Главная » Файлы » Рефераты » Химия



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мұнай өндірісі
[ Скачать с сервера (61.9Kb) ] Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 21.02.2016, 19:49

Мазмұны

1. Кіріспе.
2. Мұнайдың шығу тарихы мен элементтік құрамы.
3. Қазақстан Республикасындағы мұнай өндірісі.
4. ҚР мұнай – газ кен орындары.
5. Мұнай өндіру процесі.
6. Қорытынды.
7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


Мұнай - көмір сутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Қазір «Қара алтын» деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болды. Мұнайдың, ал ертеректе оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады… Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі…», – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.
Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен, этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық – жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды.Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді.
Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.
Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттерік өміртектермен қатар мұнай құрамында тағы басқа заттар да бар. Мырышы бар — H2S, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады); азотты заттар – негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары; қышқылды заттар – нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т.б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін). Элементтік құрамы (%): С – 82-87, Н – 11-14.5, S – 0.01-6 (сирек – 8-ге дейін), N — 0,001—1,8, O — 0,005—0,35 (сирек – 1.2-ге дейін) және т.б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса V(10-5 — 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін) т.с.с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиетттерге ие.
Пайдасы.
Мұнай дүниежүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук,синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.

Қазақстан Республикасы ежелгі мұнай өндіретін мемлкеттердің бірі болып табылады. Мұнай өндіріс тәсілімен шамамен 100 жыл бойы өндіріліп келеді. Мұнай мен газды игеру көлемі бойынша Атырау және Маңқыстау облыстары алғашқы орында, осыған байланысты облыс аймағында қазіргі ірі компаниялар құрылды.
Қолда бар геолого-геофизикалық мәліметтер мұнайгеологиялық аудандастыруды жүргізуге және Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі мұнайгаз потенциалын бағалауға мүмкіндік береді. Ірі, ұлттық «МұнайГаз» компаниясының болжамы бойынша 2010 жылға қарай Қазақстан 102 млн т мұнай өндіреді делінген. Мұнай өндіру көлемінің жоғарлауы және Каспий ауданына 7 млн қоры бар Шығыс Қашаған кен орнының кіріктірілуімұнай өндіру перспективасын қарқынды дамытуда.
2010 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіруді 3-4 есе өсуруді жоспарлауда. Қазіргі уақыттағы мұнай өндірудің жылдық көлемі 25-30 млн т құрайды. Бұл төменгі көрсеткіш болып саналады.
Көптеген кен орындары ұзақ уақыт қолдануда, содықтан олар аздебетті саналады. Мысалы, Маңғыстау облысының түелдей дерлік барлық мұнайы «Жетыбай», «Қаражанбас», «Қаламқас» және «Өзен» сияқты ірі кен орындары елде өндірілетін көмірсутек шикізаттың 1/3-ін өндіреді, қиын өндірілетін мұнай категорияларына жататын 60% қалдықты мұнай қоры бар, дегенмен «Өзен» және «Жетібай» қорлардың түгелдей дерлік өндірілуімен, «Қаламқас» және «Қаражанбас» 30% және 9% өндірілуімен сипатталады.
Сонымен, қазіргі уақытта мұнайдың экоөнімді қорын қарқынды өндіруде, ал ол өз кезегінде қордың қиын өндірілуіне әкеледі, бірақ көмірсутекті өндіру өсуде. 2010 жылы 100 млн т нүктесіне жету болжанды. Көпшіліктің пікірі 2010-2015 жж. қарай Қазақстанның ірі үш кен орындары — «Теңіз», «Қарашығанақ» және «Қашағаннан» мұнай өндіру тәулігіне 9 млн баррелге жетеді деген оймен келіседі. Құрамында парафин және меркаптанның көп болуы, қазақстандық мұнайды тасымалдауға, сақтауға және өңдеуге тиімсіз, себебі қосымша шығынды талап ететін оның коррозияға түсу қасиеті жоғары, қоршаған ортаға кері әсерінің болуымен сипатталады.
Қазақстанның мұнайгазды кешенінің дамуы энергетикалық шикізаттың сыртқы нарыққа шығару мәселелерімен тығыз байланысты, сосың салдарынан транспортты фактор аса маңызды мәселеге айналып отыр. Қазіргі уақытта шамамен мұнайдың 80% -ы Қазақстаннан мұнай құбырлары арқылы эксплуатацияланады, 12% темір жолдармен және 7% су көлігімен тасымалдау үлеісне тиесілі.
Республикада мұнай өндірудің қазіргі деңгейі бектілген бар қордың көлемінен шамамен 1% -ын құрайды және бұл ағынға қазіргі уақытта бар құбырлардың қызмет көрсетуі жеткілікті. Экспорттық баға бойынша қазіргі уақытта қалыптасқан құбыр жолдар желісі мұнайдың жалпы өндіру көлемнінің 70-80 млн т-дағы республиканың экспоттық қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта мұнайды экспорттау көлемі бар мұнай құбыр жолдардың тасымалдау мүмкіндігінің артуымен жыл сайын өсу үстінде. Он жылдық соңына қарай Каспий қайраңының қазақстандық бөлігіндегі кен орындарының меңгеруімен байланысты жағдай радикальды өзгеруі мүмкін: әртүрлі бағалар бойынша 2010 жылға қарай Қазақстанна мұнайды экспорттау қазіргі деңгейінен 6-10 есе өсуі мүмкін ол жылына 10-150 млн т –ға жетеді. Сонымен, республикаға тағы да ірі мұнай құбыр жолы қажет болады.
Қазіргі уақытта әртүрлі елдердің эксперттері экспортты құбыр жолдарының нұсқаларын қарастыруда:
Ресей аумағы арқылы энерго жабдықтаушыларды тасымалдау;
Жерорта теңізінен Синьцзян қытай провинциясына дейінгі доғаны қосатын тасымалдау бағыты;
Қазақстандық экспорттау жолы. Ұсынылған экспортты құбыр жолдардың жобалары ішінен «Каспийдің Құбыржол Консорциумы» (КТК) практика жүзінде іске асқан. Құбыр жол жүк тасымалдаушыларды тартады, тарифымен бәсекеге қабілетті және сапа банкінің бар болуымен сипатталады. Оның алғашқы өтімділік қабілеті 28,2 млн т/жылына тең. 2002 жылдың 8 ай ішінде КТК жүйесі бойынша 7,1 млн т ган көмірсутек шикізаты тасымалданды.оның негізгі бөлігі СП «Тенгизшевройлдың» мұнайы құрайды.
КТК жүйесіне басқада кен орындарының мұнайын қосу үшін НК «Қазмұнайгаз» республиканың ішілік құбыр жолдар жүйесін дамыту жобаларын қаржыландыру жобаларын іске асыруды жоспарлауда. Атырау қ. ауданындағы құрылыс қосқыш құрылғылар Атырау және Маңғыстау облыстарындағы кен орныдарындағы мұнайды КТК-ға бағыттауға мүмкіндік береді.
