Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Интернет тарихы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Информатика]
03.02.2012, 14:10
Интернет тарихы
    Интернет осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің ARPnet тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPnet (Advanced Research Projects Agency net) эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Негізгі мақсаты жүйенің кейбір бөлімдері істен шықсада ісін жалғастырады деп жасаған. Мәселен әуе соққылары кезінде, ARPnet моделімен ЭЕМ-ң арасы және бастау адресатының арасында әрқашан байланыс бар. Торап сенімділігі төмен болып саналады. Оның кез-келген кесіндісі кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Мысалы, бомбылағанда, кабелді кескенде. Торап арқылы хабарды жіберу үшін ақпараттарды конвертке орналастыру керек. Бұл конверт торап аралық хаттама деп аталады. 
  Бұл шешімдер негізінен тораптың қолайлығы күмәнді болуы мүмкін, алайда тарих дәлелдегендей бұл дұрыс қадам. Белгілі бағдарламадан кейін ыңғайлы торап. (Бұл интернет негізін қалады.) Ғалымдар, оқытушылар және басқа мамандар Іnternet-ке кіре отырып, оның лайықты мүмкіндіктерін бағалады. Нәтижесінде тораптарға сұраныс бірден өсті. Стандарттаудың халықаралық ұйымы есептеуіш тораптарға байланысты көп жылдар бойы жұмыс істеді. Іnternet программасын шығарушылары, яғни АҚШ, Ұлыбритания ғалымдары ІP программасымен қамтамасыз етіп отырды. Бұл әртүрлі фирмалар шығаратын компьютерлерге дұрыс шешім болды. Бұл тұтынушылардың өзіне қолайлы компьютер алуға тиімді болды. 
    Бұндай жағдай негізінде үкімет пен университеттерді қызықтырды. Өйткені бұған дейін олар компьютерлерді бір ғана сатушыдан талап ету құқықтары жоқ еді. Интернет пайда болған кезде локальды есептеу Ethernet технологиясы ЛАС пайда болды. 1983 жылға дейін дамытылды. Ал столды жұмыс станциялары пайда болған кезде локальды торапта шынайы өзгерістер орын алды. Жұмыс станциялардың көбісі UNІX операциялары тораптарымен және ІP жұмыс жасады. Сұраныс күннен күнге көбейіп жатыр. Интернетке көптеген колледждер қосылды, енді ойда орта мектептер және кітапхананы қосу бар. Колледж бітіргендер интернет пайдасын білгендіктен өздері жұмыс істейтін фирмаларда Интернетке қосылуды өз басшыларын көндіруде. Бұның барлығы тораптың көп өсуіне, прогресті технологиялар, жаңа проблемалар пайда болды. Кейбір адамдар үйлеріндеде қоса бастады. 
  Интернет арнайы компьютерге айнала отырып, эксперт қолында ойыншықтан жұмыс құралына айналды. Интернет тораптарының тез орындауы және қолайлылығы өз иелерін таба бастады. Жаңа қорларға, жоғарғы сапалы интернетке сұраныс өсе түсті. 
  Интернетті пайдаланатындардың барлығы- тек бір нәрсені ғана іздейді. Ол – ақпарат. Оның негізгіқайнар көздері адам және машина. Интернет арқылы өзің сияқты адамдармен танысыуға болады. 
  Интернет тораптарын потенциальды пайдаланатындар деп:
- ғылым және оқу жобаларын іске асыратын оқытушы;
- құқық мамандарымен өз қолындағы ісін талқылауға арнаған адвокат;
- ата-аналары нағыз музыканы түсінбейтін 8-сынып оқушысы өз құрбыларын іздеу үстінде, тағы сол сияқтыны айтады.
  Бұл жағдайда Іnternet бір қайықта жүзіп, келе жатқан
басқалармен де танысуға мүмкіндік береді. Іnternet –тен электронды конференцияны табуға болады.  
  Сонымен қатар есептеуіш қорларына кіруіне қамтамасыз етеді. Оқытушы компьютермен НАСА арқылы космос программасынан ақпарат алуға болады. Және де өткенді, қазіргіні, болашақтағы космос төңірегіндегі ғылымнан толық ақпарат береді. Библия, Құран, Тору қасиетті кітаптарынан қажетті цитаттарды алу мүмкіндігі толық бар. Бұл прогресте сіз өз ережелеріңізбен ойлайсыз.
  Іnternet ұғымы

  Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез-келген компьютерді жер щарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратан Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде "сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
  TCP/ІP – Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтердібір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы. 
  ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін торапаралық хаттама.
  TCP(Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол тораптағы ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
  Интернет торабын пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
  Интернет (кіші әріппен жазылса) - TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.


Интернет құрылысы
   Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланылатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез-келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.

