіне сай, жан-жақты ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етілуі керек.
Ақпараттық-коммуникациялық технология білім беру жүйесін ақпараттандыруға, білім сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, электрондық есептеуіш техникамен жұмыс істеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернет желісін пайдалануға, телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан білім беру – Елбасымыздың жолдауында айтылып кеткендей елімізде оқыту теледидарын құруға негізделген міндет.
Қоғамның ақпарттандырылуы білім беруге қойылатын талаптарды да өзгертеді. Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал.
Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен, кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар, қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Электрондық оқулықтарды енгізу уақыт үнемдейді, мұғалім араласпай-ақ оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады.
Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.

1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы

Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданалу оқушылардың білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік біліктілігін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады, оның көпшілік бұқараға барынша кеңінен таралуы «өмір бойы білім алу» ұстанымынан «білім барлығымыз үшін ғұмыр бойы үзілмейтін» ұстанымына нақты ауысады. Осы мүмкіншіліктерді іске асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту саласында да көп көңіл бөліну керек. Бұл мақсаттың жүзеге асуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудан басталады. Алған бағытты жүзеге асыруда жаңа буын оқулықтарын электронды вариантқа аудару қажеттілігі уақыт сұранысынан туып отыр.
Қазір әрбір оқу орындарында, оқытушыдан студенттерге білім беріп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді қамтамасыз ету, шығармашалақпен жұмыс істеуге үйрету талап етілуде.
Жұмыс кезінде оқытушы мен студент тұрақты педагогикалық қатынаста болады, ал оқытушымен араласу, яғни пікір алысу кезеңдерін оқушының өзі анықтайды. Осыған бағытталған ақпараттық-коммуникациялық білім беру студенттің өзіне қолайлы және тиімді білім алуға деген құштарлығын қанағаттандыру мүмкіндігін береді.
Оқу материалдарын фактологиялық және қолданбалы бөліктерге бөлу, оқытудың модульдік, жекелеп үйрету және деңгейіне қарай оқыту қағидаларын қатар пайдалану, өзін-өзі және бірін-бірі оқыту элементтері, пәнді игеруді қамтамасыз етудің (электрондық оқулықтар фрагменттері, арнайы тесттер, компьютерлік есеп жинақтары, анықтамалықтар, демонстрациялық файлдар, т.б.) ажырамас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану – оқу және жетілдіру мақсаттарына тиімді түрде қол жеткізуге болатын білім жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: а) Оқытудың жоғары нәтижелілігі; б) Әр түрлі білім мекемелері үшін осы жүйенің икемділігі мен бейімделгіштігі; в) Жүйенің жеңіл өзгертілуі мен толықтырылуы (файлдағы тапсырмалар жеңіл өзгертіледі, Web-оқулықтар оңай өзгертіледі); г) Қолданудың әмбебаптығы (өздігімен жұмыс істеуді, әрі оқу процесін де қамтитын тиімділігі).
Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни АКТ-ның техникалық жағын ғана карастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.
Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық иновацияларда есепке алынып отыруы қажет.
Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажеттілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Ақпараттық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнының арзандауына, оған қоса АКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр. АКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен қарап, оларды шешу кезінде мектептегі ақпараттық жүйелердің мынадай негізгі элементтеріне әсер ететінін айту керек:
- әдістемелік жабдықтау жағына;
- мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;
- қолданбалы программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-ресурстар, модельдеу, әкімшік-шаруашылық кешенін басқаруға)
- базалық программалық платформаға (WINDOWS операциялық жүйесі MICROSOFT ОFFICE);
- аппараттық кешенге (компъютерлер, жергілікті желі, интернетке қосылу).
Жаңа жоспар негізінде электрондық оқыту тұжырымдамасы жатыр. Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзқарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін қалтықсыз көшіруге болмайды.
Қорыта келе айтарым - оқу үрдісінде АКТ-ны қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып саналады. Бүгінде мектептің де, жоғары оқу орнының да мұғалімдеріне компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтыдығы, компьютер оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет.