Жыл ішінде 10 млн т мұнай өткізетін Кенқияқ-Атырау құбыр жолының құрылысы басталды. Сонымен қатар, «Әлібекмола» және «Кенкияк», Кроме того, планируется прокладка 46-километрового участка трубы между месторождениями «Алибекмола» и «Кенқияқ» кен орындарының аралығында 46 км-лік құбыр тарту жоспарлануда, ал ол өз кезегінде КТК және Атырау – Самара мұнай құбырларының ресурстық потенциалын айтарлықтай өсреді.
Сонымен, ортатәуліктік песрспективада (2006 ж. дейін) КТК бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 32 млн т жетеді, олардың 22 млн т ТШО-ның мұнайы, 7 млн т – «Қарашығанақ» үлесін және 3 млн т «Кенқияқ» және «Әлібекмола» құрайды.
КТК-мен шектеліп қалмай, Қазақстан Ресеймен басқа да жобалармен қарым қатынас кеңейтуде, соның ішінде Атырау—Самара мұнай құбырларын қуаттылығын 15 млн т-ға дейін өсіру. 2006 жылға қарай мұнай құбырының өтімділік қабілетін 25 млн т-ға өсіру жоспарлануда. Атырау – Самара маршрутына қосымша қызығушылықты 2001 ж желтоқсандағы эксплуатацияға қуаттылығы жылына 12 млн т алғаш Балтық құбыржолы жүйесі берілгендігі туғызады.
БТС-ң экплуатация сызбасы бойынша қазақстандық мұнайды Атырау – Самара жәнеБатыс – сібір мұнайы аралас болуы мүмкін Сургут – Полоцк мұнай құбырынан Самара – Альметевск – Приморск маршруты арқылы қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Приморскіде мұнай өңдеу тереңдігі 95% және қуаттылығы жылына 6 млн т экспортты-бағытталған МӨЗ-ның құрылысын салу туралы шешім қабылданды.
Перспективті жобалар. Ресейлік – каспийлік мұнайды барлық бағытқа тасымалдау ішінен істе тұрғандарының бірден-бірі болып саналады. Бірақ болшақта экспорттық инфрақұрылымды дамыту міндеттілігін ескере отырып, қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан – Қытай» және «Қытай – Түркменстан – Ауғанстан – Пәкістан» мұнай құбырлаы, Иран бағытындағы және «Баку – Тбилиси – Джейхан», мұнай құбырлары, украиндық маршрут «Одесса – Броды» және грек-болгарлық «Бургас —Александропулис» және т.б жобаларды түрлендіру мақсаты қарастырылуда.
Батыс Қазақстан – Қытай маршруты. Қазақстанна Қытайға бағытталған мұнай құбырларының идеясы ақтөбе және Өзен мұнай өндіріс орнын приватизациялаған Қытай ұлттық мұнай газ корпорациясының қатысуымен байланысты шықты. ТЭО жобасына сай трасса ұзындығы 3 мың км-ден асады, соның ішінде 2,4 мың км-ы Қытай шекарасына дейн созылған, өндірудің минимальды көлемі жылына 20 млн т, 3 млрд долларға бағаланды. Батыс Қазақстан – Қытай маршруты Атырау — Кенқияқ — Құмкөл — Атасу – Дружба маршруттары бойынша мұнай құбырларының құрылысын салуды жоспарлауда және каспийлік мұнайды Қытай және Азия-тынық мұхит елдеріне шығаруға мүмкіндік береді. Қытайлық нұсқаны іске асыру этап түрінде өтуде: Құмкөл – Қарақойын мұнай құбыры қызмет етуде, Кенқияқ – Атырау құбыр жолы құрылып жатыр. Құмкөл – Арал –Кенқи мұнай құбыры оның жалғасы болып табылады. Кенқияқ – Атырау құбыр жолы мұнай өндіру компанияларына Атырау – Самара және КТК құбыр жолдарына тікелей қосылуға мүмкіндік береді. Капий және Қара теңіздерге дейін транспорт шығындарын төмендету. Батыс және Орталық Қазақстандағы мұнайдың едәуір көлемін өндіру арқылы талап етілген көлемге жетуге болады.
Қазақстан – Түркменстан – Ауғанстан – Пәкістан мұнай құбыры. Бұл мұнай құбыр жолы жобаға сай, Чарджоу қаласынан бастау алады, содан кейін Ауғанстан және Пәкістан аумағы арқылы Аравия шығанағына шығады. Қазақстандық мұнай Чарджоуға 25 млн т өтімділік қабілеті бар, Омск — Павлодар — Шымкент — Чарджоу мұнай құбырларының желісі арқылы келуі тиіс.
Иран бағыты. Иран жобасы Франция компаниясымен қазақстандық шикі мұнайды Теңіз және Жаңа Өзен аудандарынан Иранға тасымалдау үшін ұсынылды және сонымен қатар жақын жердегі түркмендік шикі мұнайды кен орынанан тасымалдау үшін құрастырылды. Омск — Павлодар — Шымкент — Чарджоу модернизациялау үшін, ол бойынша Сейди қаласының МӨЗ-на мұнай өңдеу заууытына транзитті жаңарту, Түркменстан – Иран ауданын құру, Ислам Республикасы Иран нарығына кейнгі уақыттада мұнайды тасымалдауды іске асыру мәселелері қарастырылады.
Қазақстан-Түркменстан-Иран мұнай құбыр жобасы. Қазақстан—Түркменстан—Иран трассасының экономикалық мақсаттары қызықтырады. Оның өтімділік қабілетіжылына 1,5 – 2 млрд долларға бағаланды және ол Парсы шығанағына терминалына қазақстандық мұнайды тасымалдаудың ең қысқа қашықтығы болып табылады. Сонымен қатар Иранға экспортталатын мұнайдың соңғы бағасы барреліне 12-15 доллардан аспайды. Алдағы уақытта түсу мүмкіндігі бар болғандықтан әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып саналады. Қазақстанна Иранның солтүстігіне экспорттайтын мұнайдың көлемі 25 млн т құрауы мүмкін. Қолданыстағы құбыр жолдарын пайдалану арқылы және біртіндеп қуатын арттыру арқылы көлік инфрақұрылымын қолдану арқылы 2-3 этапта іске асуы мүмкін. Біріншіде мұнайды танкермен Ақтаудан Иранның каспийлік айлақтарына тасымалдау нәтижесінде, ол солтүстік Иранның МӨЗ-на жеткізіледі. Иранның 4 МӨЗ-ныың қуаттылығының жалпы қосындысы 810 мың баррельді құрайды және жылына 50 млн т мұнайды өңдеу мүмкіндігін береді. Өзен – Тегеран құбыр жолы салынған соң. Мұнай Иранның астанасына дейін жету мүмкін және жергілікті МӨЗ –да қолдану мүмкін, ал оның орнына Қазақстан Парсы шығанағындағы мұнайды сол бағамен алады.
Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры. Ұзындығы1760 км құбыр жолы Каспий теңізіндегі кен орнын Түркияның айлақтарымен байланысты отырып, АҚШ-қа энергия ұстаушы көздерді дмверсифицирлеуге және Парсы шығанағы мемлекеттерінің мұнайды импорттауға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өзінің саяси және экономикалық ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді. Жоба 40-50 жыл ішінде 45-50 млн т жылына тасымалданатын кезде рентабельді. Аналитиктердің көзқарасы бойынша Ақтау – Иран маршруты салыстырмалы түрде қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа шығарудың жолы болып табылады. Тасымалдау потенциалы едәуір үлкен Қазақстан Иранның солтүстігіне мұнайды экспорттау көлемі 25 млн т жету мүмкін. Теңіз арқылы тасымалдау мүмкіндігі қазақстанық мұнайды Азербайжандық мұнай құбыр желісіне қосу арқылы уске асады. Танкермен тасымалдау көлік инфрақұрылымының сатлы кен орынын болжайтын жеңіл жолы, сонымен қатар капитал құюды талап етпейді және өндіру көлемі кіші болганда, оны іске асыруға болады.
Мұнай-газ кендері.
Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.
Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.
Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды облысының қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.
Мұнай өндірудегі әлемдегі 55 елдің ішінде Қазақстан әлемде дәлелдеген қоры бойынша 12-ші орынға ие. Өндірілетін мұнай көлемі ТМД-да өндірілетін барлық мұнайдың 17 бөлігін қамтиды. ҚР көмірсутектің стратегиялық қоры бар мемлекеттер қатарына кіреді, сонымен қатар әлемдік энергоресурс нарығының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді. Қазақстандық эксперттердің болжамы бойынша жалпы көмірсутек шиказатының барланған қорын келесідей сипаттайды:Өндірістік категориядағы мұнайдың бастапқы және қалдықты қоры 2 млрд. т аса, оның ішінде 70 мұнай кен орны пайдалану үстінде. Мұнай қорының шамамен 90%–ы 12 кен орнындағы тұз асты шөгінділерінде анықталған, ал олардың үшеуінде(«Теңіз», «Карашығанақ», «Жаңажол») қор мөлшері 100 млн т аса.
Өндірістік категориядағы еркін газ қоры 2 млрд м3 жететін газды, газ конденсатты, мұнай газды кен орындары 70 тен аса тебылған. Қолданыста шамамен 30 кен орны, ал оларға 86% бастапқы 85% қалдықты өндірістік категориядағы газ қорлары байланысты.
Өндірістік категория бойынша кондесат қорларын өндіру 694,8 млн т құрайды және 30 кен орнында шоғырланған. Бірақ тек 15 кен орнында ғана өндіріледі. Негізгі конденсат қорлары мен өндіру көлемі республикадағы барлық конденсат қорының 91%-ы шоғырланған «Карашығанақ» кен орнында тіркелген(866,9 млн т). Қалған кен орындарында, «Оңтүстік Жетіба», «Теңге» және «Ракушечникті» ескермегенде, Маңғыстау облысында конденсат қоры 0,2-0,3 млн т-дан аспайды.
Мұнайдың барланған қорлары 6 млрд т-дан (құрлықта) аса бағаланған, оның ішінде мемлекет қорланың жартысынан астам бөлігі елдің Батыс бөлігінде шоғырланған (24 таблица). Мұнайдың айтарлықтай перспикитивті ресурсымен қамтылған Каспий теңізі секторы саналады. «Теңіз», «Астрахан», Бұзащы түбегі және т.б. айтарлықтай ірі кен орындары дәлел бола алады. «Қашаған» кен орынынң ашылуын ескере отырып, қазақстандық зерттеушілердің бағалауы бойынша мұнайдың барланған қоры шамамен 7 млрд т құрайды, 13 млрд т бағаланған мұнайдың барлық қоры Қазақстанды үлкен ондықтағы мұнай державаларының қатарына қосуы мүмкін.
Республкадағы табиғи газдың барланған қоры 5,9 млрд м3. Ресурстардың айтарлықтай қоры Батыс қазақстанда орналасқан, соның ішінде Ақтөбе (шамамен табиғи газдың 40%-ы), Батыс Қазқстан (шамамен 16%), Атырау (шамамен 14%) және Қызылорда (шамамен 10%) облыстарында шшоғырланған. Елдің қалған территорияларында немесе аумағында газдың барланған ресурсы шамамен 20%-ы орналасқан, оның ішінде жеке облыс үлесі 3%-дан аспайды.
Республикадағы конденсаттың барланған қоры 1 438 млн т. бағаланған. Конденсат ресурсының айтарлықтай бөлігі Каспий теңізі секторында шоғырланған, негізінен Батыс Қазақстан(46%) және Ақтөбе(45%) облыстарында. ҚР перспективті мұнай-газды орындарының ауданы 1 млн 700 мың км2-қа тең, ал бұл Қазақстан барлық территориясының 62%-ын құрайды. Қазіргі уақытта 150-ден аса мұнай және газ кен орындары ашылған.

2. Көмірсутекті шикізат кен орнын жүйелі қарастыру мақсатында келесідей 3 бағытты көрсетуге болады:
1. Отандық экономика үшін маңыздылық деңгейі бойынша.
2. Мұнай-газды геологиялық аудандастыру үлгісін қабылдау бойынша.
3. Әкімшілік-аумақтық орналасуын ескеру бойынша.

Бірінші бағыт. Көмірсутекті кен орындарының маңыздылық деңгейібойынша экономика даму үшін кен орындарының үш тобын бөліп көрсету дұрыс:
Бірінші топ.
Зерттелген ресурстардың негізгі бөлігі жаңа кен орындарына сәйкес келеді. Олардың ішінде жартысына жуығы бір-біріне айтарлықтайжақын оранласқан «Теңіз», «Королевск» және «Карашығанақ» кен орныдарына тиесілі. Қазақстандық эксперттердің бағалауы бойынша берілген кен орынларындағы көмірсутекті шикізат қорының жалпы қосындысы:
— мұнай қоры бойынша «Теңізде» 3 млрд т аса, газ — 1 800 млрд3 м аса;
— «Королевск» кен орнындағы мұнай қоры – 20 млн т аса;
— «Карашығанақтағы» қалдықты мұнай қоры — 190 млн т аса, газ — 1,3 трлн3 м аса, конденсат — 600 млн т аса.
Екінші топ.
Берілген топты Каспий теңізі қайраңында орналасқан кен орындары құрайды. Олар жеткілікті зерттелмеген, бірақ 2 млрд т мұнай және 2 трлн. м3 газ қорлары бар геологиялық құрылымы көрініс табады. Басқа да бағалар бойынша қазақстанық қайрандағы мұнай қоры 25 млрд т-ға жетеді. Бұл кен орындар Қазақстанның болашақ байлығы. Олар барлауға инвестицияны талап етеді, бірақ қазіргі уақытта шетел инвесторларының алдында екінші топтағы кен орындарының ресурстық потенциал ретінде бағалығын көтеріп, экономика үшін жұмыс жасайды.
Үшінші топ.
Берілген топқа күшті өңделген («Өзен», «Жетібай», «Каламқас», өндіру деңгейі 48%, 35% және 31% құрайды), сонымен қатар сарқылуға жақын Ембі ауданының кіші кен орындары жатады. Кен орындарының бұл тобы өндірудің аз емес бөлігін қамтамасыз етеді, бұл салада ұлттық кадрлердің айтарлықтай бөлігі жұмыс жасайды.
