Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Пропорция
[ Скачать с сервера (45.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика]
22.07.2015, 19:10
6-сынып
Сабақ тақырыбы: “Пропорция” тақырыбын бекіту.
Сабақтың мақсаты:
1. Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру;
2. Тақырып бойынша алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын және мәселелерді бірлесе шеше білу құзыретіліктерін дамыту;
3. Проблемаларды бірлесіп шешуде ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ынтымақтастыққа және сыни тұрғыдан ойлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
Оқытудың әдістері: сұрақ-жауап, деңгейлеп, саралап оқыту, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы
Оқытудың формасы: бірлескен ұжымдық іс-әрекет
Іс – әрекет түрлері: Топтық талқылау, жеке жұмыс, өзінің тобындағыларға көмек көрсету, бір – бірінің жауабына толықтырулар жасау, өзге топ мүшелерінің жіберген қателерін анықтау, өз қателерін түзетуге ат салысу, өзін – өзі бағалау
Көрнекілігі: слайдтар, оқулық.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптағы тәртіп, оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру,
қатардағы санақ арқылы оқушыларды топқа бөліп, өзін өзі бағалау парағы таратылады.

Бағалау парағы:
Орындалатын іс-әрекеттер Жұмыстардың бағалануы Күтілетін нәтиже
1.Үй тапсыр
масын тексеру Миға шабуыл” бекеті
2.Негізгі бөлім Тест” бекеті
“Мамық” бекеті
“Құрылыс” бекеті
“Қант зауыты” бекеті
“Деңгейлік тапсырмалар” бекеті
“Оқулық” бекеті
3.Қорытынды бөлім Рефлексия” бекеті
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
“Миға шабуыл” бекеті
1. Пропорция деген не? /Екі қатынастың теңдігі
2. Екі санның қатынасы дегеніміз не ? /Екі санның бөліндісі/
3. Пропорцияның негізгі қасиеті ?
/ Шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне
тең/
4. Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін қалай табуға болады?
/Шеткі мүшелерінің көбейтіндісін белгілі ортаңғы мүшесіне бөлеміз/
5. Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін қалай табуға болады?
/Ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісін белгілі шеткі мүшесіне бөлеміз/

ІІІ. Негізгі бөлім
“ТЕСТ” бекеті
Қатынасқа тең қатынасты табыңдар:
3/4=*/12 */12=1/3 2/5=18/45 /9; 4; 45/
1.Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз:

А) 6 В) 3 С) 4 D) 1,5
2. 8 кг-ның 500 г-ға қатынасын есептеңіз.
А) В) 62,5 С) 16 D) 18
3. 100 м матадан 50 көйлек тігілді, ал 200 м матадан неше көйлек тігіледі?
А) 20 В) 100 С) 50 D) 4
“Мамық” бекеті
125 қаздан 4 кг мамық алады. Ендеше 875 қаздан қанша мамық алуға болады?
А) 32 В)28 С)219 D) 7
“Құрылыс” бекеті
5 кірпіш қалаушы жұмысты 9 күнде бітіреді. Инженер жұмысты жылдамдату үшін тағы 10 кірпіш қалаушы қосты. Барлық жұмысшылардың еңбек өнімділіктері бірдей болса, онда олар жұмысты қанша уақытта бітіреді?
А) 27 В)9 С)3 D) 5
“Қант зауыты” бекеті
Қант қызылшасының 18,5 %-і қант. 50 тонна қант қызылшасынан қанша тонна қант алынады?
ШЕШУІ;
х тонна - 50 тонна қызылшадан алынатын қант массасы.
50 тонна – 100%
х тонна –18,5 %

“Сергіту сәті” бекеті
2,5 таяқтың неше ұшы бар?
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
«Деңгейлік тапсырмалар» бекеті
Деңгей 1-топ 2-топ 3-топ
Пропорцияның белгісіз мүшелерін тап
А
Пропорция түрінде жазыңдар:
Ә
х-ті табыңдар
Б
х-ті табыңдар
В

“Оқулық” бекеті
№ 67 (1,5,9) №72 (2)
I V. Қорытындылау. Бағалау
“Рефлексия” бекеті
Сабақ бойы жасаған жұмыстарыңа талдау жасап, “БББ” кестесімен жұмыс жасаңыздар
Білемін Білдім Білгім келеді

V.Үй тапсырмасы: №67(2,4,6,8), №72 (3)
Категория: Математика
Просмотров: 3195 | Загрузок: 40 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]