1.1 Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар

Оқытудың жаңа компьютерлік технологияларының жоғары және арнаулы оқу орындарында оқу процесіне кеңінен енуі студенттердің өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді түлеріне мыналарды жатқызуға болады.
Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа компьютерлік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Компьютерлік технологияларды үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кеңінен де пайдалануға болатындай жағдай туғызады.
Қашықтықтан оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу (күндіз, сырттай, экстернат) формасы. Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған. Қашықтықтан оқытудың артықшылығы: а) Компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыға жылдам жеткізеді; ә) телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен сұхбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальді класс жасау мүмкіндігі туады; б) ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық уатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады. Бұл технологияның біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әзір ертерек, өйткені толыққанды қашықтан оқыту жайлы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыс арналарының да сапасы жақсы болуы керек, бізде ол жағы әзірше әлсіздеу.
Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді.
Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал.
Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.
Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады.
Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері. Атап көрсетілген аспектілер мультимедиялық технологияларының оқыту процесіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі 1-суретте бейнеленген.

Сурет 1 Мультимедиялық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі.

Қазіргі заманғы мультимедиялық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқу әдістерін талап етеді.

1.2 Электрондық білім беру ресурстары

Электронды білім беру ресурстарының басты мақсаты студенттер мен оқушылардың білім сапасын арттыру, оқытушыларға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Электронды ресурстарды қолданып білім беру барысында дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді, яғни бұл басты ерекшелігі мен тиімділігі студент пен оқытушының арасындағы байланыс көзбен көру арқылы жүргізіледі.
Электрондық басылым – бұл графикалық, мәтіндік, цифрлік, музыкалық, видео, фото және т.б. ақпараттар, сонымен қатар басылым мәліметтерінің жиынтығы. Электронды басылым магниттік (магниттік таспа, магниттік диск, т.б.), оптикалық (СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т.б.) электронды тасушыларда болуы және электронды компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін.
Электронды оқу басылымдары (электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары (пособие)) –білімді бақылауға және автоматтандыруға, сондай-ақ тиімдеуге негізделген, оқу курсы мен оның жеке бөлімдеріне сәйкестелінген, білім беру траекториясы мен әр түрлі оқу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік беретін электронды басылым.
Электронды оқулық – оқу курсы мен оның тарауларының жүйелік мазмұнынан тұратын, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестеліп жасалған, өзінде қарапайым оқулықтың, анықтамалық, тапсырма-жаттығулардың және лабраториялық практикумдардың және т.б.-ң қасиеттерін қамтыған мемлекеттік органдармен нақты бекітіліп мәртебеге ие болған электронды оқу басылымы.
Электронды оқу құралы (пособие) – толық және жартылай электронды оқулықты алмастыра алатын, мемлекеттік білім беру стандартымен нақты бекітілген басылым. Электронды оқу құралы болып, мамандықтар мен оқу бағыттарындағы аса маңызды мемлекеттік жалпы білім беру стандартындағы пәндер бөлімдері, типтік пәндер мен оқу жоспары бойынша жаттығулар мен тапсырмалар жинағы, сызбалар мен карталар альбомдары, атлас конструкциялары, пәндер хрестоматиясы және оқу жоспары, оқу жоспарын жүргізудегі нұсқау, практикумдарға байланысты нұсқаулар, кустық және дипломдық жұмыс жобалары, анықтама-энциклопедиялар, жаттықтырушылар (тренажеры) саналады.
Бұдан басқа да электрондық білім беру өнімдері белгілі. Олар: Диагностикалық бағдарламалар – оқушылардың қате қимылдарының алдын алу, білімін, іскерлігін, дағдысын бағалау, интеллектуалдық даму деңгейін тексеру үшін қолданылатын бағдарламалар.
Пәндік бағытталған орта – оқылып отырған объектілерді немесе олардың белгілі бір пәндік ортадағы қарым-қатынастарын модельдеуге мүмкіндік береді. Олардың көмегімен оқу іс-әрекеті, кейбір пәндік аймақтарға байланысты заңдылықтар ұйымдастырылады.
Жаттықтырушылар (тренажеры-оқытушы бағдарламалар) – оқу іс-әрекетіндегі іскерлік пен дағдыларды жетілдіретін арнайы бағдарламалар. Сондай-ақ өздік жұмыстар, өткенді қайталауға арналған бағдарламалар.
Оқыту мақсатындағы мәліметтер қоры – нақты құрылған және ұйымдастырылған электронды ақпараттар жиымы.
Электронды курстық кейстер – CD дискта орналасқан, берілген курс және мамандықтың оқу жоспарында көрсетілген барлық пәндердің оқу және әдістемелік материлдар жиынтығы.
Электронды дәрістер – бірнеше слайдтан тұратын, видеоақпарат, әртүрлі дыбыстар мен анимация элементтерімен толықтырылған компьютерде Power Point дестесімен жасалған дәріс.
Жоғарыда айтылған электронды білім беру ресустары осымен шектеліп қоймайды. Олардың практикалық түрлері де бар: тест, тестер, тапсырмалар және т.б.
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электронды білім беру ресурстарын енгізу. Өйткені бүгінгі білім беру саласында тек мұғалімдердің айтқанын орындау және оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқу құралдарын пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

