Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Шегіртке мен жабайы аңдар. Сыныптан тыс іс-шара жоспары
[ Скачать с сервера (14.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Өзін өзі тану]
18.05.2016, 19:14

Сабақтан тыс іс-шараға ертегіні алып отырмын. Құндылығы: Сүйіспеншілік.Рөлдерге бөлінген.Ертегінің не туралы атылғаны қорытынды бөлімде жазылған.

 

Тақырыбы: «Шегіртке мен жабайы аңдар» ертегісі Құндылық: Сүйіспеншілік

Мақсаты:  Жақсылық жасауға ұмтылу, қамқорлыққа үйрету, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіру


Іс шараның барысы: 

Рөлдерде:

Шегіртке- Айжан

Аю-Еламан

Түлкі- Жансая

Кірпі- Мөлдір

Қоян- Салтанат

 

Мәтіні:

- Ерте, ерте, ертеде, ертегілер елінде әнші шегіртке болыпты. Шегіртке жаз бойы ән айтып, би билеп скрипка ойнайды.
Күн артынан күн өтіп, жаз да, күз де бітіп, қылышын сүйретіп қыс келеді. Орман іші ертегідей тыныштыққа бөлінген. Көп қар жауып, күшті аяз болды.
Әбден тоңған шегіртке ән айтуға шамасы келмейтін болды. Шегіртке дірілдеп ағаш түбіне отырып:
- Енді күнім не болмақ? Бекер жүрісті қойып, тамақ тауып жейін. Жақын жерде аюдың апаны бар еді. Аюға барып бір амалын табайын.
- Тук, тук. Аю ағай, аман ба?
- Бұл кім?
- Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
- Қыс боларын біліп пе едің? Қыста орман аңдары ұйқыға кетеді, олар қорегін жазда жинап алған.
- Ұйқымды бұзба, әніңді айтып, билей бер.
Шегіртке дірілдеп келіп бұта түбіне отырады:
- Енді күнім не болмақ?
- Жақын маңда түлкінің іні бар еді деп түлкіге келеді
- Тук, тук
- Бұл кім?
- Түлкі апай, аман ба?
- Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
- Қыс боларын біліп пе ең?
Қыстың қамын жазда ойла. Мен ұзақ жолға шығып барам. Қар астынан азық іздеп жеймін мазамды алма. Әніңді айтып, билей бер дейді түлкі
Шегіртке енді күнім не болмақ, деп кірпі қыздың үйіне келеді
- Түк, түк
- Бұл кім?
- Кірпі апай аман ба?
- Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
- Қыс боларын біліп пе ең? Менің інім тар. Өзім жапыраққа оранып, ұйықтап жатырмын, мұнда саған орын жоқ. Бар әніңді айтып билей бер.
Шегіртке дірілдеп келе жатып, бұта түбіндегі қоянды көреді.
- Сәлем бердік қоян - жан.

- Мына суыққа аяздан құтқар, тоныңды бер, қыс біткенше асыра.
- Қыста тонымды ауыстырып жауларымнан қорғанамын, ағашты кеміріп, күндіз ұйықтаймын, түнде жүгіріп азық іздеймін, мазамды алма, әніңді айтып билей бер.
Шегіртке дірілдеп құлап түседі.
- Мұнда келіңдер, шегіртке құлап қалды. Аңдар келіп шегірткенің аяқ қолын уқалайды, ыстық сүт беріп, жылы төсекке жатқызады. Шегіртке көзін ашады.
- Мен қайдамын(дірілдеп)
- Қорықпа енді біз сенімен біргеміз.
- Қамқорлықтарыңа рахмет.
- Менде қыстың тіршілігін жазда жасаймын.
Аңдар өздеріне жинаған азықтарын шегірткеге сыйлыққа береді.
- Рахмет, рахмет. Мен де сендерге мына әуенімді сыйлаймын. Аңдар көңілді билейді.

      Қорытынды: Әрдайым адамдарға қиын жағдайға тап болғанда жанашыр бола білу, қамқорлық көрсету, жәрдем беру керек. Ертегінің соңында барлығы бірігіп азықтарын беріп, сыйлық беріп, ұйымшылдықпен, сүйіспеншілікпен көмек көрсете білді. Жанашырлықты сөзбен ғана емес, іс-әрекетпен, мінез-құлықпен таныту – жақсылықтың белгісі болып табылады.

 

Әні мен сөзі: Сәкен Майғазиевтікі

              «Достар»

1.Достарым ақ жүректі

Қарсы алыпты лепті

Жарасып өздеріңмен сан жыл өтті.

Көңілім алып ұшып

Тәтті өмір балын ішіп,

Кездессем өздеріңмен сағынысып.

                  Қ-сы

Достармен жаным бір деп

Достармен бағым гүлдеп.

Жан жүрегім ән салады

Сендерді сағындым деп.

Көздер-ай нұр жинаған,

Көздер-ай бірге ойнаған

Достар барда шуақ шашқан

Шырайлы күндей болам.

          

2.Достармен мәңгі біргемін

Сендерсің ән жырымның

Куәсі балалық шақ, бал ғұмырдың

Көздерінен күн көрінген.

Сырласар шын көңілмен

Достарды аялайық бірге жүрген.

Категория: Өзін өзі тану
Просмотров: 2465 | Загрузок: 48 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]