Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Презентациямен жұмыс жасаймыз
[ Скачать с сервера (36.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Информатика]
16.10.2013, 22:33
Презентациямен жұмыс жасаймыз.

Сабақтың барысында презентация керек па?

Сабақтың үстінде презентация неге керек екені бәрімізге белгілі. Бұл жөнінде төменде әлі әңгіме көтереміз. Бірақ сол презентацияны барлық уақытта сабаққа пайдалану керек пе? Бұл презентация оқулықты, болмаса карта, глобус, карточкаларды алмастыралама?
Презентация белгілі бір орында және қысқа уақытта (12-15мин)пайдаланылады.Бұны сергіту және көрнекілік ретінде пайдалану керек.
Презентацияның негізгі мақсатының бірі, оқушының қызығушылығын арттыру немесе жаңа мәлімет беру. Окінішке орай оқытушы көбіне өзінің ролін презентацияға беріп қояды. Ұйымдастыру кезеңінде пайдаланатын сәтті, оқушыға беретін тапсырманы, кіріспе сөз бен қорытынды сөзді оқытушы сөзімен айтқанға не жетсін!
Сонда презентация қай сәтте қажет?
1. Қоршаған орта туралы презентация (оқушылар мен бірге дайындалған)
2. Аралас сабақ . Бұл жерде презентация арқылы тест тапсырмасын пайдаланған дұрыс
3. Күрделі тақырыптың кіріспе бөліміне мына принциппен: көп естігеннен, бір көрген...
4. Әдеби оқу сабағында – авторлардың портреттері, әр суретшінің салған суреті (оқушыларға тапсырма беруге болады).
5. Психологиялық түрғыдан қарағанда кәзіргі заманның балалары экраннан мәлімет алуға дағдыланған. Монитор экраны, интерактивті тақта,проектор, телевизор, кинотеатры оқулықтардан да жақсы қабылдайды.
6. Презнтацияны сабақ үстінде пайдалану өте қызық. Кәзіргі замандағы сабақты онсыз өткізу мағынасыз болар еді. Ең бастысы оқытушының талпынысын, жаңа заманға сай ғылыми тұрғыда сабақ өткізуіне зиян келмесе болғаны. Әрине кейбір мұғалімдер презентациясыз өткезеді. Бірақ оның әсері онша болмайды. Сол себебті одан әрі де жаңашылданып, ізденіп, презентацияны сауатты құрастырып , оқушының қызығушылығын арттырып, оларға қуаныш сыйлайық!
7. Презентация оқытушы қызметін жеңілдетеді ( дайындық кезінде қиындық туғызса да). Барлық керек тапсырманы слайдқа салып қойып (сурет салу, жазу) карточка, таблицаны іздеудің керегі жоқ. Бүкіл материалды кішкентай ғана электрондық желіге салып қояды. Сонымен оқушылар қызығушылығын интерактивтік ойындарды өткізу арқылы арттруды ұйымдастыру керек!
8. Алайда кейбір кезде өте нашар дайындалған презентацичлар кездесіп тұр. Соңғы кезде өте көп нашар презентацияларды көрдім, сондықтан өзімнің пікірімді жазу арқылы, презентациялардың жақсаруына өз үлесімді қосқым келді.
9. Презентация көрсету кезіндегі оқытушыға сыртынан қарасақ, ол тек проектор мен компьютерге байланып қалады. Ол бүкіл сабақ бойында тек барлығы дұрыс көрсету мақсатында слайдтарды өз ретімен пайдалансам деп жан ұшырады.
10. Сабақтың соңында оқытушы өзінің бүкіл жұмысының сәтті аяқталғанына, оқушыларға жаңалықты үйреткеніне, ең бастысы барлық слайдтарды дұрыс алмастырып, кнопкаларды дәл басқаны үшін өзін бақытты санайды.
11. Презентация жаңа заманда таптырмайтын мәлімет берудің жаңашыл әдісі. Бұл –тақырыптық барлық материалын, фотосурет, слайд-шоу,дыбыстық көркемдеу, дикторлық қолдау, видеокөріністер және анимация,үш өлшемді графика жиынтығы. Басқа мәлімет құралдарынан бұның айырмашылығы ерекше көрсетілім,мазмұнды ізденіс және интербелсенділік.
