Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Математика менің өмірімде. (Жоба қорғау)
[ Скачать с сервера (57.7 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика]
19.02.2016, 23:32

«Математика менің өмірімде »
(жоба қорғау)


Мақсаты:
Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: математикаға байланысты нақыл сөздер.


1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты білімге қызығушылар
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: «Математика менің өмірімде » атты жоба қорғау сайысымызға қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар , білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов : « Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сіздер қызықты,
математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыздар. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер.
Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысармыз.
Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар.
Олай болса, бұл не тұрыс,
Кешімізді біз бастайық!
2-жүргізуші: Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ – қазыларды ортаға шақырайық!
(Әділ – қазы алқасымен таныстыру) !
Әділ-қазы алқалары:
-Бүгінгі «Математика менің өмірімде» атты жоба қорғауғаушы 8-9 кластар . «Математика менің өмірімде» атты жобада өздері математиканың өмірдегі қолданысы туралы, маңызы қорғайды.
1-жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген , қоғамдық жүгі бар,
Ал енді біреуінің қатты істейтін миы бар ойыншыларымыз ортада .
8 «а» класс оқушысы
8 «ә» класс оқушысы
9 «а» класс оушысы
9 «ә» класс оқушысы
2-жүргізуші: Әділ-қазы алқалары дайын болғанша көрермендерге логикалық сұрақтар :
1. Бұл құралды әдебиет пәнінің мұғалімі ешқашан қолданбайды , ал математика мұғалімі ешқашан қолынан тастамайды . Ол өзі бір ерекше зат: өлшеп-өлшеп алып ,түр –түрге бөліп тастайды . Ол қандай зат? (транспортир)
2. Жолға екі бала шығып , 2 теңге тауып алды . Олардан соң және 4 бала шықты . олар неше теңге тауып алды ? (0)
3. Пойыздың 10 вагоны 15 км жол жүрді . сонда олардың әрқайсысы неше км жол жүрді? (15)
4. Жарас Ақылбектің баласы , ал Ақылбек Кәрімнің баласы . Жарас Кәрімге кім болады? (немересі)
1-жүргізуші: -Ендігі ,сөз кезегін әділ-қазы алқаларына берейік ! .
Білім дегенбиік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңызға тілектеспін.
-Осымен бүгінгі «Математика менің өмірімде» атты жоба қорғауымыз аяқталды, келгендеріңізге мың алғыс келесі кездескенше сау болыңыздар !

Категория: Математика
Просмотров: 3182 | Загрузок: 54 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]