Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қыздарға әсемдік жарасады (Қыз сыны байқауы) 8 наурыз
[ Скачать с сервера (68.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Рефераттар]
24.02.2015, 13:14

Қыздарға әсемдік жарасады (Қыз сыны байқауы) 8 наурызға арналған мерекелік іс шара

Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына Өмір, Жылылық, Әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келеді. Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар!

    8 наурыз мерекесі! Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні тамаша әйел –аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күні 8 наурыз күні әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді?

    1908 жылдың 8 наурызында тұрмыстың ауыр жағдайына төзе алмаған Нью – Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты. 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халықаралық конференциясы 8 наурызды «Жұмысшы әйелдер күні» деп белгілеп, оны жыл сайын әйелдер пролетариатының халықаралық ынтымақтастық күні ретінде атап өту туралы шешім қабылдады. Ресейде 8 наурыз күні алғаш рет 1913 жылы мерекеленді.

   Наурыз айының басында біздің еліміздің  көптеген қалаларының көшелерінде, кең байтақ даламызда әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Бұл мереке жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

  •     Құрметті ұстаздар, ару аналар, қылықты қарындастар, сырлы жеңгелер! Сіздерді алдағы келе жатқан мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен оздырылып отырған  «Қыздарға әсемдік жарасады...» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!

 

         Олай болса аруларымызды ортаға шақырмас бұрын байқау шарттарын таныстырып өтейін.

  1. Мен қазақтың қызымын (өзін - өзі таныстыру)
  2. «Халқын сүйген – салтын сүйер» (салт – дәстүрге байланысты сұрақтар)
  3. Ас – адамның арқауы (дастархан мәзірі, салат жасау)
  4. Өнерліге өріс кең (өнер байқауы)
  5. Қыздарға әсемдік жарасады (киім үлгісі)

          а) мектеп формасы;

          ә) кештік көйлек үлгісі;

          б) ұлттық киім.

    Байқаудың бағалануы 5 балдық жүйе.

    Байқаудың талаптары:

  1. Өзін - өзі ұстауы;
  2. Сөйлеу мәдениеті;
  3. Жүріс – тұрысы;
  4. Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы;
  5. Білім деңгейі.

 

 

Жас күнінде жалындау бар, жану бар,

Үлкендерден үлгі өнеге алыңдар.

Көрерменге өнерін паш ететін,

Қош келдіңдер кіп –кішкетай арулар!

 

Армысыздар, қадірменді асыл халқым,

Арта берсін абырой, атақ – даңқың.

Қарсы алайық, құрметтеп аруларды,

Ұстаған қазағымның ата –салтын – деп, ортаға бүгінгі сынға түскелі отырған аруларымызды шақырайық.

 

1 . Қос бұрымы арқасында өрілген,

Көрінсінші бір биіктің төрінен.

Гүлі боп әркез туған елінің.

Назерке шықсын сыпайылық ізімен. /5 сынып оқушысы Ерболат Назеркені қарсы алайық/

 

2. Қос жанары мөлдіреп

Мақтадай боп үлбіреп

Сахнаның сыртында

Диана тұр елжіреп. . /5 сынып оқушысы Өтепберген Диананы қарсы алайық/

 

3. Аруымыз білімді

Меңгерген бар ілімді

Ата –анасы мәз болар

Алады деп тілімді.

Шақырамыз ортаға

Беркімбай Айнұрды /7 сынып оқушысы Беркімбай Айнұрды қарсы алайық/

 

4. Қыз баланы құрметтеген қазағым,

Аруларға ақындар жыр жазады.

Қошеметпен шақырайық ортаға,

Сайысқа келген өнерлі қыз Айымды /7 сынып оқушысы Аман Айымды қарсы алайық/

 

5. Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айымен таласатын

Өнеріне көркі сай келіп тұрған

Данагүлге  қызығып қарасатын. /7 сынып оқушысы Искакова Данагүлді қарсы алайық/

6. Көктем келді жердің беті қырмызы

Қыз деген ата –анасының құндызы.

Бұл сайысқа бар өнерін салатын,

Ару болар Мадина атты бір қызың./8 сынып оқушысы Нариманова Мадинаны қарсы алайық/

7. Қазақ елім тәуелсіз боп танылған,

Бақыт құсы ұшпаса екен бағымнан.