1.3 Электрондық курстың құрылымы

Жалпы алғанда электронды оқулықтың құрылымы әр кітаптарда әр қалай беріледі. Мен солардың ішінен «Электронды оқу басылымдары туралы ережеде» көрсетілген электронды оқу басылымдарының құрылымы мен «Қайнар» университетінің хабаршысы» журналында жарияланған А.Б.Искакованың мақаласында көрсетілген электронды оқулықтың құрылымына қысқаша тоқталып кеткім келіп отыр.
Электронды оқу басылымдарының құрылымы екі бөлімнен тұрады: инварианттық және вариативтік бөлім.
Инварианттық бөлім:
- Титульдік бет – электронды басылымының тақырыбы, авторы, яғни жасап шығарушысының аты-жөні, шығару уақыты, т.б. мәліметтер көрсетіледі;
- Аннотация – курстың мақсатын, өзектілігін, нәтижелілігін және потенциалды қолданушылары туралы қысқаша мәліметтерді қамтиды;
- Тақырыбы – жасалып отырған оқу курсының және семантикалық оқу бірліктерінің тақырыптары (бөлім, параграф, т.б.) кіреді;
- Бағыттауыш – электронды оқу басылымдарының элементтері арасындағы байланысты және электронды оқу басылымы бойынша жылжу мен бағдарлауға қажетті құралдарды көрсетеді. Бағыттауыш электронды оқу басылымының әрбір бетінде болуы керек;
- Мазмұны - электронды оқу басылымының есептері мен мақсаттарына байланысты оқу материалдарының барлық көлемін қамтиды;
- Тапсырмалар - өткен материлды меңгеру мақсатымен әртүрлі қиындық деңгейдегі тапсырмалар мен түрлі типтегі тапсырмалар берілуі керек. Дұрыс жауапты белгілегенде жай табу әдісі болмас үшін, сұрақтар мен жауаптар жеткілікті ойланып жасалуы керек. Дұрыс емес жауаптар мазмұны бойынша дұрыс жауаптарға өте жақын болуы тиіс. Тек қана терең білімі және жұмыстың барысын түсінгенде, оқу материалын тиянақты меңгергенде ғана, оқушы дұрыс жауабын таба алатындай жағдай жасалуы қажет;
- Қолданылған әдебиеттер тізімі;
Вариативтік бөлім:
- Тестер – сәйкес қарастырылып отырған оқу курсы немесе оның жеке бөлімдерінің білімдерін бақылау және оқуды оптимизациялау мен автоматтандыруға арналған;
- Анықтама – оқу курсының әрбір модулі бойынша ақпаратты оқу материалының тесттік, кестелік және т.б. оқу-әдістемелік мағлұматтарын қамтуы керек;
- Көмек – электронды оқу басылымының жұмысын басқаратын ақпарат пен минималды жүйелік талаптар болуы қажет, электронды оқу басылымын іске қосқаннан бастап оған констексттік қатынағанда көмек көрсетуі тиіс;
- Дыбыс, видео, анимация элементтері – курстың алдына қойылған мақсаты мен есептеріне байланысты вариативтік компонент болып табылады;
- Глоссарий – оқылып отырған пәнге байланысты негізгі терминдер мен олардың анықтамаларын қамтиды;
- Және т.б. элементтер.
Басқа әдебиет, яғни Искакованың мақаласындағы электронды курстың құрылымы былай берілген:
1) презентациялық бөлімі;
2) оқу құралының негізгі ақпаратынан құралған тапсырма бөлімі;
3) оқушыларды немесе студенттерді объективті түрде бағалау үшін зертханалық жұмыс бөлімі.
Электрондық курстар қаншалықты тиімді болғанымен, кәдімгі оқулықтар әлі көп уақытқа дейін негізгі оқу құралы ретінде қолданылады. Себебі, кез келген мәтінді экран бетінде емес, басып шығарылған түрде оқыған ыңғайлы. Соған байланысты электрондық курсты құру кезінде оны қандай жаңа қасиеттермен кәдімгі оқулықтан өзгешелеуге болатынын ескеру керек. Осындай қасиеттерге:
1) интерактивтік қасиет – қайтымдылық шарты;
2) тез арада керекті ақпаратты табу мүмкіншілігі;
3) түсіндірмелерге көп рет қатынау кезіндегі жұмсалатын уақытты өнімдеу қасиеті;
4) мәтінді экранға шығарып қана қоймай, оны түсіндіріп көрсетуге, модельдеуге және т.б. мүмкінділік беру – осы жерде мультимедиялық технологиялардың мүмкіншілігі байқалады (көркемділік және қатынау );
5) кез келген адам үшін тез арада белгілі бір бөлімге қатысты өзінің білімін тексеру мүмкіншілігі;
6) керекті оқу ақпаратын мысалы, Интернет арқылы жаңарту, өңдеу қасиеттері жатады.
Қорыта келе, электронды оқулықтың құрылымы жоғарыда аталып кеткен титул беті, мазмұны, аннотация, оқу материалының толық мазмұны (сызбалар, графиктер, иллюстрация, кестелер, т.б.), тапсырмалар жүйесі, бақылау тесттік жүйесі, мәтін бөлігін іздеу жүйесі, авторлар жөніндегі мәлімет және бағдарламамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.
Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін ғана арттырып қоймайды, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай туғызады.