Екінші бағыт – «мұнай-газды геологиялық аудандастыру»қазақстандағы мұнай өндірудің негізгі төрт ауданның сипаттамасын қосатын ғылыми бағыттың бірі болып табылады:
1) Каспий маңы мұнай-газды ауданы.
Белгілі Каспий маңы мұнай-газды ауданы республиканың халық шаруашылығына қатысты ірі кен орындар қатарын қосып алады. Оларға «Теңіз», «Қарашығанақ», «Қаражанбас», «Кенбай», «Доссор», «Құлссары», «Қаламқас» тәрізді 130-дан артық кен орындары жатады. Негізгі кен орындар мұнайлы (жалпы санның 59%) және газды-мұнайлы (14,9%), ал қалғандары – мұнайгазконденсатты және газды аудандарға жатады.
2)Турин мұнай-газды ауданы.
Региональды аспектідегі мұнай өндірудің негізгі ауданы – Маңығыстау, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Осы аудандағы кен орындарының жалпы саны мұнай өндіру бойынша 20 ионнан аса, соның ішінде мұнайлы (жалпы мөлшердің 35%-ы) және газды (15%), қалған бөлігін газдымұнайлы және газды конденсатты құрайды. Перспективті өндірудегі жоспар бойынша газдымұнайлы кен орны «Құмкөл» ерекше көзге түседі. Жалпы бұл ауданның кен орны өндіріске өндірілуімен сипатталады. В целом месторождения этого района характеризуются как промышленно разрабатываемые, с преобладанием смешанного типа геологических
3)Маңғыстау мұнай-газды ауданы.
Берілген мұнай-газды провинцияның көптеген кен орындары, негізінен Маңғыстау обылысында орналасқан. Айтарлықтай мұнай қоры және газды конденсатқа бай, ең ірі кен орындары — «Өзен», «Жетібай» және «Теңге». Қазақстанның басқа да мұнай-газды провинцияларымен салыстырғанда, жалпы кен орындарының (42) ішінде газ өндіру аудандарының(жалпы санның немесе мөлгердің 45%-ы), басым болуымен ерекшеленеді. Мұнай кен орны жалпы өндіру мөлшерінің 38%-ын қамтиды.бұл ауданда өндірілеттін газ салыстырмалы түрде газсіңіргіштігінің (50-ден жоғары) жоғары коэффициентімен сипатталады. Бұл геологиялық жыныстар құрылымының ыңғайлылығын айтады, ал ол өз кезегінде өндіру кезінде шығынның біршама төмен болуыны ықпал етеді.
4)Шу-Сарысу ойпатын қоса алғандағы, Орталық-Қазақстандық газ-гелилі ауданы.
Берілген мұнай өндіру ауданы қолданыстағы кен орындарын қамтығанда үлкен емес аумақты алып жатыр. Бұл жерде мұнай мен газдың шамамен тоғыз қабатты қыртысы есептелген. Кен орындарының негізгі орналасқан облыстары – Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы. Олрадың арасында газды кен орындары жалпы мөлшердің 89%-ын, газконденсатты – 11%-ын құрайды. Геологиялық-геофизикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша бұл ауданда бірде-бір мұнай кен орны анықталмаған, бұл берілген аудандағы шөгінді қабаттың геологиялық құрылымымен түсіндіріледі.
Үшінші бағыт – республикадағы көмірсутекті кен орныдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы мұнай-газды өндірістің дамуыныдағы әр облыстың маңыздылық деңгейін анықтауға көмектеседі.
Қазіргі уақытта өндіріс категориясындағы мұнай қорын өндіру республиканың сегіз облысында – Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан шоғырланған.
Мұнай және газдың облыс бойынша таралуы туралы мәліметтерді талдай отырып, республика аумағы бойынша көмірсутекті шикізат қорының әркелкі таралуын сипаттайды. Мұнай және газ кен орындарының көп бөлігі 100 млн т аса қоры Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде, негізінен Атырау , Маңғыстау , Ақтөбе ,
Мұнай және газдың 100 млн т-дан аса қоры Каспий теңізінің (шамамен 85%), қазақастандық бөлігінде, негізінен Атырау (38%), Маңғыстау (28,8%), Ақтөбе (10,7%) және Батыс Қазақстан (7,5%) облыстарында шоғырланған. Қызылорда – 7,5%, Жамбыл – 4%, Қарағанды – 2,0%, ОҚО – 1,5%
Сонымен кен орындарының пайдалану саны бойынша барланған өндірістік қорладың мөлшері және негізгі перспективалы? Болжанған ресурсты аудан ретінде қазіргі уақытта Батыс Қазақстан обылсы саналады.
Облыс бойынша көмірсутекті шикізат қорының мөлшері:
Ақтөбе облысы -10
Атырау облысы -45
Батыс Қазақстан облысы-5
Қызылорда -4
Қарағанды -1
Маңғыстау облысы -27
Жамбыл облысы -4
ОҚО — 2
Республиканың едәуір ірі кен орындарында барлық қордың 87,8% және мұнай өндірудің 85,9%-ы шоғырланған. Соның ішінде ерекше танылған – Атырау обылысындағы Теңіз мұнай-газды және Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орны.
Қордың құрылымында өндірістік меңгеру деңгейі бойынша көп бөлігі Каспий маңы ауданына қатысты өндірістік меңгеруге дайындалған кен орындар қоры басым. Мұнай және газ қорларының географиялық орналасуында алдынғы орынды Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан обылысы алады. Бұл облыстарда республиканың көмірсутекті шикізаттың шамамен 95% өндірілетін мұнай және газдың (90% аса) едәуір қоры бар кен орындарының көп бөлігі шоғырланған.
Қазақстанның қалған аумағындағы мұнай және газдың қоры:
— республиканың ірі кен орындарының бірі Қарағанды облысында;
— «Құмкөл» (қалдықты өндірілетін қорын қосқанда 87,7 млн т);
— Қызылорда облысында шамамен 9 кен орны бар, қор мөлшерінің қосындысы 38 мнл т аса, соның ішінде 8 кен орны ұсақ болып табылады;
— Жамбыл және ОҚО-да негізінен ұсақ кен орындары орналасқан, қор мөлшерінің қосындысы республикада өндірілетін барлық қордың 5%-ын құрайды.
Теңіз мұнайгаз, Қарашығанақ мұнайгазконденсатты, Өзен газмұнайлы, Жанажол мұнайгаз, Жетібай мұнайгаз конденсатты, Қаражнбас газмұнайлы, Қаламқас және Құмкөл мұнайлы аса ірі кен орныдары болып табылады.
3. Негізгі кен орындарына қысқаша сипаттама.