Көрерменге көрсететін өнерін,

Сайыскердің бірі ортада Айсара. /8 сынып оқушысы Кенжеғалиева Айсараны қарсы алайық/

 

8. Мың бұралып билеген

Көп алысқа бөленген

Көрсетеді өнерін

Анасынан үйренген – деп, ортаға /9 сынып оқушысы Бектелеуова Қызғалдақты шақырайық/

 

  Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Көктем аруын таңдап бүгін алуға – деп, байқауымызыд бастамас бұрын қыздардың өнерін, еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныс болайық.

 

  1. Әділқазылар алқасының төрайымы:  бастауыш сынып мұғалімі, кәсіподақ ұйымының төрайымы Садыхова Менсулу Декабровна
  2. Мүшелері:

                         ата – аналар комитетінің төрайымы:

                          Сағындықова Алмагүл  Максимовна.

                         Тегісшіл ауылдық кітапхананың кітапханашысы:

                         Искакова  Гүлсім Наримановна

                         Техникалық қызметкер:

                         Маушева Алия Жендеткалиевна

                         9 сынып оқушысы, оқу екпіндісі:

                         Лұқпанов Әлішер Нұрболатұлы

 Есепші комиссия: физика пәнінің мұғалімі Болатова Әная Бауыржанқызы

 

І тур: Мен қазақтың қызымын

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұщқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді. Ортаға 1 – нөмірлі аруымызды шақырамыз....

 

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарды,

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын – дей отыра, салт –дәстүрге байланысты сұрақ – жауап бөліміне кезек береміз.

 

 

ІІ тур: «Халқын сүйген – салтын сүйер» /сұрақ - жауап/

  1. Аушадияр. Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Және жәй өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Көркем шығармашылықпен айтылатын той көркі, салтанат сәні, өнегелі өнер. Мұны іздеп тауып, өмірге әкелген көп жасағыр жазушы Уахап Қыдырханов екен. Аушадияр жырының үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Шынын айту керек бұл қазіргі Қазақстан елінде айтылмайды, халық жадынан мүлде шығып кетіп ұмыт қалған. /үйлену тойы үстінде айтылады/
  2. Түйемұрындық. Ұзатылып келе жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.
  3. Базарлық. Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші көлемдеріне, сылас адамдарына, жас балаларға ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабалданады. Бұл дәсүрді қалай атайды.
  4. Бәсіре. Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң- солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Бала оны ерекше күтімге алады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
  5. Аузына түкірту. Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбилерін олардың отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.(ырым)
  6. Ерулік. Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. (салт)
  7. Селт еткізер. Өздеріне құрмет көрсетіп қызмет етіп жүрген көңілі қалаған бойжеткен қыздарға жас жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты ескерткіш сыйлықтар ұсынады. Ол жігіттің «жаман» ойын сезген сезімтал қыздар әрнине шошып кетеді. Сондықтан да бұл сый қалай аталған?
  8. Ұйқыашар. Той, мереке алдындағы түнде қыз –келіншектер, жігіттер шаршап қалмасын деп жақсы тағамдар дайындайды. Бұл тағам қыз, жігіттердің бір – біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған. Бұл тағамды қалай деп атаған?

 

 

 

 

 

ІІІ тур. Ас –адамның арқауы/дастархан мәзірі, салат жасау/

Ей, менің асқар тауым,

Қазақы дастарқаным.

Өзіңсің бақ –берекем,

Ақ қайнар бастауларым.

   Келесі сынымыз – аруларымыздың аспаздық шеберлігін сынау. Әр ару өздері үйден дайындалып келген ас мәзірін, яғни салат жасау үлгісін көрсетеді.

 

ІҮ тур. Өнерліге өріс кең/өнер байқауы/

Дауысың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таң шолпанмен астасқан.

Өнеріңді, қане бүгін көрсетші,

Мына жұртқа, қошеметтеп қол соққан. /арулар өз өнерлерін ортаға салады/

 

Ү тур. Қыздарға әсемдік жарасады /сән үлгісі/

Ал, халайық, ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік /ұлттық киім, кештік көйлек, мектеп формасы үлгілерін көрсетеді/

 

   Бүгінгі сайысымзды қорытындылауға әділқазы алқаларына сөз береміз.

/Көктем аруы – 2015 анықталады/

 

   Ақ тілеуін ата –ананың аялаған,

Баласының шапағына саялаған.

Ежелден қыз өсірген, қайран қазақ

Ақ батасын арулардан аямаған – дей отыра, байқауымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет! 

Категория: Рефераттар
Просмотров: 12622 | Загрузок: 178 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]