Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ГИМАЛАЙЫ- АХМЕТ ЖҰБАНОВ (ашық сабақ)
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ән күй (музыка)]
19.09.2012, 17:28
ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ГИМАЛАЙЫ- АХМЕТ ЖҰБАНОВ Сабақтың мақсаты:Тақырыпты меңгерту. Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Сабақтың міндеті: А) Білімділік:Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. “Ақ көгершін” әні. Ә) Дамытушылық:Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру. Б) Тәрбиелілік:Әнді тыңдату, айту арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейрімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, репродуктивтік, сұрақ-жауап Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық, жеке даралап оқыту Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, өнер Сабақтың көрнекі-құралдары:интерактивті тақта, саз аспатары: баян, синтезатор, Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу. 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қойылатын сұрақтар: 1. Қазақстандағы алғаш ән-романс жазған композиторлар кімдер? 2. Композиторлар Л.Хамиди мен Н.Тілендиев шығармаларын ата. 3. Н.Тілендиевтің “Әке туралы жыр” атты әнінің мағынасынан не түсіңдің? 4. Л.Хамидинің «Қазақ вальсі» әнін орындау (жеке, топпен) IV. Жаңа материалды меңгерту. "Қазақ музыка өнерінің Гималайы - Ахмет Қуанұлы Жұбанов" Ахмет Жұбанов (1906-1968) - композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген. 1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты. 1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтыныҢ құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды. Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдыққызметіҚазақстанныңмузыкамәдениетініңқалыптасутарихындатұтасбіркезеңдіқамтиды. Олкәсібимузыкалықбілімберудің, музыкалықшығармашылықпенмузыкалықғылымныңіргетасынқалады.Академик- композиторЖұбановтыңесіміқазақмузыкамәдениетініңнегізінсалушытұлғалардыңкөшбасындатұр.ОлЛ.Хамидименбірлесіп, “Абай” және “ТөлегенТоқтаров” операсын, “Құрманғазытуралыестелікмаршын”, “Жезкиік” симфониялықшығармаларын, қазақтыңбисюитасын, “Саранжап”, “Көроғлы” фортепьяналықшығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театрменкиноғаарналғанмузыкалар, “XIXғ. менXXғ. басындағықазақхалықкомпозиторларыныңөміріменшығармашылығы”, “Ғасырларпернесі”, “Заманабұлбұлдары”, “МұқанТөлебаев”, “Құрманғазы” этнографиялықзерттеулерінжазды. А.Жұбановтыңқазақмузыкатарихынасіңіргенеңбегіұшан - теңіз. VI. Сабақты қорытындылау. Тест 1.Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім? а) Е. Брусиловский; б) А. Жұбанов; в) Ш.Қалдаяқов; г) Л. Хамиди. 2.Фермата дегеніміз не? а) Дыбысты қысқа созу белгісі; б) Дыбысты еркін созу белгісі; в) Дыбысты шығармау белгісі; г) Дыбыстың үндестігі. 3.Қазақ драма театрының алғашқы репертуарындағы пьеса қайсы? а) “Бүліншілік”; б) “Майдан”; в) “Еңлік-Кебек”; г) “Түнгі сарын”. 4.Қазақтың халық аспаптары оркестрін алғаш құрған адам кім? а) Е. Брусиловский; б) А. Жұбанов; в) А. Затаевич; г) Б. Ерзакович. 5. А. Жұбанов музыкатану ғылымындағы жазған еңбегін көрсет: а) “Қазақ – ұлт аспаптары”; б) “Ән өнері және уақыт”; в) “Замана бұлбұлдары”; г) “Саз теориясы”. 6. Қазақ музыка өміріне зор із қалдырған, қазақ вальсінің патшасы кім? а) Қ. Қожамьяров; б) Б. Жамақаев; в) Ш. Қалдаяқов; г) Е. Рахмадиев 7. “Көш керуен” күйі қай сазгердің шығармашылығы? а) С. Тұрысбеков; б) К. Күмісбеков; в) Д. Нұрпейісова; г) Н. Тілендиев 8. Сазгер Ш. Қалдаяқовтың әнін белгіле: а) “Сырласу вальсі”; б) “Махаббат вальсі”; в) “Әнім сен едің”; г) “Әке туралы жыр”. Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, сабақты қорытындылаймын. VII. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауын ескере отырып бағалаймын. VIII. Үй тапсырмасы. Үйге тапсырма:Композитор шығармашылығын оқу, әнді жаттау.
Категория: Ән күй (музыка) | Добавил: Admin | Теги: ГИМАЛАЙЫ-, ЖҰБАНОВ, ӘН КҮЙ (МУЗЫКА), музыка, Қазақ, өнерінің, сабақ), (ашық, АХМЕТ
Просмотров: 7086 | Загрузок: 851 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]