Теңіз кен орны. Атырау облысының Ембі ауданында орналақан. 1974 ж құрылым анықталып дайындалды. Барлау жұмыстары 1976 ж. Ал кен орынының ашылуы 1979 ж болды. Жыл өткесін қолданбалы бұрғылау жұмысы жүргізіле бастады. Кен орны әлемдегі ірі кен орындарының бірі ретінде саналады. «Тенгизшевройл» мәліметтеріне сай Теңізден өндірілетін қор 0,75 – 1,125 млрд т мұнай мөлшерімен бағаланды. Мұнайдың геологиялық қорының болжанған көлемі 3,133 млрд т (25 млрд баррел) бағаланады. Теңіз кен орынының ауданы 565 км2. жоғарғы мұнайлы коллектор 4000 –4700 м тереңдікте, төменгі — 4700 –5400 м тереңдікте орналасқан. Мұнайдың негізгі көзі палеозойдың тұз асты шөгінділері, карбонатты қабаттар саналады. Қабаттардағы мұнай тығыздығы 46 градус.
Қарашығанақ кен орны. Батыс Қаазқстан облысының Бөрлуі ауданында орналасқан. Кен орны 1979 ж ашылды. Қазақстандық эксперттердің бағалауы бойынша кен орнында 1 млрд 200 млн т-дан аса мұнай және газконденсат, сонымен қоса 1трлн 50 млрд м3 газ шоғырланған. 40 жыл ішінде ол жерден жалпы 292 млн т сұйық көмірсутек және 856 млдр м3 газ өндірілетінін болжады. Ресейлік эксперттері 820т мұнай және конденсатты, 1,3 млрд м3 газды бағалады.
Өзен кен орны. Өзен кен орны Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінен шығысқа қарай50 км жерде орналасқан, 1965 ж қолданысқа түсти. 32 жыл ішінде кен орынынан 260 млн т аса мұнай өндірілді. Өндірудің максимальды деңгейіне 1975 ж жетті, ол кезде жылына 16 млн т мұнай өндірілген болатын. 1976-1980 жж аралығында өндіру көлемі қарқынды түрде төмендеді – 9 млн т-ға дейін. Жалпы Өзен кен орынының геологиялық қоры 1 млрд т, ал өндірілетін шамамен 480 млн т құрайды. Қазіргі уақытта өндіру деңгейі оның сарқылуы салдарынан төмендеді. Қалған мұнай қоры қиын өндірілетін категорияға жатады.
Жаңажол кен орны. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында орналасқан. Мұнайдың 96 млн т, шамамен 100 млрд м3 газдың қоры бар ірі кен орындарының бірі саналады.
Жетыбай кен орны. Маңғыстау облысында орналасқан. Құрылым 1952-1956 жж. аралығындағы аудандық геолого-геофизикалық жұмыстар кезінде анықталды. Алғашқы бұрғылау 1959 ж басталды. Кен орны 1961 ж ашылды. Мұнай қоры — 70 млн т, газ шамамен — 170 млрд м3, ал конденсат шамамен 0,3 млн т. өндірілетін мұнай ауыр өндірілетіндер қатары саналады, себебі құрамында парафин мөлшері көп (шамамен 25%).
«Қаражанбас» кен орны. Маңғыстау облысында орналасқан.құрылым сейсмо зерттеу және құрылымдық бұрғылаумен анықталды. Бұрғылау жұмытары 1974 ж басталды және осы жылы ашылды.
«Қаламқас» кен орны. Маңғыстау облысында орналасқан. Қүрылым сейсмо зерттеу жұмыстарымен 1974 ж анықталды. 1976 ж кен орны ашылды. Мұнай қоры — 100 млн т, газ — 20 млрд м3 аса.
«Құмкөл» кен орны. Қарағанды облысының Жезді ауданында орналасқан. Көмірсутекті шикізат кен орнының қоры мұнай бойынша 80 млн т, газ бойынша 1,7 млрд м3 құрайды. Кен орны «Харрикейн Құмкөл мұнай» компаниясымен өндіріледі. Кен өндіру 180 эксплуатациаланған ұңғымаларда іске асырылады.
Мұнай өндіру процесі.
Мұнай өндіруді қарқындыландыру әдістері - мұнай өндірудің өсімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін шаралар. Бұлар төмендегі іс-қарекеттер нәтижесінде жүзеге асады: а) Мұнайды динамикалық тұрғыдан ығыстырып шығару ("поршендік әсер" жасақтау); ә) қойнауқаттық флюидтің физикалық-химиялық қасиеттеріне әсер ету; б) койнауқаттың физикалық қасиеттеріне әсер ету. Мұнайды ығыстырып шығару қойнауқатқа су айдау (қойнауқатты сумен тоғыту) арқылы жүзеге асырылады ("Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту" мақаласын қараңыз). Мұнайды ығыстырып шығару кейде қойнауқатқа газ айдау арқылы да жүзеге асырылады (табиғи газды немесе ауаны). Қойнаукттың өтімділігі жоғары болған жағдайда және оның еңістену бұрышы 10°-тан жоғары болғанда газ қойнауқаттың көтерілген бөлігіне айдалса, жынауыштың өтімділігі нашар және еңістену бұрышы 10°-тан төмен болған жағдайда газ қойнауқаттың бүкіл ауданына айдалатын болады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 5-25 % аралығында артады. Қойнауқаттық жағдайдағы Мұнайға әсер ету оның түтқырлығы мен беткейлік тартылысын азайтуға, фазалық өтімділігін өсіруге бағытталады. Бұл үшін қойнауқатқа беткейлік белсенділігі күшті заттар, яғни карбондалған су немесе көмірқышқыл, жоғары қысымдағы құрғақ және метанды газ, қоңды және сүйытылған газ (бұл Мұнайдың газ әсерінен еруін қамтамасыз етеді),мицеллярлық ерітінділер (Мұнайлық сульфонат, полимерлер), органикалық еріткіштер (ауыр спирттер, газды бензин) т.б. айдалады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 50-70 %-ға дейін өседі. Қойнауқатқа бу және ыстық су айдау Мұнай өнімділігін 15-25 %-ға арттырады. Сол сияқты, қойнауқат өңірінде жану көздерін қалыптастыру әдісі де қолданылады, мұның нәтижесінде, пайда болған газдың, будың т.б. көлемі күрт өсуге байланысты, Мұнайды ығыстырып шығару мұмкіндігі тіпті 75-90 %-ға шейін өсуі ықтимал. Қойнауқаттық судың физикалық-химиялық қасиеттеріне әр түрлі қоюлатқыштармен (сүйықшыны, шайырлар, полиакриамидтер т.б.), сулы-газды қоспалармен және көбіктермен әсер ету Мұнайдың сумен ығыстырылып шығарылу процесін түрақтандырады және Мұнаймен ілесе өндірілетін су мөлшерінің азаюын қамтамасыз етеді (судың фазалық өтімділігі азаюына байланысты). мұның нәтижесінде Мұнай өнімділігі 20 %-дай, тіпті одан да көбірек өсеіін болады. Қойнауқаттардың физикалықпараметрлерін сапаландыру шаралары оларға карбондалған суды, көмірқышқылды, сілтілерді, күкірт қышқылын айдау нәтижесінде немесе күшті-күшті жерастылықжарылыстарды үйымдастыру арқылы жүзеге асады. Соңғы жағдайда қойнауқат болмысында жаңа жарықтар пайда болады немесе ескі жарықгар мен жарықшақтар кеңейе түседі. Мұнай өндіру өнімділігін арттырудың бактериялық әдістері бар
Барлық қорлардың 73% және барлық өндірілген өнім көлемінің 68% ӨМГ-нің үлесіне тиеді. 2000-2005 жылдары қарқынды өсуден кейін қазіргі уақытта ӨМГ және ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді. Өндіру мен шығындарды оңтайландыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Мұнай беруді арттыру технологиясы қолданылады.