2 Тәжербиелік өңдеме

2.1 Оқыту курстарын өңдеудегі бағдарламалық құралдар

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыу қызметінде барлық республикалық жоғары оқу орнындарында қолданылады. Электронды оқулық, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселердің бірі – электронды оқулықтар дайындау болып отыр. Ал оларды оқыту процесінде қолдану – сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады.
Электронды оқулықтарды дайындаудың автоматтандырылған құралдарының бірі – Microsoft Office дестесімен бірге қойылатын Microsoft Power Point қолданбалы бағдарламасы.
Power Point-тағы кез келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған кадрлардың жиынтығынан тұрады. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінің жеке нөмірі болады, слайд құрылғанда ол бірден міндетті түрде нөмірленеді.
Құжаттағы слайдтар сызықта тізбектеле орналасады. Слайдтарды жою, кірістіру, орын ауыстыру олардың сызықтық құрылымын бұзбайды. Олар әртекті нысаналардан тұрады.
Слайдта орналасқан барлық нысандар Power Point-тың ішкі құралдарымен де, сонымен қатар сыртқы қолданбалы бағдарламаларда құрылып, безендірілу мүмкіндігіне ие. Microsoft Office дестесіне кіретін барлық қолданбалы бағдарламалар сияқты Power Point бағдарламасының да өзінің стандартты басқару элементтері бар. Power Point электрондық оқулықты даярламас бұрын біріншіден сізде оның мазмұнды бөлігі дайын болуы қажет.
Файл – Құру (Файл - Создать) командасының көмегімен презeнтацияны даярлау (Создать презентацию) сұхбат терезесі ашылады. Соның ішінен автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) опциясын таңдап аламыз. Сондағы үлгілерді толтырып, ары қарай толтыру арқылы ары қарай көшеміз.
Power Point бағдарламасында мәтінмен жұмыс істеудің ең маңызды құрал – орфографияны тексеру бар. Power Point-та кестелермен, диаграммалармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
Сыртқы қолданбалы бағдарламаларда құрылған графиктік бейнелер иллюстрация деп аталады. Дұрыс таңдап алынған иллюстрация кез келген стильдегі презетацияны жақсартуға септігін тигізеді. Қарапайым иллюстрацияларды Clip Art, CorelDraw, Adobe Photoshop, Paint бағдарламаларының көмегімен дайындалады.
Қазіргі кезде электронды оқулықтырды жасауда және Web-парақтарын визуальді жобалауда жиі қолданылып жүрген бағдарламалардың бірі болып – Front Page бағдарламасы саналады. Қысқаша осы программаның мүмкіншіліктеріне тоқталып өтейік.
Жаңа бет қосу: Меню File – New. Page – Normal Page-ді таңдау. Бұл команда Normal Page - таза бет жасайды. Қосылған бет параметрлерін қою (беттің аты, беттің фоны, мәтіннің түсі мен шектеулер қою).
Бетке ат беру – жұмыс аумағының контексттік менюін шақырып (Page) – Page Properties – General (қыстырма) – Title жолына барамыз.
Фон суретін таңдау үшін Background қыстырмасының Background Picture тұсына белгі қою қажет. Ал фон түсін өзгерту керек болса, Brows батырмасын басып, Color – дан Background тізімінен, әріптердің түсін Text-тен өзгеріс енгіземіз;
 Қолданылмаған гиперссылка түсін Hyperlink тізімінен таңдаймыз;
 Барған гиперссылка түсін Visited hyperlink тізімінен өзгертеміз;
 Активті гиперссылка түсін Active hyperlink тізімінен өзгертеміз;
Мәтінді пішімдеу және енгізу. Кез келген мәтін тақырыптан және абзацтардан тұрады. Тақырыптардың 6 түрі болады (1 – ең үлкен, 6 – ең кіші кегель). Пішімдеу панеліндегі Style тізімін таңдау арқылы өзгертіледі.
Мысалы, Heading1…Heading6, Normal, Address:
Абзац стилі (өлшемі - кегель, қаріп типі, түсі және т.б..) Format – Properties командасынан таңдалады немесе пішімдеу панеліндегі батырмаларды басу (Font, Font size, Font color, Bold, Italic, Underline, Align left, Center және т.б.)
