Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мазмұндамалар жинағы
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Русский язык]
08.02.2012, 21:57
Бұл көмекші құрал оқу орыс тілінде жүретін жалпы орта білім беретін мектептердің 9сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылды.

Негізгі мақсаты-оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу.
Бұл құрал тілдің грамматикалық белгілері мен ерекшеліктерінің сырын,оның әлеуметтік мәнін ашып,тіл мәдениетін арттыру, шығармашылық ізденіс, іскерлік дағды қалыптастыруға септігін тигізеді деген талаппен жасалды.Осы құралды тереңдетіп оқытатын сыныптар үшін де пайдалануға болады.



Орыс тілінде оқытатын

мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен

9-сыныптарға арналған
мазмұндама жинағы.







Павлодар қаласы-2006 жыл.

Түсінік хат.


Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудағы мақсат- оқушыларға тіл үйрету, яғни қазақ тілінде біршама сөйлей білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Мазмұндама жиынтығынын мақсаты:оқушының жазба тілін дамытуға,сауаттылыққа, әдеби тіл нормаларын игеруге, күрделі ойлау формасының қалыптасуына, ой қорытысын жасауға/дедуктивтік, индуктивтік, аналогиялық/септігін тигізеді.



Тауық, тышқан және құр.
Ерте заманда тауық,тышқан, құр-үшеуі бір тұрыпты.Бір күні тауық арпаның дәнін тауып алыпты.Ол қуанғаннан:
-Дән таптым!-деп айқалапты.
-Мұны тиірменге апару керек.Кәне, қайсың алып жүресің?-депті тауық.
-Мен апара алмаймын,-депті тышқан.
-Мен де апара алмаймын,-депті құр.
Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті.Тиірменге тарттырыпты.
Тауық:
-Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?-депті.
-Мен апара алмаймын,-депті тышқан
-Мен де апара алмаймын,-депті құр.
Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.
-Кім қамыр илейді?-деп сұрапты тауық.
-Мен илей алмаймын,-депті тышқан.
-Мен де илей алмаймын,-депті құр.Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:
-Кім от жағады?-деп сұрапты.
-Мен жаға алмаймын,-депті тышқан.
-Мен де жаға алмаймын,-депті құр.Отты да тауық өзі жағыпты.
-Пешке нанды кім салады?-деп сұрапты тауық.
-Мен сала алмаймын,-депті тышқан.
-Мен де сала алмаймын.,-депті құр.Нанды да тауықтың өзі салыпты.
-Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.
Тауық нанды алып қойыпты да:
-Мұны кім жейді?-деп сұрапты.
-Мен,-деп тышқан стол қасына келіп отырыпты.
-Мен де жеймін,-деп,құр да стол қасына келіп отырыпты.

(110 сөз)



Мазмұндама.

Түске алданғандар.

Үш аңшы ауға шығыпты.Күн бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты.Аңшылар әбден шаршап,бір өзеннің жағасына келіп түнейді.Үйректі пісіреді.Үйрек піскен соң, бір аңшы:
-Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз,сондықтан біреуіміз ғана жейік,-депті.
-Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық.
-Кім жақсы түс көрсе,үйректі сол жесің,-депті бір қу жігіт.
Түн ортасында қу аңшы тұрып,үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды.Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:
-Қандай түс көрдіңдер?-деп сұрайды.
-Мен ақ боз атқа мініппін, басыма алтын таж киіппін,патша болыппын.,-дейді
-Мен жұмаққа кіріппін,жұмақта қор қыздарымен бірге жүр екенмін,-депті.екінші аңшы.
Сонда қу аңшы айтыпты:
-Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым.Бірің патша болған соң,енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым,-депті.

(108сөз)


Қожанасыр.

Бір бай той жасапты.Тойға көп адам келіпті.Қожанасыр да келіпті.Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен.Қожаны ешкім елемепті,бұған төрге шық, тамақ же демепті.Қожа ақырындап далаға шығыпты.Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп,қайта келіпті.Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:
-Қожаке,алыңыз,алыңыз!-деп қадірлепті.Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып:
-Же,шапаным ,же,-деп отыра беріпті.Үй иесі өкпелеп:
-Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?-дейді.
Сонда Қожа:
-Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің.Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,-деп жауап беріпті.
(98 сөз)

Ақселеу.

Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты.Оның біреуі-Ақселеу де, екіншісі-Абыз.Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
-Ақселеу,қаш,әне,ит келіп қалды!-деп,Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды.Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды.
Абыз Ақселеудің жанына келіп:
-Мен қаш дегенде неге қашпадың?Қашсаң,сен де аман қалатын едің,-деді.
-Мен қашсам, денсаулығын жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім.Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,-деді Ақселеу.
-Ақселеу бала да болса, азамат екен!-деді екеуінің әңгімесін тындап тұрған бір ақсақал сүйсініп.
(М.Төрежанов.) (105 сөз)

Құлын.
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді.Оны ана ағашқа байлап қойды.Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі-ақ.Жанына жақындауға қорықтым.Біраздан кейін тәуекл еттім.Құлын менен үркіп ,біраз жерге ұзап барып,қарап тұрды.Қайта келіп,есік алдындағы шелекті иіскелей бастады.”Жануар-ай, шөлдеген екенсің ғой”деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым.Құлын жасқана басып суға жақындады.Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп,пысқырынып шегінді.Суды азайтып ағыздым.Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті.Осылайша екеуіміз достасып кеттік.Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады. (“Балдырған”журналынан.) 103 сөз)
Ойын.

Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр.Екеуі допты әрі тепті, бері тепті.Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды.Енді допты соған дәлдеп ұрды.Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті.Ораз добын іздей бастады.Қараңғыда допты әрең тауып алды.
Сыртқа беттеген.Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті.Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды.Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
-Қорықпа.Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,-деді Асқар.
-Мен өтірік айтпаймын.Байқаусызда төгіп алдым деймін,-деді Ораз.
( 93 сөз)

Үй шаруасы.

Мұғалім сабақ сұрағанда,Мұрат білмеді.
-Сабақты неге білмейсің?Оқымадың ба?
-Қолым тимеді, ағай!
-Не істедің?
-Үй шаруасымен айналастым.
-Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
-Әкем үйде жоқ.Жолаушы кеткен.Апам ауырып жатыр.
Мұғалім аяғандай болды.
-Отыра ғой,шырағым!-деді.
Ертеңіне Мұрат Оқуға келмей қалды.Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық.Әбден терлеген, шаршаған екен.Біз жабылып отынын тасып бердік.Аттарына,сиырларына шөп салыстық.
(А.Байтұрсынов.) ( 95сөз)

Жаман жолдас.
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті.Олардың біреуі әлсіз,ауру екен.Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап,жүгіріп барып,бір ағаштың басына шығып кетеді.Ауру,әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды.Ол жерге етпетінен түсіп,өлген кісідей, дем алмастан жата қалады.Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен.Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп,дыбысы білінбеген соң,жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:
-Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?-депті.
-Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,-деп досы жауап беріпті.
( 98 сөз)


Торғай.
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін.Итім жүгіріп бара жатқан.
Ол кенет жүрісін тежеп,құстың иісін сезгендей бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым.Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім .
Ол ұясынан құлап түсіпті.Ит балапанға ептеп жақындай бергенде,кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды.
Ол жан ұшырып,өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды.Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды.Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп,даусы шыр-шыр етеді.Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.
Мен итімді тез өзіме шақырдым.Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды.Мен жөніме кеттім.
(И.Тургенев.) (102 сөз)

Қолқанат.

Сәкен шаруаға ұқыпты болды.Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді.Ағайынды жетеуміз.Сәкен бәрімізден үлкен.Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі.Біз оянып, далаға шыққанда,Сәкен есік алдында жүреді.Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді.Мөлдір бұлақ басына барамыз да,жуынамыз.Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима,Халима,Сәлималарды жуындырады,шаштарын тарап,өріп береді.Содан кейін барып,өзі жуынады.Біздің күндегі әдетіміз-осы.Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.
“Айналайын,менің ақ қаздарым”,-деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады.Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
-Қолқанатым менің!-дейді.
(М.Сейфуллин) (105сөз)
Категория: Русский язык | Добавил: Admin | Теги: Мазмұндамалар, русский язык, жинағы
Просмотров: 23025 | Загрузок: 1210 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 3.4/15
Всего комментариев: 4
4 амиль  
аю туралы мазмұндама

3 Құндыз  
Алатау бөктерінде атты шығарма срочно керек , ертеңге!!! Өтінемін!!!

2 Asel  
Достар,көмектесіңдер!Екі дос деген тақырыпқа мазмұндама керек!Шұғыл түрде!Авторын білмеймін!Алдын ала көп рахмет!!!!!

1 жазира  
қаблан туралы мазмұндама керек 8 сыныпқа арналған

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]