Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Байжігіт(XVI-XVII ғғ.)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ән күй (музыка)]
03.02.2012, 17:12
БАЙЖІГІТ

         Байжігіт(XVI-XVII ғғ.) қазақтың күй өнеріне ұлттық әуез даратуға ұйтқы болған, сөйтіп осынау қанатты өнердің төлтума тұлғасын біржолата орнықтыруға ықпал ете білген санаулы саңлақ күшілердің бірі.

Ұлттық төлтума (самобытный) өнері ешқашан сол ұлттық дара этникалық болмысын бұрын қалыптаспайды. Төлтума өнерді ұлттық тарихи қалыптасу үрдісінен арғы кезеңнен іздеу, бейнелеп айтқанда, әкесінен бұрын баласы туады дегендей әбестік. Сонымен бірге, ұлт та, оның рухани болмысы да бір күнде, бір жылда, тіптен бір ұрпақ өмірінің аясында қалыптасып үлгермейді. Этностың тек-тамыры әлденеше ғасырларды көктей   өтіп, тарихтың шыңырау құрсағынан нобай танытады. Сол этникалық нобай мен этникалық төлтұмалықтың арасында кейде ондаған ғасырлар кесіліп жатады.

         Бүгінгі ғылыми таным қазақ халқының этникалық нобайын біздің жыл санауыздан    арғы кезеңдердегі скиф, сақ, ғұн заманынан шырамытып жүр. Тіптен, осыдан 12 мың жыл бұрын Азиядан кеткен үндістердің тілімен бігінгі қазақ тілінің арасындағы бұлтартпас сәйкестікті көргенде, немесе, осыдан 47 ғасыр бұрын ғұмыр кешкен Ғылғамыш заманындағы өмір салттан, дүние танымнан, аңыз әңгімеден, тіптен, тілінен түркі халықтарынан болымысына үндес жәйттарды аңғарғанда тіршілік шіркіннің алды-артының шексіздігі басынды айналдығандай болады.

         Соған қарамастан ақиқат алдында бас иеміз.Қазақ халқының, Өзге де түркі тілдес халықтар сияқты, этникалық болмысының даралық тұлға таныту үрдісі, орта ғасырдан бергі кезеңге жатады. Түркі қағанатының (VI-VIII) Тәңір тектес қағандары Еуразияның Ұлы даласын ендей жайлаған

 Қағанаттың шаңырағын құлатып алған соң-ақ түркілік тұтастық тарихтын еншісіне айнал бастады. Оның орнына тарих төсінде бүгінгі түркі тілдес ұлттардың  «іңгәлаған» дауысы естіле бастады. ОНың орнына тарих төсінде бүгінгі түркі тілдес ұлттардың даралауының басы еді. Рас, біржола дараланып, этникалық төлтумалықты орнықтыру оңай емес. Бұрыңғы түркілік тұтастық, түркілік тектестік өмірдің барлық саласында тарихи екпінін оңайлықпен тоқтатпағаны аңғарамыз. Оның мысалы мың сан. Басқасын былай қойғанда күні бүгінге дейін иісі түркі тілдес халықтардың аудармашысыз түсінісуі осынау тарихи  заңдылықтың ең басты айғағы болуға тиісті. Бір ғана қазақ пен башқұрт халықтарының арасында отыздан астам ортақ эпос бар. Рулар мен тайпалық атаулардың түркі тілдес халықтардың арасындағы ортақтығын санап тауысу қиын. Э.К.Пекарскийдің «Якут тілінің сөздігі » атты тамаша кітабында сахалар (Якуттар) өздерін Арғыннан, Мейрамсопыдан тарады. Қазақ арасында күні бүгінге дейін жатқа айтылатын «Мұңлық-Зарлық» жырының атымен аталатын екі биік шың Байкал маңында тұр. Ал, Еуропаның төріндегі мадьярлардың  (венгрлердің) этникалық атауы қазақ арасында әлі күнге бір рудың атауы болып жүр. Ұлттардың этникалық тектестігіне, әсіресе, тарихи тұлғалар жарқын айғақ. Мәселен, Қорқыт есімін қазақ, түрікмен, әзірбайжан, түрік сияқты ұлттар бірдей кие тұтады.Одан бергі Кетбұға есімі де қазақ, қырғыз, қарақалпақ арасында зор құрметпен аталады.