  Ақпараттық сервер дегеніміз - қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар, т.б. мәліметтер сақталады.
  Торапқа қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
  Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлар арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет порвайдері болып қызмет атқаратын Интерент трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.б. мекемелер жұмыс істейді.
  Іnternet-те қызмет көрсету провайдері – ІSP (Іnternet Servіce Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Интернетке қосылу үшін не істеу керек?
  Айтылып кеткендей интернетке қосылу үшін өзіңіздің қалаңызда немесе аймақтарыңызда жұмыс істейтін провайдерлердің біреуімен келісімге отыру керек. Келісімге отырып провайдер қойған бағамен ақшасын төлегеннен кейін, сіз өзіңізге керекті деректі аласыз: қолданушының аты, пароль, телефон номері, файл – сценарияй және т.б. Сонымен қатар провайдер торабына қосылудың инструкциясын аласыз. Осыдан кейін барып модемді қойып, оның жұмысының параметрін баптайсыз. Егер де сізде модем болмаса оны сатып алу үшін провайдердің мамандарынан кеңес алуыңыз керек. Сіз провайдерде бар модемді пайдалансаңыз жақсы сапа ала аласыз. Мысалы, егер де провайдерде ІДС типіндегі модем тұрса, сізге де сол типтегі модемді алуға кеңес береді. Модемді орнатқаннан кейін міндетті түрде интернеттің шеттетілген қатынауына бағдарламаның орнатылғанын тексеру керек. Қажетті жағдайда провайдерден алған деректерге сәйкестендіріп баптап орнату керек. Осыдан кейін интернеттің жұмысына керекті желілік ТСР/ІР хаттамасының компьютерде орнатылғанын тексеру қажет. Орнатылмаған жағдайда орнату керек. Келесі кезеңде шеттетілген қатынауды жаңадан біріктіріп, провайдерталаптарына сәйкестіріп баптау керек. Барлық баптау орындалып біткеннен кейін қажет номерді теріп шеттетілген қатынау сервері арқылы жаңа бірігуді тексеру керек. Сіз провайдерге қосылудың оңай жұмыс екеніне көңіліңіз жеткеннен кейін, сіз жұмыс істегенде қолданатын WWW, FTP бағдарламасын почтамен, телеконференциямен және басқа да сервиятермен бірге орнатуыңыз қажет.

Компьютерлік торап дегеніміз не?
  Сіздің компьютеріңіздің дискісі қанша үлкен және онда көп ақпарат сақталсада файлдар қажет болатын жағдай туады. Ең қарапайым тәсіл – оларды дискет арқылы көшіру. Ал егер файлдар үлкен болып, дискетке симаса? Ал егер олар көп болса? Мұндай проблеманы шешудің қарапайым варианты – компьютердің торапқа топтастырылып, оларды параллель немесе бір ізді тораптар арқылы қосып, және де арнайы программа көмегімен, мысалы, түзу кабельді жалғау арқылы мәліметтер беруін қамтамасыз етуге болады. Ол үшін қосатын кабельдер ғана қажет. Алайда, осылай қосылған жағдайда мәліметтер беру жылдамдығы төмен болады. Және осылай қосу тек бір бөлменің шеңберінде ғана болуы мүмкін. Егер де мәліметтермен әртүрлі бөлмелерде немесе бір мекеменің әр этажындағы орналасқан компьютерлерде алмасу үшін, компьютерді арнайы тораптық адаптерлер арқылы кабельдер көмегімен бір торапқа байланыстырады. Мұндай жағдайда мәліметтермен алмасу жылдамдығы едәуір жоғары болады. Компьютерлерді біріктіре отырып, компьютерлік торап олардың ақпарат пен қорларын бірыңғай қолдануын қамтамасыз етеді. Ақпарат – бұл дискіде орналасқан файлдардағы берілгендер және бағдарламалар, ал қорлар - қатты дискеттер, принтерлер, модемдер және басқа да құрылымдар. 
  Компьютерлік тораптың екі түрі бар: бөлінген серверлі торап немесе көпрангілік және біррангілік тораптар.
  Көпрангілік торапта бір немесе бірнеше компьютерлер болады, олар сервер деп аталады. Тораптық операциялық жүйе басқаруымен жұмыс істейді және өзінің үлкен дисклерінде ондаған мың файлдарды сақтайды. Сонымен қатар, оларға принтерлер қосылған. Торапта компьютерлер жұмыс істейтін станцияны клиент деп атайды. Олардың әрқайсысы серверлерге жолы ашық және программа мен мәліметтерді пайдалануға тораптық принтерлерде басып шығару мүмкіндікткері болады. Бірнеше пайдаланушы бір мезетте мәліметтердің базасымен жұмыс істеп, файлдарды редакциялау, арнайы тораптық программаларды пайдалануға болады. Тораптардың осындай түрі үлкен көлемдегі ақпарат сақталатын ірі организациялар мен фирмаларда қолданылады.
  Біррангілік торапта әр компьютерде жұмыс станциясы да, сервер де болып жұмыс істей алады. Осындай тораптағы әр компьютер осы тораптың басқа компьютерлеріне кіре алады. Оның дискеттерінде файлдарды сақтайды және оқиды. Ал жерде орналасқан программаларды іске қосуға, қосылған принтерде басуға мүмкіндік бар. Біррангілік тораптар кішігірім мекемелер мен офистерде қолданылады.
  Компьютерлік тораптар бір мекемеде немесе бір организацияда орналасқан компьютерлерді байланыстырады. Байланыстың қысқа толқындары ақпаратты коаксиальді кабельдер және оптикалық жарықшақ арқылы жіберуге мүмкіндік береді. Мұндай тораптар сауда фирмаларында, банктерде, оқу орындарында қолданылады
Категория: Информатика | Добавил: Admin | Теги: интернет, тарихы, Информатика
Просмотров: 3232 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]