Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Адами капитал
[ Скачать с сервера (25.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Рефераттар]
28.02.2013, 19:32

Адами капитал - жұмыскердің еңбек ету мүмкіндігін, олардың еңбегінің жемісі болуын, еңбек өнімділігі мен сапасын кетеретін білім, біліктіліқ ілім, тәжірибе нысаныңда адамдарға салынатын капитал. Адами капитал заттық (жеке) капиталдан: сатылмауымен, сатылып алынбаушылығымен, тек қана адам капиталы жасаған қызметтер ғана сатылатындығымен дараланады. Адам капиталын иеленуші оның қожайыны да бола алады. Адам капиталын құру үшін материалдық қаражат жеткіліксіз, осы капиталды иеленушінің еңбегі, сонымен қатар отбасы мен қоғамның рухани және мәдени салымдары қажет.

Қарапотырсақ, Жолдаудыңрет­тіксаныонбесінші, яғни, Пре­­зидентіміздіңбұлигідәс­түр­діөзініңелбасылықсалтынаен­гіз­­генінедеонбесжылдыңжүзібо­лыптыдегенсөз. Талқылау ба­рысында осы Жолдауға орай ға­лымдар ұжымын ой­лан­ды­рып, толғандырған келелі мә­се­лелердің баршылық екен­ді­гі байқалды. Талқылауға қа­­тысқандардың назарын әсі­ресе көбірек аударғаны – «Қа­зақс­тан­дағы адами ка­пи­тал­дың са­па­лы өсуі» деген тақырып.  Осы бір тарихи құжаттағы «Бұл, ең алдымен, білім беру мен ден­сау­­лық сақтау» делінген сөзден туын­дайтын ойлардың өзі қан­ша­ма.

Еліміз тәуелсіздік ал­ға­лы ай­тылып келе жатқан мә­се­ле­нің бі­рі адам факторы бо­лып та­былатындығы сөзсіз. Өйт­ке­ні мемлекеттің  іргетасын қа­лау­шы күш болып табылатын әр­бір адам сол мемлекеттің ба­ға жетпес капиталы да. Басқасын айтпағанда, біз­дің жұмыссыздықты ең­се­ру ба­ғытында жеткен та­­быс­та­ры­­мыздың өзі ха­лық­ара­лық қа­­уымдастықтың назарын ау­­да­рарлықтай деңгейде. Эко­­но­­ми­калық дамудың өт­пе­лі ке­зе­ңін­дегі Қазақстан жағ­да­йында  жұ­мыс­сыздықтың біршама белең ал­ғаны рас. Бірақ бұл өзекті мә­селені шешу жолындағы мем­лекеттің мақсаткерлікпен жүр­гізіп жатқан жұмыстары өз нә­тижесін бере бастаған.

Басқа     дамушы    мемле­­кеттерді былай қойғанда, эко­но­микалық жетістіктерге қол жеткізіп отырған ал­дың­ғы қатарлы елдерде де жұ­мыс­сыздық дерті шешіліп бол­ма­­ған әлеуметтік кертартпа құ­былыс. Белгілі қоғам қай­рат­кері әрі ғалым-журналист У.Қа­лижановтың келтірген де­рек­те­ріне қарағанда, бүгінгі таңда Аме­рика Құрама Штаттарында жұ­мыссыздық 9 пайыз, Анг­лия­да 8,2, Ирландияда 12, ал Гре­кияда 30 пайыз болып отыр. Ал тәуелсіздігін алғанына жиыр­ма жыл толған Қазақстан елін­де бұл көрсеткіш қазіргі таң­да 8 пайыздан 5 пайызға ке­міген. Жұмыссыздық пен кү­ре­су осы­лай қарқынды түрде жал­ға­сын та­батын болса, алдағы жыл­дар­да бұл көрсеткіш одан әрман тө­мендей түсуге тиісті екендігін се­німмен айтуға болады.

Бір жолғы талқылау нақты бір тақырып төңірегінде өр­бі­ді. Жолдаудың жетінші тар­ма­ғында көтерілген «Адами ка­пи­талдың сапалы өсуі» деген мә­селеде  Президент білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін ал­дыңғы қатарға шығарады. Бі­лім мен ғылым өзара сабақтас са­лалар  болып келгендіктен, бұ­­лар­дың ішінде айтылған ой­лар мен ұсыныстардың біздікі сияқ­ты ғылыми мекемелерге тікелей де, жанама да қатысы барлығы сөз­сіз.  Ғылым – мем­лекеттің тек ру­хани ғана емес, зияткерлік те құн­дылығы. Өзі­нің болашағын, ұлт­тық қауіп­сіздігін қамтамасыз ет­кісі ке­летін мемлекет қашанда бұн­дай өзекті ахуалдарға жете кө­ңіл бөліп отыруы тиіс.