         Этнос өзінің рухани даралығын орнықтырған сайын тарихи тұлғалардың да бірнеше ұлтқа ортақтастығы сирей ббереді. Мәселен,соңғы ғасырларға ой жіберсек, қазақ пен қарақалпаққа ортақ Асанқайғыны және қазақ, башқұрт, татар ұлттарына ортақ Ақмолда  ақынды еске алуға болады. Демек, этникалық даралық міндетті түрде рухани даралық шендес орнығады деп тұжырым жасауға болады.

       Міне, бұл ойдың орайында, Байжігіт күйшіні қазақтың ұлттық музыкалық тілінің орнығуына ықпал етушілердің біреуі деуімізде, осындай тарихи қисын бар. Байжігіттен бері қарайғы күй мұрасы көршілес ұлттармен ортақтаспайды десе де болады. Яғни XVI ғасырдан бері қарай күй өз алдына ұлттық музыкалық дербес жанр ретінде біржола орнықты деп айта аламыз.Тек күй емес, ұлт дара этникалық тұлға танытқансоң, оның басқа да рухани өрістері төлтума қасиетімен жарқырап көріне бастайды. Мұның тамаша мысалдары, әсіресе, ақын-жыраулардың шығармашылығына, әндерден, қол өнерінен , өнер деңгейіндегі салт-дәстүрден айқын аңғарылады. Ұрпақтардың ғұмыр жолын бармақ бүгіп санап отыратын шежірешілердің айтуы бойынша Байжігіт 1489 жылы Өр Алтайда дүниеге келген. Шежіре жөнімен тартсақ, қазақтың Орта жүзі-Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ болып алты арыс елді құрағанда, Соның Керейінен-Абақ  және соның бір атасы Жастабан ұрпақтарынан күйші Бажігіт туады. Ата санын қуып келгенде Байжігіттің өмір сүрген заманы XVI-XVII Ғасырға сәйкес келеді.

       Қазақ халқы үшін, оның ішінде Керейлер үшін         XVI-XVII ғасыр нендей сыбаға бұйырып еді? Керейлердің ел болып, төңірегімен терезесін тең ұстаған кезі Шығғыс ханның алдыңғы заман, этнограф Н.Н. Харузиннің                                                                                  (1865-1900) дерегі бойынша, Х ғасырда Керейлердің саны миллионға жуықтаған. Бүкіл Еуропаға Иоани поп деген атпен танылған Керей Тұғырыл        (қытайлар-Ван-Хан, қазақтар Оң хан деген) әйгілі Шыңғыс ханның әкесі есукаймен анда болған. Бірақ, бұл дәурен ұзаққа бармағаны белгілі. Шыңғыс хан өзірің епті саясатының арқасында-Найман ханы Байбұқа мен Керей ханы Тұғырылды түйістіріп, асығын алшысынан түсіреді. Тұғырыл мертік болады. Осыдан кейін-ақ Керейлердің іргесі сетінеп, бұрынғы жұртынан қозғалып, жан-жаққа шашырай тарайды. Ең үлкенбөлігі Арғындармен жапсар болады. Қазіргі Кіші жүз құрамындағы Керейттер сол кезде келіп қосылған Керейлердің бір бұтағы. Шыңғыс хан зардабынан кейін Керейлердің үлкен жоғары Лепсі өңіріне қоныстанған болатын. Алайда, 1420-1430 жылдардағы Жоңғарлардың қыспағы Керейлерді бұл қонысқа да түрақтатпайды. М. Тынышбаевтың айтуында, Ақ орданың ханы Барақ      1420 жылы Ташкент пен Ходжентке шабуыл жасағанда әскер құрамында Керейлердің болғанын айтады. «Керейлердің тұс –тұсқа шашырауы аңыз әңгімелерден де аңғарылады, -дейді  М.Тынышбаев, - он екі ата Абақ Керейдің атасы осынау жаугершілікте өлсе керек,қазіргі рулар қалған алтауынан тараған».

