Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мұнай-химия кешені
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Химия]
02.02.2012, 13:47

Мұнай-химия кешені



Химия нарығында зерттеу жұмыстарымен айналысатын американдық «Chemical Market Associates Inc.» (CMAI) мәлімдері бойынша, полистиролдың дүние жүзілік тұтыну көлемі жылына 14,4 млн тоннаға тең, соның ішінде, Батыс және Шығыс Европа тұтыну көлемі 3,5 млн тонна құрастырады. Ең ірі тұтынушы Азия елдері, олардың үлесі жалпы көлемнің 30%-на жуық .
Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдерінде қалыптасқан полистирол пластиктерінің тұтыну көлеміндегі негізгі үлесін соққыға төзімді полистирол құрайды – 51 %, акрилонитрилбутадиенстиролды сополимерлер үлесі – 20 %, көбіктенетін полистирол -18 %, жалпы қолданыстағы полистирол – 9 %, және сополимерлер үлесі 2 % құрайды. Бұл пластик нарығындағы қаптама материалдар мен жылу өткізбейтін материалдар қалыпты сұраныста екендігін байқатады. Сарапшылардың болжамы бойынша 2010 жылға дейін дүние жүзіндегі тағамдық қаптама нарығы 3,5 есе арта түсуі күтілуде.
Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері мұнай-химия өндірісін дамытуға Қазақстанда толық мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларындағы шикізат көздері, мұнай мен газ қорлары және дүниежүзі мен аймақтық нарықтағы полимер өнімдеріне күннен-күнге өсіп келе жатқан сұраныс көлемдері осыған дәлел болмақ.
2005 жылдың 18 наурыз күні Алматыда мұнай-химияны дамыту тақырыбында өткен I конференциясында қазақстандық ғалымдар тобы мен қатысты мекемелердің өкілдері осы саланы дамыту мәселелерін терең талқылаған болатын. Ірі мұнай өндіруші елдердің қатарындағы Қазақстанның көмірсутегі шикізат өнімдерін әрмен қарай мұнай-химия өндірісінде өңдеуден өткізуге талпыну өте орынды. Қазақстан өкіметі құлдыраған кәсіпорындарды қалпына келтіріп, жаңадан өндіріс көздерін құруға үміт артып отыр. Бұл энергетика және минералды ресурстар дайындаған 2015 жылға дейінгі мұнай-химия және химия салаларын өркендету бағдарламасында қомақты орын алды.
Совет өкіметі заманында мұнай-химия өнеркәсібі жалпы одақтық өндіріс шеңберінің бір бөлігі ретінде салынып, басым көпшілігі негізінде ресейлік шикізаттарды өңдеп, дайын өнімдері бүкіл Совет елінің сұраныс нарығына бағытталған болатын. Кейіннен, экономикалық және өндірістік қарым – қатынастардың үзілу салдарынан, қазақстандық мұнай-химия кәсіпорындары шикізат тапшылығы мәселесіне тіреліп, басым көпшілігінің 60 %-дан аса өндіріс қуаттары тозу – қажалуға жетіп, өндірісін тоқтатуға мәжбүр болды.
«Nexant Ltd» атты консалтингілік компаниясының бағалауынша, Қазақстанның мұнай-химия саласын құрудың бас жоспарын 15 жылда іске асыру үшін 7 млрд доллар қаржы қажет. Осыншама ұзақ мерзімді және қомақты қаржының қажеттігі, елде жаңадан оншақты химия кешендерін салып, оларды алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықтаумен қатар, совет заманынан қалған іске асатын зауыттарды қайта қалпына келтіру. «Nexant LTD» сарапшылары қосымша қаржылардың қажет болу мүмкіндігін болжап отыр.
Мұнай мен газды терең өңдеуді қолға алмайынша, мұнай-химия шикізат қорын қалыптастыру мүмкін емес. Қазіргі кезде еліміздегі мұнай-химия өнімдерін тұтынудың басым бөлігі сырттан келетін импорт арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша химия өнімдерінің импорт айналымы 500 млн доллардан асады, оның жартысынан көбі мұнай өнімдері.
Осы келеңсіз жағдайды түзету мақсатында, үкімет 2004-2010 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасының мұнай-химия өндірісін дамыту бағдарламасын дайындады. 2005 жылы Ақтаудағы полистирол өндіретін «SAT Operating Aktau» зауытын қайта іске қосылуы бағдарламаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Кәсіпорынды «SAT&Company» және «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ иелігіндегі «ATOLL» АҚ басқарып отыр. «SAT Operating Aktau» - стиролды синтездеу мен өндіру бойынша ТМД кеңістігіндегі ірі кешендерінің бірі болып табылады. Шикізат- стиролмен қамтамасыз етіп отырған «Нижнекамскнефтехим» ресейлік компаниясы. Алайда, сырттан келетін шикізаттың бағасы, оның сапасы зауыт шығаратын полистиролдың құны мен нарықтағы бәсекелестік қабілетіне тікелей өсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты, 21 сәуірде «ҚазМұнайГаз» қарамағындағы Атыраудағы мұнай өндіру зауытында (АНПЗ) бензол шығаратын қондырғы жобасының жапондық «Марубени» компаниясы дайындаған техникалық-экономикалық негіздемесінің таныстыру рәсімі өтті. Бензол салада кең пайдалынылатын қасиеттерімен қатар, қазір аса қажетті стирол шығаратын шикізат, сондықтан жобаның тез арада іске асырылуы күтілуде.


Категория: Химия | Добавил: Chyvak | Теги: химия, кешені, Мұнай-химия
Просмотров: 2926 | Загрузок: 996 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]