Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. арифметиклық прогрессия
[ Скачать с сервера (6.64 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика]
07.11.2014, 16:47

Орта мерзімді сабақ жоспары
Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Мен Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Асқар Сүлейменов атындағы мектепте жұмыс істеймін. Мектебіміз жаңадан салынған жаңаша жарақтандырылған білім ордасы. Мен мектептен жаңаша білімді оқушыларға игерту үшін осы оқуға сұраныс жасадым. Осы тақырыпты таңдау мақсатым:Зерттеушілік әңгімені пайдалана отырып, ойы озық, ұстанымы мықты, заман талабына сай келешек ұрпаққа жаңаша білім беру.
Оқушының әлеуметтік жағдайы,қарым-қатынасын зерттеу арқылы әрбір баланың –жеке тұлғалық ерекшелігін ескере отырып,құзырлылық
қабілеттерге тәрбиелеу. Математика-ерте дамыған ғылымдардың бірі. Ол адам баласын өзі қоршаған ортаны мөлшерлі көрсету керек болғаннан бастап,дүниежүзілік қоғам мәдениетінің және ой-өрісінің дамуымен қатар қалыптасты.
Ғылым мен тәжірибенің даму қарқыны ,экологиялық үдерістерді басқару теориялары күннен күнге математикалық сипат алып бара жатқаны тарихи шындық. Екінші жағынан қуатты техникалық электрондық есептеуіш техниканың пайда болуы,олардың өндірісте кең көлемді қолданылуы техникалық,экономикалық үрдістерді басқаруға араласуы еңбек өні
мін,экономикалық тиімділігін арттырумен қатар математикалық білімнің болуын қажет етеді.Олай болса осы қоғамға сай білімді оқушы тәрбиелеуде
зерттеушілік әңгімені пайдалана отырып оқыту тәжірибесін жетілдіруге ықпал етпекпін.
Әр уақытта жан- жақты білімді, шығармашыл, талантты, дарынды жастар қажет екендігі айқын. Менің мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде іс-әрекетті зерттеу барысында осы модульді басшылыққа алғаным да тегіннен -тегін емес еді. Білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау, бағалауды зерттеушілік әңгіме аясында сабаққа ендіру. Зерттеушілік әңгіме бойынша оқушылар сабақ барысында ашық және түрткі сұрақтар арқылы білім алса,ойлау қабілетін дамытса деген оймен осы тақырыпты таңдадым.
Оқушыларға қарым-қатынасымды өзгертіп,оқушыларды өздігінен оқытуға үйретіп зерттеушілік әңгіме арқылы ойлау қабілетін дамыту менің басты мақсатым. Сондай-ақ өзін-өзі тану,өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру арқылы оқушы бойындағы жеке қабілетін дамыту,логикалық ойлауға баулу менің басты міндетім.

.
Міндеті: Оқушының өзін-өзі тануына жан-жақты жағдай туғызу,Өзінің бойындағы қабілетінің артуына түрткі болу,мұғалім мен оқушының бірін-бірі тану,қарым-қатынасын нығайту,құнды ақпараттарды практикада қолдана білу.
Нәтижесі; Өз ойын дәлелдей алатын,білімді,білімін іс жүзіне асыра алатын,көзқарасы бар.мәселені шеше алатын,өзіне сенімді тұлға қалыптастыру.
Барнс(1976) пен Мерсердің айтуынша, зерттеушілік әңгіме мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптасады.Идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық біліммен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып талқылайды. Осындай сценарий бойынша оқушылар бірін-бірі тыңдап өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып табылады. Менің зерттеушілік тақырыбым бойынша оқушылар осы айтылғандарды сабақ барысында көрсете білді. Балалар мен ересектер белсенді қарым-қатынас жасап жұмыс жүргізгенде балалардың оқуы және когнитивті дамуы артады. Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі айтарлықтай. Мен сабағымда оқушының білім деңгейін көтеру үшін әр түрлі деңгейдегі сұрақтар дайындадым. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен және сыныптастарымен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда білім беру жеңіл болмақ. Талданатын ойлар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан білімді ұғынатын болады (Л. Выготский ). Осы айтылғандарды сабақтарымда зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда мектептегі тәжірибеде қалай болғанын айтпақпын.Сыныбым үшін маңызды болып табылатын зерттеушілік әңгімені сабақтарымда қалай қолдана білдім?
5-сыныпта «Теңдеу» сабағым теңдеу туралы ұғымды дамытып, оған есептер шығару арқылы шығармашылық ойлау жүйесін дамыту мақсатында сабақ өтілді. Алдымен сынып психологиялық ахуалға келтіріліп алынды.
Үй жұмысын теңдеуді шешуде өткен тақырыпқа байланысты сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау техникаларын пайдалана отырып сұралды. «Айнымалы деген не?» , «Теңдеу деген не?», « х деген не?» деген жабық сұрақтары қойылды. Осы сұрақтар арқылы алдыңғы сабаққа шолу жасалынды.
Менің оқушыларым, үй жұмысын есептер шығарып келіп, оны менің тексеруіммен жүзеге асыратын. Тек қателерін тексеріп, қателерін өзім шығарып көрсететінмін. Сол арқылы есепті топта бірге талқылатып, қателерін өздеріне дәлелдеткізгім келді. Әрі бұл менің жаңа сабақты түсіндіру барысында өз септігін тигізеді деген оймен жасадым. Теңдеуге берілген есептерді оқушылар өз ойларын жинақтап шығара білді. Сонымен қатар ауызша өз ойларын жеткізе білді. Мәтінге берілген есепке де теңдеу құрастыра алды. Теңдеудің ережесін оқып, теңдеу туралы түсініктері қалыптасты деп бейнежазбаны көре отырып қорытынды жасадым.

 

Категория: Математика
Просмотров: 3832 | Загрузок: 658 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]