Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ағылшын тілі,орыс тілі балабақша жылдық жоспар
[ Скачать с сервера (13.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ағылшын тілі]
31.08.2015, 09:45

 

Сабақта тіл дамыту жұмысын белгілі тақырыптарға негіздей отырып тілдік процесстің төмендегідей басты мәселелерін үйретуге болады.

Ол мәселелер мыналар:
- Белгілі бір тақырыпты оқытуға байланысты баланың сөздік қорын дамыту.
- Тақырыпта кездесетін жаңа сөздерді үйрету.
- Ауызша сөйлем құрауға үйрету.
- Сөз бен сөзді байлыныстыруға, ауызша ойларын жүйелі әңгімелеуге жаттықтыру.
Осы айтылғандар күнделікті сабақта белгілі бір тақырыпқа байланысты бір тұтас жүргізіліп отырғанда ғана тіл дамыту жұмысы жүйелі де жоспарлы түрде өтіледі.Әрине, балабақша балаларына ойын арқылы жүзеге асады.
               Ойын — қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру .
              Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы бала неге үйренеді:
- Қисынды ой-қабілетін дамытады;
- Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
- Сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
- Зейіні қалыптасады;
- Байқампаздығы артады;
- Өзара сыйластыққа үйретеді;
- Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
- Бір-біріне деген бала сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;
- Сабаққа қызығушылығы артады.

Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың қазақ тілі пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.
Ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге не береді?- деген сұрақ туындайды. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімділігін келесі жағдайлар сипаттайды:
- Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады.
- Білім сапасын арттыра алады.
- Оқушының білімін кез келген уақытта бағалай алады.
- Уақытты үнемдейді.
- Оқу материалын визуализациялауға көмектеседі, әсіресе бүгінгі компьютерлік бағдарламалардың анимациялық мүмкіндіктеріне орай бастауыш сынып оқушыларына елестетуге қиындық туғызатын құбылыстар мен процестерді көзбен көру және есту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
- Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі.
- Шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады.
- Оқуға деген қызығушылығын арттырады.
- Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады.

- Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді.
- Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады, өзін-өзі бағалауға дағдыландырады.

...

Категория: Ағылшын тілі
Просмотров: 4090 | Загрузок: 181 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]