Главная » Файлы » Рефераты » Математика



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Рационал сандар
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 21.01.2016, 09:20
ГМИ



« Математика ақылдың әуені – музыка сезім математикасы»
тақырыбындағы математика пәнінің апталығының
ҚОРТЫНДЫ ЕСЕБІ.

Математика пәнінің мұғалімі: Иманбаева Жазира Достайқызы

2015-2016 ж.

23 қараша -28 қараша 2015 жыл
«Математика ақылдың әуені-музыка сезім математикасы»
тақырыбындағы математика пәнінен апталығының
ҚОРТЫНДЫ ЕСЕБІ.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика пәнінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры» деп елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетінің негізгі салмағы да осы пән математикаға бағытталған.Сондықтан да биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.
Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды. Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. . Бұл күні математика пәні мұғалімі Иманбаева Жазинра Достайқызы өткізген «Математика ақылдың әуені-музыка сезім математикасы» атты апталықтың тақырыбымен таныстырып , ашылу салтанатымен таныстырып кетті.

23.11 қараша дүйсенбі Апталықтың ашылуы


Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Төле би


23.11 дүйсенбі .Апталықтың ашылуы бұл күн
1- ші жүргізуші – Тұрғынбай Дильназ 7 «а» сынып оқушысы
2 – ші жүргізуші – Оралбай Анель 7 «а» сынып оқушысы
Білгенге білім-байлық бағасы артық
Салмағы сан жетпейтін қорғасыннан
Үйренсең өнер білім өшпес мұра
Таусылмас тау кенінің қордасындай.

деген негізгі ой бағытпен басталып, апталықтың ашылуын Оқу ісінің меңгерушісі Айтжанова Жанар Абуқызы құтықтау сөз сөйлеп, оқушыларды математика апталығының жоспарымен таныстырды. Оқушыларды осы апталықта өтетін іс- шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Апталықтың ашылу салтанатына ән шашу « Көк тудың желбірегені » орындалды.

Садықбек Дулаттың орындауында
Келесі кезекте әр бала логикалық есептер байқауына берілген есептерге жауап тауып, өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға мүмкіндік алды. Бұл байқауда үздік шыққан алты оқушы арнайы қошеметке бөленді.. Апталықтың маңызды бір жетістігі ретінде –


Александр Диас – жауап беруде 5 «а» сынып оқушылары

Оразмаханбет Айгерім
Көптеген логикалық сұрақтарға оқушылар мүдірмей жауап беріп отырды.

Тақырыпқа байланысты оқушылар өз білімдерінен басқа өнерлерінде ортаға салып отырды.

7 «а» сынып оқушыларының биден көрініс


Математика пәнінің бірлестік жетекшісі Беккулиева С. Қ. Сөз сөйлеуде

« Математик болғың келе ме? » ойыны 24.11.2015

«Ең үздік оқушы дәптері» көрмесі


1. «Жәй және құрама сандар» тақырыбында ашық сабақ 5 «а» сыныбы Иманбаева Жазира Достайқызы, сабаққа бірлестік мұғалімдерімен қатар мектеп директорының орынбасары Айтжанова Ж. А. Сабақ өте жоғары дәрежеде өттті деп бағаланды, себебі жұмыс нәтижесін оқушылар көрсете білді, олар сабақ мақсатына сай керемет тәрбиелік мағанасы зор анимациялық мультфильмдер жасай білді.



Математика пәні мұғалімі: Иманбаева Жазираның сабағынан көрініс.



« Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ білім бекіту сабағы, танымдық- зерттеу сабағын математика пәні мұғалімі Иманбаева Жазира 6 «а» сыныбымен өткізді. Жаңа технологияны, яғни ойын түрін танымдық зерттеумен ұштастырған бұл сабақта балалар алған білімдерін зерттеу арқылы жаңа білімге ұштастыра білді. Топтық жұмыста зерттеу әрине тиімді болады. Әр топ өз бағында да нәтижелі жұмыс көрсетті.


. «Математиканы білмейсің - дұрыс өмір сүрмейсің» 5-6 сынып аралығында, білім бекіту- жүйелеу сабағы, жарыс сабақ түрінде өткізілді. Жарыс балаларды жеңіске талпындырып, өз білімдерін барынша көрсетуге үйрете білді. Топпен іздену жемісін береді.



Математика пәні мұғалімі Иманбаева Жазира Достайқызы

Сыныптан тыс жұмысты 6 сыныптар арасында Иманбаева Ж. Д. өткізді. Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін шебер пайдаланған ұстаз бұл шараны өте қызықты әрі мазмұнды етіп өткізді. Көрнекіліктері эстетикалық талғаммен жасалуы да баланы қызықтыруға, талғамын тәрбиелеуге көп әсерін тигізді.
Жарыс қорытындысын әділқазылар сараптауда.

28. 11. 2015 сенбі
Апталықты қортындылау Бұл күні «Ең үздік математикалық сынып» және «Ең үздік оқушы дәптері» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау болды.
Логикалық есептер байқауында үздік білім көрсеткен оқушылар арнайы грамоталармен марапатталды. Олар: 5 сыныптан Александр Диас, Алиев Нұрислам, 7 сыныптан Тұрғынбай Дильназ, 6 сыныптан Пермаханова Ақтолқын, Күнтубаев Нұрым, Аман Рахат, Бадаева Ағерке. Апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиында концерт ұйымдастырылды. Белсенді оқушылар мадақтамамен және дипломмен атап өтілді. Бұл апталық математика пәнінің мұғалімі Иманбаева Ж. Д. өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Бұл пән мұғалімі ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді айтуға тұратын жайт.
Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Категория: Математика
Просмотров: 377 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]