Бесінші рет шақырылып отыр­ған Парламенттің бірінші сес­сиясында Елбасымыз Н.Ә.На­­­зарбаев атап өткеніндей, бү­гінгі таңда білім саласын мо­дер­низациялау үдерісі белсенді түр­де жүргізілуде. Білім және ғы­лым министрі Бақытжан Тұр­сынұлы Жұмағұлов атап өт­кеніндей, білім беруді қар­жы­ландыру 2011 жылы 25 па­йызға артып, 1 триллион тең­ге­ден асып түскен. Бұл деген  – қарапайым арифметикамен ше­шіп тастауға болмайтын есеп­сіз қыруар қаржы. Оқу­шы­лар мен студенттердің әлеу­мет­тік жағдайын жақсарту ба­ры­сындағы іс-шаралардың бет алы­сы да қарқынды, Мемлекет бас­шысының тапсырмасы бо­йын­ша 2015 жылға дейін сту­денттер үшін тағы да 93 жа­тақ­хана, соның ішінде Астана жә­не Алматы қалаларында екі студенттер қалашығы тұр­ғы­зыл­мақ. Мұндай ұнасымды әлеу­мет­тік мысалдар еліміздегі адам ка­питалының сапасын өсіруге ті­келей ықпалын тигізсе керек.

Міне, сондықтан ғалымдар қа­уымы, Президенттің кезекті Жол­дауын осы тұрғыдан са­рап­тай келе ерекше көңіл бө­­лінетін патриотизм, мо­раль мен парасаттылық нор­ма­лары, ұлтаралық келісім мен то­леранттылық, тәннің де, жан­ның да дамуы, заңға мо­йын­­ұсынушылық сияқты са­ла­лар екендігін атап өтті. Өзі­міз­дің бұ­қаралық тілімізге са­лып айт­қан­да, бұл дегеніңіз қо­ғам­дағы иман­дылық ахуалын нығайту де­ген сөз.

Елбасының лексикалық қо­ры­нан орын алған сөздердің бі­рі – патриотизм ұғымының мә­ні­сі белгілі, ал «Қазақстандық пат­рио­тизм» деген ұғымға қандай тү­сініктеме беруге болады? Елі­міздің қай азаматы да ота­нын сүйетін патриот болуы ке­рек екендігі белгілі. Ал көп ұлт­ты жағдайда патриотизмнің кө­ріністері, негізгі сипаттары қан­дай болуы тиіс деген мә­се­ле ойландырады.  Басқа  ұлт өкіл­дерін былай қойғанда, Қа­зақс­танның байырғы халқы қа­зақ­тардың өздері қаншалықты дең­гейде патриот? Қазақстан жағ­дайындағы патриотизм мә­се­лесінде құрғақ популизмге бе­рілудің керегі жоқ. Мәселеге өмір­дің ащы шындықтары тұр­ғы­сынан көзімізді ашып көре оты­рып, реалистік тұрғыдан са­рап­тай білген жөн.

«Еліміздегі барлық  оқу орын­­да­рында, – дейді  Пре­зи­­дент, – қазақ тілінде оқы­ту үрдісі жү­ріп жатыр. Осы­ның бә­ріне де­путаттар мен мем­ле­­кеттік қыз­мет­тегілер өз  үлес­те­рін қосулары  керек. Мә­се­ле­ні  осылай шешу қажет». Егер мәселеге  нақтылап ке­ле­тін болсақ, Қазақстандық пат­­риотизмді нығайту жо­лын­­­дағы шаралардің бірі осы айтыл­ғандар. Өйткені пат­­рио­тизм ұғымы ұлттық қа­уіп­сіз­дікпен, мемлекеттің мыз­ғы­мас идеологиясымен астасып жат­қан ұғым.