Компания қызметінің басымдықты бағыттарының бірі – барынша ұтымдылық пен шығыстарды қысқартудың есебінен тиімділікті арттыру. Бұған Компанияның бейіндік емес және қосалқы активтерін сатудың, озық технологияларды енгізудің және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келудің нәтижесінде қол жеткізілетін болады.
Мұнай өндірудің артуы
ҚМГ БӨ Қазақстанның батысында 41 кен орнын игереді (2007-2010 жылдары сатып алынғандарды есепке алмағанда). Компанияның маңызды міндеттерінің бірі мұнай өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен жаңа технологияларды пайдалана отырып негізгі кен орындарында өндіріс деңгейін ұстап тұру болып табылады.
1990-шы жылдардың бас кезі мен ортасындағы экономикалық қиындықтар мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі ҚМГ БӨ кен орындарында өндіру көлемдерінің едәуір бәсеңдеуіне әкеп соқтырды. Алайда, 90-шы жылдардың соңына қарай Компания бастапқыда өндірістің құлдырауын тоқтатты, ал одан кейін өндірудің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті. 1998-2006 жылдар аралығында мұнай өндіру көлемі 80%-ға артты. Мұнай өндірудің артуы жаңа ұңғымаларды бұрғылаумен, тұрып қалған ұңғымаларды іске қосумен және олардың өнімділігін арттырумен қамтамасыз етілді. Жүргізілген ұңғымаларды жөндеу және қабаттарды сумен сөгу сияқты қазіргі заманғы технологияларды қолдану маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде Компания барлық кен орындарында ол таяудағы жылдары ұстап тұруға ниеттеніп отырған өндірудің барынша жоғары деңгейіне шықты.

Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің біріне түсіп, газ бен мұнай ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен газды бөлу (сепарациялау) қос сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Кейбір ұңғымалардың өнімі сондай-ақ сынақ сепараторына жіберіледі. Осындай үнемі бақылау мұнайгаз ұңғымаларының өндірістік көрсеткіштерін өлшеу үшін және жұмыс қысымын анықтау үшін қажет. Осындай өлшемдер инженерлерге кеніштегі өндіру көлемін жақсартуға мүмкіндік береді.
Барлық қайта өңдеу кешендеріне өндірістік процесстерді басқаратын қазіргі заманғы жүйе орнатылған, ол операторларға жұмыс қондырғыларын қадағалауға, ҚӨҚ-ның басқа кешендерімен ақпарат алмасып отыруға, газдың таза ауаға кетуін және өрт бола қалған жағдайда бірден анықтау жүйелер жұмысы кіретін барлық процесстерді басқаруға мүмкіндік береді. Онда қандайма болмасын жағдайда тиімді іс-қимыл жасай алатын, апаттарды жоя алатын қызметкерлер және өрт стансалары бар.
Мұнайдан бөлінген соң, газ бірнеше технологиялық фазалардан өтеді. Бұл фазаларды жазбастан бұрын, газдың өзі жөнінде біраздап білгеніміз маңызды. Істің мәнісі мынада: бөлінгеннен кейін газдың физикалық жағдайы оны тікелей пайдалануға мүмкіндік бермейді, өйткені оның құрамында азғантай сұйықтар бар, мысалы мұнай мен су, сондай-ақ ластанғыш заттар, атап айтқанда токсикалық күкіртсутектері мен көмірқышқылы диоксиді, олар газдың алдын-ала тазартылмай пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мұндай газ қышқыл немесе күкірті бар деп аталады. Қышқыл газ кері сорылып, компрессорлар арқылы қысымның бірегей деңгейіне дейін келтіріледі, содан кейін ол тазартуға, сатуға немесе қайтадан жер қабатына айдауға мүмкін болады. Сонымен қатар, барлық өндірістік кешендерде буды қалпына келтіру компрессорлар жүйесі бар, факельдегі жанып жатқан газдың көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Атырау МӨЗ
Атырау мұнай өңдеу зауыты өзінің айбынды тарихымен, дәстүрлерімен және еңбектегі жетістіктерімен мұнай айдау саласындағы алғашқы қазақстандық кәсіпорны болып табылады.
Зауыттың құрылысы 1943 жылы соғыс уақытының ауыр жағдайларында басталып, 1945 жылдың қыркүйек айында ол пайдалануға енгізілген болатын.
Бүгінде Атырау МӨЗ елдің ежелгі мұнай өндіру аймағында орналасқан қазіргі заманға сай ірі кәсіпорын болып табылады.
Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанның батыс аймағы кен орындарының құрамында парафин мөлшері жоғары ауыр мұнайды өңдейді. Өткен жүзжылдықтағы 60-жылдардың ортасынан бастап 80-жылдардың ортасына дейінгі кезеңде мұнайды өңдеу жөніндегі барлық технологиялық құрылғылардың техникалық қайта жарақтандырылуы жүзеге асырылды, бұл зауыттың қуаттылығын жылына 4,3 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Атырау МӨЗ қайта құрудың негізгі мақсаты ескірген құрылғыларды ауыстыру, Еуропалық Одақтың (ЕО) ерекшеліктеріне сәйкес жоғары сапалы өнімді шығару жолымен қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту, қосылған құны жоғары ақшыл мұнай өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру болатын.
Осы міндеттердің орындалуы үшін бензинді гидротазалаудың, дизель отынын гидротазалау/депарафиндеудің, изомерлеудің, газдарды аминді тазалаудың, сутегін алудың, ағынды суларды биологиялық тазартудың және күкірт өндірудің жаңа қондырғылары салынған болатын.
2007 жылдың басында Еуростандартқа (құрамындағы күкірт 150 ррм-нен артық емес) сәйкес келетін бензиннің және Еуростандартқа (құрамындағы күкірт 50 ррм-ге дейін және минус 35 градуста қататын) сәйкес келетін дизель отынының бірінші партиясы шығарылған болатын. Этилденген, қоршаған ортаға зиянды бензин өндірісі тоқтатылды, нәтижесінде Аи-80 маркалы бензиннен Аи-93/96 маркалы бензинге дейін жақсартылды.
Қазіргі кезде Атырау МӨЗ дамыту аясында мынадай инвестициялық жобалар іске асырылуда:
1. «ЭЛОУ- АВТ қондырғысының вакум блогын қайта құру және баяу кокстау қондырғысы»
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2010 жыл.
2. «Хош иісті көмірсутегін өндіретін кешен салу».
Жобаның ТЭН және ЖСҚ әзірленіп, ҚР Мемлекеттік сараптамасы мақұлдады. ТЭН және ЖСҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің технология базасында орындалды. Құрылысқа арналып алаңдар дайындалды.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2013 жыл.
3. «Мұнайды терең өңдейтін кешен салу»
«Омскмұнайхимжоба» ААҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің технология базасында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.