         Міне, Байжігіт күйшінің дүниеге келген кезі ел-жұрттың жаңа қонысқа ірге бекітке қоймаған шағы болса керек. Бес жасында ата-анадан тұлдыр жетім қалған Байжігіт өмірдің қиындығын белшесінен кеше жүріп, халық басындағы ауыртпалықты көкірегіне тоқып өседі. Бұл жолды жұбаныш тауып, шер тарқатары да, халық қасіретіне араша түсері де домбырасы болғанға ұқсайды. Байжігіт өмірдің кез келген құбылысын күй тіліне түсіре алған. Ол өзінің қуаныш-қайғысын, арман-мұңын күй тілінде жеткізіп отырған.

         Осы қасиеті жөнінде  ел аузында мындай әңгіме бар. Құдайберді ұлы Жауқашар 1503 жылы ойрат қызы  Еңке сұлуға үйленіп, ұлан асыр той жасайды. Тойда ат бәйгесі, балуан күрестіру, көкпар тарту, қыз қуу, мүше алып қашу,теңге ілу,жамбы ату, әнші-ақындарды өрелестіру сияқты бәсеке-жарысы мол ойын түрлері болады. Сол ойын түрлерінің басталуын да, аяқталуын да 14 жасар Байжігіт күймен көмкеріп отырып еді дейді. Осы жолы Байжігіттің тартқан күйлерінің саны  300-ге жетіп, Жауқашар мен Еңке сұлудың тойындағы барша қызықты көріністі домбыраның шанағына сыйғызғандай болса керек. Сонда тойға басалқылық көрсетіп жүрген Көшекдағай ақсақал:«Көзім салсам баласың,құлағым салсам данасың, сондықтан, бұдан былай күй атасы Байжігіт бұл!» деп батасын берген екен.

         Байжігіт тек қана дәулескер күші емес, сонымен бірге қара сөзге шешен, өлең сөзге көсем ақын болғандығы жөнінде дерек бар. Ер жетіп, бұғана бекітіп, оң –солына таныла бастаған кезде Байжігіт Ақсұңкар деген қызды ұнатады. Құдалық сөйлестірер әкесі жоқ, қалыңмалмен жасқар дәулеті жоқ, құр сопа басы сорайып, обырасын құшақтап, көңілі кеткен қызының үйін өзі төңіректейді. Бірде Ақсұңқардың үйіне келсе қыз әкесі үйде екен, дәмелі жігітті іштей сынап:«Е, Байжігіт көсеу түртетін жайыңды білеміз, отынды маздата отыр»-десе керек. Сонда Байжігіт

Іркілместен домбыраны қағып-қағып жіберіп тақпақтай жөңіліпті дейді:

«Жоқтық деген мітім бар,

Ұолыма құрық дермеген.

Тағдыр деген жазу бар,

Көресіңді көр деген.

Жастық деген жалын бар,

Күйдіріп жүрек өртеген.

Өнер деген үрім бар,

Сырымды сынап өрлеген.

Көңіл деген жүйрік бар,

Қол жетпеті бер деген.

Тәуекел деген туым бар,

Айға қолын сермеген.

Жігер деген жігіт бар,

Тасқа шауып терлеген.

Таусылмайтын арман бар,

Тағаты қалмай шөлдеген.

Иілмей сынар намыс бар,

Маздаған оты сөнбеген.

Ғашықтық деген дертім бар,

Жүрекке біткен көлденең,

Қияға қонған сұңқар бар,

Қиялап шығып кел деген.

Бүгінгі күйім осындай,

Ертеңгі әлі көрмеп ем».

Жалғыз бұл емес, қыз әкесінің мұнан соң да талай сынынан сүрінбей өткен Байдігіт ақыры осы Аңсұқар сұлуға қалыңыз үйленеді. Оның қалыңмалға бергісіз «Қоңырқаз» күйі Ақсұңқар сұлуға арналса керек.