Абзацтың алдындағы және абзацтың соңындағы жолдар арасындағы шегініс – Format – Paragraph –Spacing облысы командасы арқылы қойылады, Before (абзац алдындағы шегініс), After(абзац соңындағы шегініс), Line spacing (жолдар арасындағы интервал)
Азат жол шегінісі Format – Paragraph –Indentation аумағынан, Indent first line-ды таңдаймыз.
Бетке байланысты мәтінді тегістеу - Format командасы арқылы – Paragraph –Alignment тізімі бойынша.
Абзацтар қарапайым, маркерлік, нөмірленген болуы мүмкін. Олардың қасиеттерін Format – Bullets and Numbering және Numbering, Bullets батырмалары арқылы өзгертеміз
FRONT PAGE редакторы өз парағыныңызға HTML форматтағы және басқа да ақпаратты жеңіл көшіруге мүмкіндік береді: Insert – File – командасы керекті файлды таңдайды.
Графика.
Сурет қою командасы –Insert-Picture-From File - Файлды табу – ОК
Суреттің қасиетін өзгерту – Контексттік меню (тышқанның оң жақ тетігін шертіп ) – Picture Properties –Picture Properties терезесінен Appearance қыстырмасын таңдау:
- Параққа байланысты тегістеу О–Layout аумағының Alignment тізімі.
- Борттардың енін қою – Border Thickness
- Сурет бойынша шегініс қою - Layout – Horizontal Spacing, Vertical Spacing
- Суреттің өлшемін өзгерту –Size – Specify тұсына белгі қою. Size тізімінен Width (ені ), Height (биіктігі) таңдау.
Көлденең түзу.
Түзуді қою : Insert командасы. Түзу параметрлерін өзгерту : Horizontal Line Properties терезесін шақыру – Width (түзу ұзындығы), Height (түзу ені ), Alignment (тегістеу), Color (түзу түсі ), Solid Line (көлемін алу)
Кесте.
Кесте қою : Table командасы - Insert - Table – жолдар санын таңдау (Rows) және бағандар саны (Columns) – шекараның енін қою (Border size) – шегіністер (Cell padding) және ұяшықтар арақашықтығы (Cell spacing) – кестенің шекарасын белгілеу (Specify Width тұсына белгі қою) және пайызын көрсету (өлшемсіз кесте – өлшемдері берілмеген) (In percent) немесе пикселге (рұқсат 800 х 600 – 760 пиксель - бүкіл экранға) (In pixel) – ОК.
 Бағандар мен жолдарды қою: Table - Insert - Rows or Columns
 Ұяшық қою Table - Insert - Cell
 Кестеге жоғарыдан жол қосу (тақырып): Table - Insert - Caption
 Белгіленген ұяшықтарды жою: Table – Delete Cells
 Белгіленген ұяшықтарды біріктіру: Table – Merge Cells
 Ағымдағы ұяшықты (меңзер тұрады) бірнеше бөлікке бөлу: Table – Split Cells
 Кестенің қасиетін өзгерту: контексттік меню (тышқанның оң батырмасы) - Table Properties:
- Кесте фонының түсі –Background аумағы- Color
- Фон ретінде белгілі бір суретті таңдау - Use тұсына белгі қойып, Background picture және Brows арқылы файлды таңдау.
Жүгірме жол.
Парақты безендіруде бұл құрылым қызықты эффектілерді жасауға мүмкіндік береді.
 Жүгірме жолды қою – Insert - Component - Marquee
 Ақпараттың қасиеттерін белгілеу - Marquee Properties:
- Бейнеленетін мәтінді - Text аумағында
- Жолдың жылжу бағытын таңдау - Direction –Left немесе Right
- Қадамдар арасындағы кідіріс ( мили секундта) – Speed – Delaу
- Қайталану саны - Repeat (Continuously – әрқашан)
- Жодың түсі мен фоны - Background Color
- Мәтіннің пішімін жөндеу –Style – Format – Font
Гиперссылка.
Гиперссылка - бұл мәтіннің бір бөлігі, яғни сурет немесе басқару элементі, үстіне барып шерткенде қыстырмаға немесе басқа параққа өтеді. Гиперссылка түсі боялады және асты сызылып ерекшеленеді.
Гиперссылка құру:
Гиперссылка болатын мәтіннің бір фрагментін белгілеу
Insert – Hyperlink командасын орындау
 Create Hyperlink терезесінен жылжу параматрін көрсету:
– қыстырмаға өту үшін – Bookmark тізімінен Optional-дан керекті қыстырманы таңдап ОК шерту.
- Келесі бетті шақыру үшін (беттер арасындағы байланыс ) – батырмасын шерту, керекті бет атын таңдау – ОК.
Түсініктеме (комментарий).
