Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Өскенбай Қалманбетұлы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ән күй (музыка)]
03.02.2012, 17:00
Өскенбай Қалманбетұлы (1860, Маңғыстау түбегі, Жетібай – 1925, Жетібай кенті, «Қырғын» әулие қорымы) – халық күйшісі, ақын-жыршы. Мергендік, аңшы-саятшылық және атбегілік өнерлерімен де айналысқан. Маңғыстау, Хиуа аймағына әйгілі Абыл, Есір, Мылқайдар, Ілекер мен Жоламан күйшіден, Нұрым мен Қашаған ақыннан тәлім-тәрбие алған. Түрікмен дутаршысы Ілбай бахшымен күй сайысына түсіп, үздік өнерімен елге танылады. Сапармәмбет Өтеулі сияқты түрікмен күйшілерімен, Тәңірберген, Жолды, Арал, Сәулебай, Жәкен, Көпеш сияқты қазақ күйшілерімен бір жүріп өнер қуады. Өскенбай – «Адайдың жеті қайқысы» атанған сал-серілердің бірі. Ол қазақ, түрікмен күйлерін шебер орындайтын арқалы ақпа-төкпе домбырашы және қолма-қол күй шығаратын ерекше талант иесі. Репертуарында 300-ден аса күйі болған. Өскенбайдың өзі шығарған күйлерінен біздің дәуірімізге 50-ге жуығы («Жастық дәурен», «Шалыс өре», «Шоқай күйі», «Шөлмек сынған», «Ыңғай төкпе», т.б.) жетті. Ақынның «Балқасым биді жеңуі», «Ырзабек», «Бурабек байларды әшкерелеуі», «Әлмағанбет байды тілдеуі», «Қоштасу», «Жирен жорға», «Жеті бұлбұл», «Ақерке», «Қаракөз», «Кербез Айша», т.б. өлең-толғаулары да бар. Ө. шығармаларының негізгі идеясы – өнерді ардақ тұту, елдік, ерлікті, кісілік пен адамгершілікті насихаттау. Өскенбай мұрасын кезінде баласы М.Өскенбаев Қазақстан ҒА-ның қорына және күйші мұрасын жинаушыларға табыс еткен. Өскенбайдың өлең-толғаулары А.Жұбановтың «Қазақтың халық композиторлары» (1962) кітабында, сонымен қатар «Ақберен» (1972) мен «19 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985) жинағында жарияланған.
Категория: Ән күй (музыка) | Добавил: Admin | Теги: Өскенбай, ӘН КҮЙ (МУЗЫКА), Қалманбетұлы
Просмотров: 2614 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]