Осындай жағдайда Қа­зақс­танды мекендейтін басқа ұлт­тың диаспораларының бәрін пат­риот деп сеніммен айта ала­мыз ба? Сөйтіп тұжырымдай са­лайық десек, қоғамдағы же­келеген кейбір көріністер ой­лан­дырады. Мысалы, ана жылы Қа­­зақстан мен Түркияның фут­бол командалары Алматыда  ха­лықаралық кездесу өткізген кез­де осы елде тұратын түрік аза­маттары Түркия жалауын алып көшеге шықты. Сонда олар қай командаға жанкүйер бол­ды? Ондай азаматтарды елі­міздің патриоттары деп айта ала­мыз ба? Қазақ тілін білмей-ақ, Қазақстанның патриоты болуға бола ма? Осыған ұқсас мы­сал­дар­дың әр кезеңде шаң беріп қа­лып отыратынын қаперде ұстау ке­рек.

Немесе мына бір оқиғаны ес­ке алайық. Петропавловск қа­­ласының атын бұрынғы Қы­зыл­жар атауымен өзгертейік де­ген ұсынысқа Парламенттің ұл­ты қазақ бір депутаты «Егер біз Петропавловск атауын қа­зақ­шалайтын болсақ, орыс­тар­дың бәрі Ресейге көшіп кетеді» де­ген ұшқары пікірді айтып сал­ды. Сонан кейін бұл мәселені қай­та-қайта көтеріп жүрген ел патриоттарының аузына құм құйылды да, бәрі үндемей қал­ды. Расында да солай ма?

Бұл арада бас жарып, көз шы­ға­ратындай ештеңе жоқ болатын. Бі­ріншіден, ір­ге­сі қаланған күн­нен бастап Петропавловск қа­ла­сын жер­гілікті тұрғындар «Қы­зыл­жар» деп атап келген. Та­ри­­хи құжаттарға үңілейік, бас­­қа­сын былай қойғанда, Сә­бит Мұ­қановтың «Өмір мек­те­бінің» екін­ші кітабында осы мәселе ек­жей-текжейлі жа­зыл­ған. Не­ме­се сол қаланың ту­ма­сы Мәжит Дәу­лет­баев өзі­нің атақты романына не­ге «Қы­зыл­жар» деп ат қойған? Дә­лелді себептер жеткілікті, бі­рақ тарихи әділеттілікті қалпына кел­тіруге шамамыз жетпей жүр.

Екіншіден, қаланың атын қа­зақшаланғаны үшін тұр­ғын­да­рының көрші елге ауа көшіп ке­туі ақылға сия ма? Бірен-са­ран­дары тіпті сөйтіп көшіп кет­ті-ақ дейік. Сонда болмашы нәр­се үшін басқа елге қарай тұ­ра қашатын адамды қалайша Қа­зақстанның патриоты деуге бо­лады? Үшіншіден, қазақ халқы өзі жеріндегі топонимикалық атау­ды, сонымен бірге тарихи әді­леттілікті қалпына келтіріп жат­са, басқа ұлт өкілдері не­ге түсіністікпен қарамауы тиіс? Президент айта беретін то­­лернаттылықтың нағыз кө­рі­нетін тұсы осындайда емес пе? Неге біз толеранттылықты ба­йырғы ұлттан талап етеміз де, басқа халықтардың диас­по­раларынан талап ете ал­май­­мыз? Бұл не сонда? Кез кел­ген мемлекеттің, соның ішін­де Қазақстан азаматтарына қо­йы­ла­тын талаптар бірдей болуы ке­рек емес пе?

Алдағы уақыттағы осын­дай ұлтаралық араздықты қоз­дырғысы келетіндерге жа­уа­бы­мыз ғылыми негізде даяр тұр­ғаны абзал. Міне, биылғы Жол­даудағы патриотизм жайлы әң­­гіме баршамызға осындай жа­уап­кершілік жүктейді.

Президент «то­ле­рант­ты­лық» де­ген сөзді тек қазақтарға ға­на айтып жүрген жоқ. Қазақ хал­қының мүддесі үшін басқа ұлт диаспораларының өкілдері де толеранттылық көрсете ала­ты­ны сөзсіз. Оған саналары да, тәр­бие­лері де қаптал жетеді. Біздің бір ескермейтініміз – таяқтың осын­дай екінші ұшы..

Бір ауыз сөзбен түйіндей кел­генде, Президенттің биылғы Жол­дауы адам капиталының са­­палы өсуін көтере отырып, кө­­зіқарақты, жанашыр аза­мат­тар­дың барлығына объективті жа­уапкершілік жүктейді.

Категория: Рефераттар
Просмотров: 4809 | Загрузок: 249 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]