12. Сол себебті презентация терең ойланған,жоғары дәрежелі,мазмұнды және көрсету кезіндегі ережесі қатаң сақталуы керек! Тек қана сапалы презентация және көрсетілім кезіндегі барлық техникалық әдістік сақталуы арқылы жоғары мақсатқа жете аласын!
13. Шын мәнінде кейбір оқытушылар презентацияны ойын көрді. Бұл кемшіліктер аттестация кезінде байқалады. Жаңа технология деп пайдалана салу керек пе? Комиссия мүшелері риза болса болды деп ойлайды. Ал оқушы үшін еш қызығы болмауы мүмкін.
14. Power Point бағдарламасын жаңа игеріп алған оқытушы, балаларға өзінің мақтанышын жасыра алмай,істелген презентацияны көрсете бастайды. Онда слайдтар орындары алмасып кеткен, бәрі секіріп , жүгіріп шығып – бірде көрініп, бірде жойылып кетіп жатады. Дыбысы бірде қатты шығып, бірде естілмей қалып жатады. Жалпы слайдтағылар үлкен бір қозғалыста болып жатады. Бор мен тақта мүлдем ұмыт қалған, себебі мұғалім АКТ-ны(!) игеріп жатыр. Егер: осының бәрі не үшін керек деп сұрасақ – оқушыны қызықтыру үшін – деп жауап береді. Ал оқушыға презентация барлық сабақта керек пе?
15. Бүгінгі таңда біздер сол дыбыстарды(мультимедиялық технологияларды) өте тиімді пайдалансақ, презентацияның драматургия әсері бар екенін ескерсек, оқушылардың назарын аудара аламыз, сол кезде ғана презентация сабақтың әсерлі кульминациялық шарықтау шегі бола алады.
16. Презентация бақыт дәрумені емес, ол сабақ өткізудің он - жиырма тәсілінің бірі деп есептеу керек. Әрине тек мазмұны,маңызы болуы керек. Оқушы тек естіп қана қоймай – көруі де қажет. Ол музыкамен танысып жатса, оның үзінділерін есту керек, табиғаттың құбылыстарын есту мен бірге көру керек т.б. т.с.с. сондықтан презентация сабақтың орнын алмастырушы емес, ол оқулыққа қосымша құрал.
17. Біз 21ші ғасырдың балаларын оқытудамыз. Барлық мектептер компьютермен жабдықталған. Жоспарларымызға АКТ-ның көмегімен сабақ өткіземіз деп жазамыз, нәтижесін жоспарлаймыз. Егер болжамымыз орындалса, онда презентация арқылы өткізілген сабақ өзінің мақсатына жетті деп есептейміз.
18. Жоғарыда айтылғандарды қорытындай келе, презентация жасау кезіндегі мынадай ережелердің жобасын ұсынғым келеді.
а) слайдтар сабақтың тақырыбына сәйкес болу керек: фондар, слайдтың айналасындағы ұшып,қонып,жүгіріп, секіріп жүрген анимацияларды керек жерінде пайдалану;
ә) тақырыпты,басқа да жазуларды алыстан анық көрінетін фонға жазу;
б) біріншіден: бір слайдқа жазудың ең маңыздысын,керегін,тақырыпты ашатын мәліметтің жазылуы; яғни жазу көп болмау керек – оны оқушылар оқымайды, оқыса да сізден тез оқып тастап, ештеңе түсінбей отырады. екішіден: оқып түру көп уақыт алады.
в) анимацияларды презентацияны жандандыру ұшін пайдалану керек,олардың керек жерлері өте көп. Мысалы: триггерлерді пайдаланған кезде. Бірақ үнемдеп, нағыз керек жерде. Олардың жылдамдылығы тез болуы керек.
г) гиперссылканы барлық слайдқа пайдалансақ та артық болмайды, ол мұғалімнің ең бірінші көмекшісі, ол оның қаруы, ол таптырмайтын құралы;
д) дыбысты (музыка,өлеңдер, мұғалімнің айтып тұрғанын т.б.)кез келген жерде емес – эмоциялық әсер беру ұшін, слайдта болып жатқан көріністі тереңгірек түсіну үшін, психологиялық әсер беру үшін пайдаланылады.
е) фотолар,суреттер анық, үлкен,пропорциялары сақталған, болуы керек;
ж) презентацияны көрсеткен кезде, «показ слайдов» арқылы көрсету керек;
з) аудиторияға теріс қарап тұрып, слайдтағы жазуды оқып тұрмау;
Категория: Информатика
Просмотров: 4480 | Загрузок: 311 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]