Түсініктеме – браузерде бейнеленбейтін түсініктеме мәтін.
Түсініктеме қою:
Insert - Comment керекті мәтін теру.
Егер түсініктемеге мәзірді апарсақ, ол өзің формасын алақанға (өшіргіш ұстаған) өзгертеді.
Шаблондар дегеніміз – мүмкіндігіне орай Frontpage толтыруды ұсынатын сайттар мен беттердің үлгісі. Олар шеберлер секілді сайт пен беттерді құрудағы мәрелік (старттық) аудан болатын құрылымды құрайды. Бірақ шеберлер тапсырыс берілген сайт пен бет үрдісін ұсынады, сонда шаблонды таңдап алып, осы шаблонның нақты мәтін үлгісі бар сыңарын аласыз. Соңынан оны өзіңіз жасаған шаблонмен ауыстыруға болады. Frontpage шаблон беттердің көптеген түрлерін ұсынады, олар, таза бет каркасы тәріздес Normal Page – кәдімгі бет шаблоннан басталып, Three Column Staggered ең қиын үшбағанды бет шаблонына дейін өзгереді. Бар сайтқа шаблон арқылы құрылған жаңа беттерді қосқанда, өзіңіздің Web-бетіңізді тез және оңай түрде өзгерте аласыз.
1) Құжатты сақтау үшін бума құрамыз (Шаблон).
2) Буманың ішіне тағы бір бума құрамыз, суреттер үшін (Images)
3) Images бумасына 1х1.gif – файлын өлшемі 1х1 пиксель
4) Front Page процессорын ашамыз
5) Парақ атын береміз: парақ аумағының контексттік менюін шақырамыз (Page) – Page Properties –General қыстырмасы –Title жолы – Парақ атын береміз.
6) Парақ фонын беруге болады: Page Properties терезесінен – Background қыстырмасы –Color аумағы –Background тізімінен түс таңдау
7) Парақтың нольдік шегіністерін көрсету: Page Properties терезесінен – Margins қыстырмасынан –Specify top margin және Specify left margin тұсына белгі қойып және 0 Pixels-ті таңдау .
Құрал-саймандар панелімен жұмыс жасау. Редактордың құрамына құралдыр панелі кіреді және оларды View менюі арқылы басқаруға болады, олар:
– Standard (Стандарттық);
– Format (Форматтау);
– Image (Сүрет салу);
– Forms (Формалар);
– Table (Таблица);
– Advanced (Қосымша).
Сонымен қатар View менюінің құрамына Status Bar (Жолдар жағдайы) Format Marks (Символдарды форматтау) қосымша бөлімдер кіреді.
Бұл бөлімдерде редактордың көмегімен беттерге қоюға болатын элементтердің көбі сипатталып жазылған. Олардың барлығы беттердің кәдімгі элементтері, мысалы, текст құжаттары, гиперссылкалар, тақырып аттары, таблицалар (tables), фрейм (frames) және жылжымалы жолдар (marquees). Сонымен қатар редактордың көмегімен WЕВ-беттерге формаларды (forms) және компоненттерді (Components) қоюға болады. Меню, құралдар панельдері және элементтердің көбі Word бағдарламасында жұмыс істеуімен өте ұқсас болып келеді.
Frontpage көп түрлі графикалық форматтарды импорттап алады, олар:
– JPEG (JPG);
– CompuServe GIF (GIF);
– BMP файлдары;
– TIFF (TIF);
– Метафайлдар Windows (WMF);
– Sun Raster (RAS);
– Postscript (EPS);
– Paintbrush (PCX);
– Targa (TGA).
JPEG форматы (Joint Photographic Experts Group – фотосурет бойынша біріккен эксперттік топ) — бұл масштабталған, қапталған, жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасын аз ғана түсіретін формат болып табылады. Электрондық формада графикалық суреттерді бір форматтан екінші форматқа ауыстырған кезде бейнелер өзінің анықтығын біраз жоғалтады. Сол себепті, JPEG форматы жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасы жағынан да жоғары болғандықтан Web-сайттар үшін ең қолайлы. JPEG форматы фотосуреттер үшін және түсі 256-дан асатын бейне суреттер үшін өте қолайлы.
GIF форматы (Graphics Interchange Format – графикалық мәліметтерді алмастыратын формат) — бұл 256 немесе одан да аз түсті бейне суреттер үшін арналған қапталған формат. GIF форматы көбінесе біркелкі түстерден тұратын бейне суреттерден құралған (мысалы, безендіру сияқты). Сонымен қатар, GIF форматы мөлдір және жолдық бейнелерге де қолданады.