Жобалардың мақсаты:
• теңгерімделген қуаттылықты жылына 5,0 млн. тоннаға дейін ұлғайту;
• 84%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;
• ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;
• шығарылатын өнімдер ассортиментін, оның ішінде бензол мен параксилолды ұлғайту;
• ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту.
Шымкент МӨЗ
Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 2000 жылы зауыттың Құмкөл тобы кен орындарының мұнайына ауыстырылуына байланысты дизельді отын мен керосинді гидротазалау секциясын қайта құру жүргізілді. Қазіргі кезде зауыттың белгіленген қуаттылығы жылына 5,25 млн. тоннаны құрайды.
Өңделетін мұнай – Құмкөл кен орындарынан 80% мұнай мен Батыс Сібір кен орындарынан 20% мұнайдың қоспасы.
Зауыттың өндірістік қуаты мынадай негізгі қондырғылардан тұрады: ЛК-6У құрама қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), мазут пен висбрекингті вакумді айыру қондырғысы.
Мұнай өңдеу тереңдігін және мотор отыны өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында 1998 жылы мазуттың қуаттылығы жылына 1,8 млн. тонна каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысы басталған болатын, бірақ қаржы тапшылығынан құрылыс тоқтап қалды. Аяқталмаған құрылыс объектілерінің 57 %-ға дейінін қайта құру үшін пайдалануға болады.
2007 жылғы 6 шілдеде «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-тегі (Шымкент МӨЗ) 50%-ын сатып алу және оны «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ-на беру бойынша мәміле жасалды.
2009 жылы «Honeywell-UOP» (АҚШ) компаниясының Шымкент МӨЗ қайта құру және жаңғырту жобасын іске асыру аясында жобаның ТЭН әзірленді.
Жобаның мақсаты:
• мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығын жылына 6,0 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру;
• 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;
• 83%-ға дейін ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;
• ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.
Ключевые направления реконструкции: Завершение строительства комплекса каталитического крекинга, строительство новых установок каталитического риформинга, производства водорода, производства серы, реконструкция установки гидроочистки дизтоплива, авиатоплива, ГФУ. Реконструкция существующей установки каталитического риформинга под изомеризацию.
После реализации проекта планируется перерабатывать 75 % Актюбинских и 25% Кумкольских нефтей.
Павлодар мұнай өңдеу зауыты
Павлодар мұнай өңдеу зауыты 1978 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 1978 жылы битум өндірісі жөніндегі қондырғы пайдалануға берілді. 1983 жылы МӨЗ ауқымды кеңейтілуі болды, оның ішінде терең өңдеу кешенін іске қосу да бар. 1986 жылы баяу кокстау қондырғысы іске қосылды. Зауыт Омск-Павлодар мұнай құбыры бойынша түсетін батыс-сібір мұнайының қоспасын өңдейді.
Бүгінгі күні зауыттың белгіленген қуаты жылына 5,0 млн. тонна шикі мұнайды құрайды.
МӨЗ негізгі технологиялық жабдығы екі кешеннен тұрады. Біріншісі - ЛК-6У қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), ал екіншісі – КТ-1 кешені (вакуумді айыру қондырғысы, вакуумді газойлді гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы және газ фракциялайтын қондырғы).
2008 жығы қыркүйекте зауытта сутегі өндіру қондырғысы пайдалануға берілді, ол гидрогенизациялық үрдістер үшін құрамында сутегі бар газдың тапшылығын жоюға және дайын өнімнің сапалы сипаттамасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
2009 жылы ПМӨЗ акциялық бақылау пакетін сатып алу бойынша мәміле аяқталды.
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп инфрақұрылымы объектілеріне инвестицияларды жүзеге асыру бойынша «ҚазМұнайГаз» ҚК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және Италияның энергетикалық Eni s.p.a.» (бұдан әрі – ЭНИ) компаниясы арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік жөніндегі қол қойылған меморандумның негізінде 2009 жылғы қаңтардан бастап «ПМӨЗ» АҚ дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. Бағдарламаның бірінші кезеңі зауытты жаңғыртудың ұтымды сызбасын әзірлеуді және таңдап алуға негізделген. ТЭН және зауытты жаңғыртудың бас жоспарын әзірлеуді 2010 жылы аяқтау жоспарланып отыр, оның нәтижелері бойынша инвестициялардың көлемі нақтыланатын болады.
ҚМГ және ЭНИ өкілдерімен бірлесіп, ПМӨЗ жаңғырту жобасын басқару жөніндегі бірлескен комиссия құрылды, ол жоба бойынша атқарылатын жұмыстарды бақылауға жауап береді.
Жобаның мақсаты:
• мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылықты жылына 7,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту;
• 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;
• ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;
• ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.

Бренд – «ҚазМұнайГаз» («ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ)
ЖЖМ бөлшек сауда нарығын маркетингтік зерттеулер нәтижелері және тұтынушылардың пікірлері бойынша жанармай құятын стансалардың брендін өзгерту туралы шешім қабылданды.
«ҚазМұнайГаз» жанармай құятын стансалардың жаңа дизайны инновациялық стильді және компанияның үздік әлемдік стандарттарға сәйкес болуға ұмтылысын білдіреді.
Модульдік жанармай құятын стансалардың жаңа корпоративтік дизайн үлгісіндегі алғашқы партиясы «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетингі» АҚ еншілес ұйымдарының иелік етуіне тиді.
Жанармай құятын стансаларды автоматтандыру жүйесін енгізу жөніндегі алғашқы пилоттық жоба сәтті аяқталды, ол еңбек өнімділігін 9 пайызға арттыруға, жанармай құятын стансаларда мұнай өнімдерін бензин таситын машиналардан қабылдау кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік берді.
Жаңа технологиялар сатылатын мұнай өнімдерінің сервис сапасын жақсартуға, тұтынушыларға қызмет көрсету уақытын азайтуға ықпал ететін болады.
«ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетингі» АҚ ISO 9001:2000, ISO 14001:2004 и OHSAS 18001:1999 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін басқарудың интеграцияланған жүйесі енгізілген.
Сапаны толассыз бақылау жүйесі құрылды – мұнай өнімдерін өндіруден бастап оларды жанармай құятын стансаларда отынның сараптамасы мен сапасын бақылау жөніндегі зертханалар желісінің көмегімен сатуға дейін.
Астана, Алматы және Атырау қалаларында орналасқан үш стационар зерхана белгілі еуропалық және американдық өндірушілердің (Petrotest Instruments, Grabner Instruments, Phase Technology, PSL, Varian, Mettler –Toledo и др.) құралдарымен және жабдықтарымен жарақтандырылған.
Тоғыз мобильді сапа зертханалары (МСЗ) сатылатын отынның сапасын шапшаң тексеру үшін қажетті барлық құралдармен жарақтандырылған. МСЗ аз уақыттың ішінде (20 минуттан 1 сағатқа дейін) отынның экологиялық сипатын растайды немесе жоққа шығарады, яғни оның құрамындағы бензол, күкірт, хош иісті қосындылар, көмірсутегін (барлығы 30-дан астам параметрлер) анықтайды. Алынған деректер отынды пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері болып табылады.
