Главная » Файлы » Рефераты » Математика

Загрузка...


Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Математика пәнін мамандыққа бағыттап оқыту
[ Скачать с сервера (18.3Kb) ] 06.02.2017, 13:44

«Математика- ғылымдар патшайымы» деп бекер айтылмаса керек. Қандай мамандық саласын алсаңыз да, математикасыз оның болашағын елестетуге болмайды.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің даму қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер жүктеп отыр.Заман талабынасай, бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген кәсіби мамандар даярлауда математиканың алатын орны ерекше.

«Математика- ғылымдар патшайымы» деп бекер айтылмаса керек. Қандай мамандық саласыналсаңыз да, математикасыз оның болашағын елестетуге болмайды.

Білім беру үдерісінде оқытылатын міндетті курстардың әрқайсысы жалпы білім беру талаптарын жетілдіруге өз үлестерін қосады. Соның бірі – математика. Математика – түрлі табиғи құбылыстар мен жүйелерді айқындайтын әмбебеп тіл, оны болашақ маман жете игермейінше кәсіби дайындық туралы да, нәтижелі қызмет туралы да ойлауы мүмкін емес. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары тәрбиелік және кәсіби ақпараттық бағытта жалпы білім берумен бірге, математикалық біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Математиканы оқытудың мақсаттары: Жалпы адами және ұлттық негізде тұлғаның жалпы интеллектуалдық қасиеттерін дамытудың қажетті деңгейіне жетуіне, логикалық, абстрактты және ықтималдық ойлауды қалыптастыруға, әрі қарай оқытудың практикалық негізін құруға бағытталған сапалы игеруін қамтамасыз ету

Болашақ кәсіби мамандарының ойлау жүйесінің қалыптасуында математиканың алатын орны ерекше. Математикалық пәндер курсының негізгі міндеттерінің бірі кәсіби қызметтің арнайы дайындығын қамтамасыз ету. Бұл міндеттің жүйелі шешімі болашақ маманның кәсіби қызметіне дайындығының математикалық аспектілерін айқындауға мүмкіндік береді.

Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдаулар жасағанымызда және мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары туралы еңбектер мен жұмыстарды қарастырғанда, бұл мәселе туралы көлемді жұмыстардың атқарылып отырғандығын көреміз. Бірақ кәсіптік-техникалық білім беру орындарында болашақ мамандардың математикалық пәндер арқылы кәсіби даярлығын жетілдірудің күні бүгінге дейін қарастырыла қоймағандығы байқалады. Демек, кәсіптік-техникалық мамандықтарына математикалық пәндер арқылы кәсіби білім беруге қоғамның сұранысы мен меңгерілетін мамандықтың кәсіби тұрғыда негізделмеуінен, әдіснамалық тұрғыда негізделген математикалық пәндер арқылы оқытудың әдістемелік жүйесінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық байқалады. Осы мәселелердің шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және курстық жобамыздың тақырыбын «Болашақ кәсіби маман даярлауда математика пәнінің рөлі» деп таңдауымызға негіз болды.

Мақсаты кәсіптік-техникалық білім беру орындарындағы болашақ мамандарға математикалық пәндерді оқыту арқылы олардың кәсіби бағыттылығын жетілдіруді теориялық негіздеу және оның әдістемесін жасау.

Кәсіптік-техникалық білім беру орындарында заман талабына сай, сұранысқа ие бірнеше кәсіби мамандықтар бойынша білікті мамандар даярлайды.

Болашақ кәсіби мамандарының ойлау жүйесінің қалыптасуында математиканың алатын орны ерекше.

Болашақ маманның кәсіби бағыттылығын арттыруда математикалық  пәндерді оқыту  әдістемесі жасалып, оның тиімділігі  тәжірибелік эксперимент арқылы тексеріліп, ұсыныстар беріледі.

Кәсіптік-техникалық білім беруорнындарындаболашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру барысында математикалық пәндері мен кәсіби пәндер арасында байланысты көрсететін желілік модель тұрғызылады. Жалпы математика курсын өту барысында ұғымдар мен формулалардың, математикалық есептеу тәсілдері кәсіби пәндерде кездесетіндігі жөнінде мысалдар келтіріледі.