Қорытынды

Оқыту мақсаттарын жүзеге асыруда электрондық оқулық бірнеше қызмeт атқарады. Ол оқытуды дараландыруға, оқытудың тиімділігін артыруға және материалдық ресурстарға кететін шығындарды азайтуға да мүмкіндік береді. Электронды оқулық оқу әрекетінің өнімділігін, білім алушының оқуға деген ынтасын арттырумен қатар, тың оқу материалы жинақталған аса маңызды ақпарат көзі болып табылады. Яғни, электрондық түрде пән мазмұнын (мәтін, кесте, сызба, диаграмма, бейне) беру арқылы ақпараттық қызмет атқарады, танымдық әрекеттер үрдісін басқаруға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулық оқытуды тиімділейді, яғни өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында ақпаратты іздеуге кететін уақытты үнемдейді. Бұл білім алушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне, басқа тапсырмаларды орындауына, уақытын оқу материалын көбірек игеруге жұмсауына мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, электрондық оқулық – жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға негізделген оқулықтың жаңа түрі, оқытудың автоматтандырылған үрдісі.
Курстық жұмыстың негізгі нәтижелері ретінде
- Front Page бағдарламасының негізгі мүмкіншіліктері игерілді;
- «МҚ және АЖ» курсының мазмұны электронды оқулық құрылымына
енгізілді. Жасалған оқулықтың келесі ерекшеліктері бар: оқулықта берілген теориялық материалдар қарапайым мәселелерден басталады да, бірте-бірте күрделінеді. Оқу құралының бұл ерекшелігі оны тек студенттерге ғана емес оқушылар және мұғалімдерге пайдалануға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта жасалған оқулықты келесі бағытта жалғастыруға болады, яғни оны ары қарай дамытып, видеофильдер қосу, құрылымын күрделендіру. Ұсынылып отырған электрондық курстың жоғары оқу орнында 050111 «Информатика» мамандығынң 3 курс студенттерінің «МҚ және АЖ» пәнін игеру үрдісінде көмегі бар деп үміттенеміз.



Категория: Информатика
Просмотров: 22080 | Загрузок: 2478 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.9/7
Всего комментариев: 1
1 Сауле  
Работа конечно хорошая но, где список используемой литературы ?????

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]