Аталған зерханалардың көмегімен «ҚазМұнайГаз» жанармай құятын стансалардың бөлшек сауда желілерінде сатылатын мұнай өнімдерінің сапасын нормативтік құжат талаптарына сәйкес сапаның барлық көрсеткіштері бойынша айына кем дегенде 1-2 рет ұдайы бақылау қамтамасыз етіледі.
«ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетингі» АҚ тұтынушыларын қолдау қызметі тәулік бойы тегін жұмыс істейді: 8-800-080-2222, 8-327-259-6161. «ҚазМұнайГаз» жанармай құятын стансасының кез келген тұтынушысы, бензин сапасы, қызмет көрсету деңгейі қанағаттандырмаған жағдайда, өз тілегі мен ұсыныстарын айта алады. Call-center де анықтамалық қызмет ретінде жұмыс істейді, онда компанияның қызметі туралы ақпарат алуға болады.
Rompetrol Group N.V. (“TRG”) компаниясы
2007 жылғы 24 тамызда Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» бен The Rompetrol Holding S.A. (Швейцария) арасында The Rompetrol Group N.V. акцияларының 75%-н сатып алу туралы келісімге қол қойылды.
The Rompetrol Group N.V. (TRG) негізгі офисі Нидерландада орналасқан, көптеген операциялар мен активтер Румынияда, Францияда, Испанияда және Оңтүстік-шығыс Еуропада орналастырылған. TRG еуропалық стандарттарға сәйкес тұтынушыларға шикізат пен өнімдерді тұрақты жеткізіп тұруды қамтамасыз етеді. TRG мұнай өңдеу, мұнай-химия, мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек маркетинг саласында белсенді қызмет етеді, сондай-ақ барлау, өндіру бойынша операцияларды жүзеге асырады және мұнай өнеркәсібі саласында басқа да қызметтер көрсетеді.
Румыния – бұл Оңтүстік-шығысЕуропадағы 22 миллион халқы бар ірі нарық, онда көлік отынына деген сұраныс жылына баламалы түрде 15 млн. тоннаны құрайды. Мқнай өнімдерін тұтынуға сұраныс барған сайын өсіп келеді.
Румыниядағы мұнай өңдеу кәсіпорны, Румыниядағы, Болгариядағы және басқа да ОШЕ елдеріндегі, сондай-ақ Франция мен Испаниядағы маркетингтік кәсіпорындар The Rompetrol Group N.V. (TRG) компаниялар тобының меншігінде және ол оны пайдаланады. TRG компаниясының қызметі мұнай-химия өндірісін де, трейдингтік және мұнайсервистік қызметтерді де, өндіруші бөлімшелерді де қамтиды. TRG өзінің Petromidia және Vega екі зауытының арқасында елдегі мұнай өңдеу көлемінің шамамен 25 пайызын бақылайды.
TRG компаниясын сатып алу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін стратегиялық тартымды болып табылады:
• Бұл осы нарықтағы бөлшек сауда және маркетинг тартымды активтерінің бірі;
• Мұнай өңдеуші зауыт жоғары құрамдағы кұкірті бар ауыр шикі мұнайды өңдеуге икемді;
• Толық интеграцияланған бөлшек сауда және маркетинг кәсіпорындары;
• Румыния ішкі нарығының шоғырландырылған үлесі;
• Мұнай өңдеу өнімдерін экспортқа шығару үшін айтарлықтай мүмкіндіктер;
• Шикі мұнайдың келіп түсу ағыны мен мұнай өңдеуді болашақта дамытуға қатысты ҚМГ үшін орналасқан жерінің жайлылығы.
Соломон компаниясының деректері бойынша, «Петромедия» МӨЗ Оңтүстік-шығыс Еуропадағы анағұрлым бәсекеге қабілетті мұнай өңдеу активтерінің бірі болып табылады.
Компанияда 2008 – 2011 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы әзірленген.
Бұл бағдарлама мынадай негізгі іс-шараларды қамтиды:
1. «Петромедия» МӨЗ жаңғырту 2010. МӨЗ жаңғырту ЕО аумағында 2009 жылғы қаңтардан бастап енгізілген ЕВРО-5 стандарттарының талаптарына сәйкес автокөлік отынын шығаруды қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.
2. Бөлшек сауда желісін дамыту. Румынияда, Болгарияда, Грузияда, Украинада және Францияда бөлшек сауда желісін ары қарай дамыту көзделген.
3. Petrochim мұнай өңдеу зауытында этилен крекингі қондырғысын қайта құру және қазіргі бар қуатты жаңғырту.
2008 жылғы 20 желтоқсанда Ромпетрол 3000 тонна көлемінде Евро-5 дизельді отынының және 4 600 тонна көлемінде Евро-5 стандартты RON95 маркалы автобензиннің алғашқы партиясын Турцияға «Тоталь» компаниясы үшін өзінің 9А айлағынан жаңа құбыр арқылы жөнелтті.

Қорытынды.

Жылдар бойы Қазақстанда мұнай өндіру еліміздің экономикасының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретін негізгі компоненттерінің бірі болды. Жалпы алғанда,мұнай өндірушілердің негізгі мақсаттарының бірі – мұнай өнеркәсібінде қатаң бақылау жүргізу.Негізгі мұнай өндірушілердің әлемдік нарықта басым болуы, саяси және экономикалық тұрғыдан да жағымсыз фактор болып келуіне соқтырады. Сонымен, әлемдегі мұнайлы державалардың бастамасымен қара алтынның құның тұрақтандыру үшін 1960 жылы Ирактың астанасы Бағдад қаласында –ОПЕК ұйымы құрылды. Алғашында бастамашы топта бес мемлекет (Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы және Венесуэла) ғана болды. Қазір бұл мемлекеттердің қатарына Катар, Ливия, БАӘ, Алжир, Нигерия, Эквадор және Ангола елдері қосылып, жалпы саны 12 - ге дейін жетті. Ұйым құрамынан Габон 1994 жылы шығып кетті. Дәл осындай жағдай 1992 жылы Эквадордың да басында болғанмен, оңтүстік америкалық ел 2007 жылы қайта мүшелікке өтті. ОПЕК - тің штаб - пәтері алғашқы бес жыл Швейцарияның Женева қаласында болғанымен, 1965 жылдың күзінде Австрия астанасы Вена қаласына көшірілді. Себебі аталған ұйымның орталығы бейтарап елде болуға тиіс. Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет кіре алады, егер оның өтініші ұйымның өзге мүшелерінің төрттен үшінің қолдауына ие болып, негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады. Ал Қазақстан Республикасы ОПЕК мүшесіне енгізілген жоқ, сондықтан біздің еліміз мұнайдың әлемдік бағасының қалыптасуына елеулі әсер етпейді.Дегенмен, мұнай орны толмас ресурс екенін ұмытпауымыз қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2010. — 328 бет.
2. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2011. ISBN 9965-472-27-0
3. «Мұнай» Энциклопедиясы, 6 том. Алматы: 2006 ж.

Категория: Химия
Просмотров: 1063 | Загрузок: 20 | Рейтинг: 0.0/0
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]