Байжігіттің шығарған күйлері мейлінше көп болған. Ол жөнінде қызық деректерге толы аңыз әңгімелердің ізі күні бүгінге дейін суыған жоқ. Әсіресе, Шығыс Түркістанда Байжігіт мұрасын сақтап, өнеге тұтушылар ондап саналады.

         Қазақстанда Байжігіттің өмірі мен өнеріне алғаш көңіл бөліп, Ұлттың рухани Дәулетіне қосу үшін жұмыла кіріскен жазушы Мағауин Мұқтардың, өнер зерттеушісі Хаймолдин Омардың, домбырашы Әсемқұлов Таластың сіңірген еңбектері айрықша. М. Мағауиннің жазуында Байжігіт «мұрасы молынан сақталған орын – Шыңғыстың түстік беткейі, Шұбартау, Аягөз өңірі» болса, сол мұраны жеткізушілер Қызыл мойын Қуандық, оның күйеу баласы Кенжебай, Қазанғапұлы Тәттімбет, Байжігіттің өз үрпағы Мүсәпірхан, Бекжан, Бодау, Қызай, Шонтай сияқты әйгілі күйші-домбырашылар. Бұлар XIX ғасырда ғұмыр кешкен. Ал, бертін келе Шонтайдың немерелері Құлыншақ мен Омар, сондай-ақ аягөздік Айтбай, Рахымбек, Жүнісбай домбырашылар Байжігіт күйлерін бүгінгі күнге жалғаған. Осы соңғы тұяқтардан ішінде Ыстымбайұлы Жүнісбайды бөлек сөз етуге болады. Жүнісбай әрідегі Қорқыт, Кетбұғалардан бастап, берідегі Тәттімбетке дейінгі кезеңінің 200дей күйін тартқан. Соның ішінде бір ғана Байжігіттің қырықтан астам күй тартады екен.

         Міне , осы Жүнісбайдың бауырына салған жиені Талас Әсемқұлов. Байжігіт күйлерін бүгінгі күнге жеткізіп, күйтабақ пен үнтаспаға жаздырып, бүкіл халықтың рухани игілігіне айналукына ұйтқы болып жүрген азамат осы Талас. Ол Байжігіт күйлерінің ұзын-ырға сарын-сазын жеткізуші ғана емес. Ең бастысы, қазақтың қоңыр күйлері мен бойлауық күйлеріндегі Байжігіт заманында қалыптасқан домбырашылық дәстүрін жеткізуші. Домбырасының жасалу тәсілі мен үлгісінен бастап, перне тағу, құлақ күйін келтіру, тарту үлгілеріне дейін қыруар дерек пен тәсіл Таластың домбырашылығымен музыкалық мәдениетімізді байытып, Байжігіттің күйшілік дәстүрін бүгінгі ұрпаққа жұғысты етті.

         Байжігіттің күйшілік өнерінің өз кезінде тегеурінді болғанына жарық айғақ арада әлденеше ғасырлар өтсе де әсем сазды күйлерінің үзілмей жеткені болса керек. Кәзір күйбаққа түскені бар, ел ішінде тартылатыны бар, Байжігіттен жеткен жиырмадан астам күй белгілі. Олардың ішінде «Қайын сауған », «Қоңыр қаз», «Жетім торы», «Көкбалақ», «Қосбақан», «Дәлдіріен торы», « Сылаң торы», «Кербалақ»,  «Ерке атан», «Көктөбе», «Қашқан қалмақ», «Беласар», «Тоғыз тоты», «Секіртпе» сияқты күйлері сырлы сазымен, өзінді қолтаңба үлгісімен назар аударады. Бұл күйлердің қай-қайсысы да Байжігіттің жай ғана сұлу сазды әспеттен қоймай, өз тұсындағы тарихи-әлеуметтік өмір шындығына  дойлап барып, тебірене толғанғанын аңғартады. Содон да болу керек, йжігіт күйлері кейде сыртқы жинақылыққа мән бермей, іштей мүжіліп, іштей егіліп, тұңғиық тереңнен тебірене ой толғайды. Бұл ретте ол қазақтың күйшілік дәстүріндегі еліктегіш-натуралисттік күйлерден биіктеп, өмір құбылыстары туралы тұжырым-толғау дәстүрін орнықтырушылардың бірі деуге негіз мол.