Математика сабақтарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үш сатыда жүргізу тиімді деп есептейміз. Жұмыстың кіріспе сатысында студенттердің математика туралы білімін тереңдетіп, математикалық білімнің алдағы уақытта оқылатын кәсіби пәндерде және басқа салалардағы қолданымдарынан хабардар еткен жөн. Сонымен бірге, математикалық пәндердің информатикамен, физикамен және т.б. пәндермен пәнаралық байланысын түсіндіргеннен кейін, өз кәсіптеріне тікелей байланысы бар ақпараттық–іздеуші, басқарушы, сараптаушы, ұйымдық  жүйелерді жасау, іске қосу және пайдалану қызметтеріндегі қолданымдарын айтып, олардың еңбек жетістіктерін көрсететін көрнекіліктер жасау ұтымды нәтиже береді.

Біздің зерттеу барысында көз жеткізгеніміз, математикалық пәндерді оқыту кезінде, болашақ маманды кәсіптік шеберлікке дайындау және оны дамыту жұмыстары жеткілікті ұйымдастырылмайды. Бұл мынадай себептерден туындаған жағдайлар деп есептейміз:

- математикалық пәндер бағдарламаларының жүктемесі ауыр, олар мамандық бойынша нақты даярлауға емес, жоғары білімді жалпы маман даярлауға негізделген;

- кафедралар курстың түрлі бөлімдерінің арасындағы ішкі тақырыптық байланыстарды және түрлі пәндер арасындағы тақырып аралық байланыстарды, сондай-ақ теория мен практика арасындағы байланыстарды анықтауға жете көңіл бөлмейді;

- оқытушылар тарапынан кәсіби-ақпараттық талап қоюшылық дәрежесі төмен.

Математикалық пәндердің тәрбиелік мәні - студенттерде математикаға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, математикалық біліктілікті және интуицияны дамыту. Сондай-ақ, математика студенттердің ақыл-ой мотивациясына жақсы әсер етеді және интелектілікті тәрбиелеуде, математикалық ойлауда, болашақ  маманның қалыптасуында үлкен үлесі бар.

Сондықтан кәсіптік-техникалық білім беру орындарында математикалық пәндерді  кәсіпке бағыттап оқыту мәселесі барған сайын көкейтесті, өзекті мәселеге айналып отыр. Ол студенттердің кәсіпке неғұрлым ойдағыдай бой үйретуін қамтамасыз етеді, ғылыми білімдер жүйесін қалыптастыруға, студенттердің болашақ мамандығына оң көзбен қарауына, танымдықіздемпаздық әрекетін жандандыруға, студенттердің бойында кәсіпқойлық қасиеттердің қалыптасуына, олардың жеке тұлғаға айналуына септігін тигізеді. Осыдан келіп, болашақ мамандарға қойылатын кәсіби талаптарды ескере отырып оларға математикалық білімді беру, болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге себеп болады деп топшылай аламыз.

Математикалық үйірмелер ұйымдастырып, үйірменің оқу жоспарын кәсіби мамандыққа бағыттап жасақтап алған жөн.

Зерттеу нәтижесі бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

Келтірілген тәжірибелік зерттеу маманның кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда математикалық пәндерді мақсатты түрде кәсіпке бағыттап оқыту, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыратындығы ал ол, өз кезегінде кәсіпке бағыттылықты жетілдіруге  үлкен үлес қосатындығын байқадық.  Ұсынылған әдістеменің басты артықшылығы ол қосымшасағаттарды талап етпейді, әдістің тиімділігі педагогикалық эксперимент барысында, математикалық статистика әдістерімен тексерілді. Кәсіптік-техникалық білім беру орындарындағы болашақ кәсіби мамандарына математикалық пәндерді кәсіби бағытта оқытуды жүзеге асыру, білім сапасын жетілдіруге және кәсіпті меңгеруге дайындығын күшейтетіндігін көрсетті.

Қарастырылып отырған мәселе күрделі, әрі тың болғандықтан, оның барлық мүмкіндіктерін түбегейлі қамтып шығу мүмкін емес. Келешекте математикалық пәндердің әрбір тарауын кәсіпке сәйкестендіріп оқыту арқылы олардың кәсіби бағыттылығын жетілдіруді жүзеге асыру мүмкіндіктерін тереңдетуді қажет етеді деп есептейміз.

Осы курстық жобаның математика пәндерінің алдында тұрған мәселелерді шешуге, пікір алысуға, тәжірибе алмасуға бірден-бір көмегін тигізетіні даусыз.

Категория: Математика
Просмотров: 247 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]