Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Әлеуметтік топтар (Слайд шоу)
[ Скачать с сервера (130.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Әлеуметтану және құқық]
24.10.2013, 22:57
Әлеуметтік топ —жеке тұлғалардың ортақ, ын-тымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлес-тігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ор-тақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді.

топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон).

Топтар

Еңбекші шаруалар табы (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен);
Жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін);
Жер иеленушілер табы (кәсібі - жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай);
капиталистер табы (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі - жер
иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай).
Категория: Әлеуметтану және құқық
Просмотров: 8098 | Загрузок: 1181 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]