         ...Енді бір ауыз сөз Абылайхан (XVIII ғ.) заманында өмір сүрген Байжігіт туралы. Бұл Байжігіт Арғын Күшеке бидің даласы. Сол кездегі құжаттарда Жаулыбаев деген фамилиямен белгілі. Жаулыбаев Байжігіт алғашқы кезде Әбілқайыр ханның төңірегінен көрінеді де, кейін біржола Абылай ханның қамқарлығында болады. 1742 жылдың     23-30 тамызында Әбәлқайыр хан мен Ералы сұлтан бастап, Үш жүздің батырлары, билері старшындары паиша ағзамғаадалдықтары үшін ант беріп, хат жазғанда қол қоюшылардың ішінде Жаулыбаевтың да аты бар. Яғни, бүл Байжігіттің де беделінің ауыл арасымен шектелмегенін көреміз. Кейін Жаулыбаев Байжігіт Тобылдың түрмесінде қамауда жатқанда Абылай сұлтан губернатор Сухаревке арнайы хат жазып (1745), босатуын өтінеді. Ал 1761 жылы  3 маусымда аудармашы Ф. Годеев Троицк бекінісінің коменданты П. Роденге жазған аса құпия рапортында Байжігіт батырдың Абылай сұлтан ордасында старшын болып жүргенін жазады. Ең соңғы бір дерек 1764 жылы     16 қарашада Сібір әскерінің командирі генерал-поручик     К. Шпигер сыптқы істер коллегиясына жазған құпия хатында: «Иә, бұған қоса, Байжігіт мырзаға (Абылай сұлтан өзгеге қарағанда бүл кісіге өзінің жалғыз сырласы ретінде ерекше ықыласты) 25 пұт астық берді»-дейді.

         Қысқасы, тарихи құжаттарда да, шежіре деректерде де Жаулыбаев Байжігіттің күші болған жөнінде ешқандай мағлұмат жоқ.

         Дәл сол сияқты Абылай ханның маңында Керей Байжігіт күйшінің болғаны жөнінде де ешқандай дерек жоқ. Әрине, Байжігіт сияқты дәулескер күйші Абылай ханмен замандас, Көз көріскен болса, оның да тарихи құжаттарда, не фольклорлық мұраларда бір ағайынның кездеспеуі мүмкін емес. Бұған қоса Абылай ханның өзінің де дәулескер күйші болғаны белгілі. Абылайдың күйлері ел ішіндегі күні бүгінге дейін тартылады. Басқасын былай қойғанда, Байжігітке Абылай хан күйші ретінде көңіл бөліп, Бір айғақ қалдырара еді ғой. Қалайда, Байжігіт күйшінің  XVIII ғасырда өмір сүргені жөнінде бұлтартпас  айғақ жоқ. Оның есесіне, шежіре қуалап келгенде Байжігіттің  XV-XVI ғасырда ғұмыр кешкені қолмен ұстатқандай сай келеді. Мұнда шежіре деректердің Шығыс Түркістанда                    (М. Әбдіқадырұлы) және Семей облысында (О.Хаймолдин) бідй айтулы Байжігіт күшінің XV-XVIғасырда ғұмыр кешкеніне күмән қалдырмайды.

Әсіресе, Байжігіттің «Қайың сауған» сияқты дау-дамайы жоқ төл күйі өзнің барша аңыз-әңгімесімен сол тарихи кезеңімен белгілі оқиғаларымен үндес.

Категория: Ән күй (музыка) | Добавил: Admin | Теги: Байжігіт(XVI-XVII, ӘН КҮЙ (МУЗЫКА), ғғ.)
Просмотров: 5692 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]