Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
[ Скачать с сервера (152.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Рефераттар]
01.03.2016, 06:23

                              Жоспар

 

Кіріспе ......................................................................................................................3

I  Отбасы және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың жалпы сипаттамасы

   1.1. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы ............................................................................................................6

   1.2. Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшіліктері ...............................................................10

   1.3.Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары ..................................................................13

 

II Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері

    2.1. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары .............................................................................................................16

   2.2. Отбасы және кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері.........................................................................................................20

   2.3. Кәмелет жасына толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату ерекшеліктері ........................................................................................................23

 Қорытынды…………………………………………………………………….30

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………..32

 

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы үшінші 1000-жылдықтың табалдырығын тәуелсіз ел ретінде аттап, құқықтық-демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға кірісті. Қазақстан қоғамын сипаттайтын саяси, әлеуметтік және әкономиқалық өзгерістер мен қайта құрулардың шапшаңдығы Қазақстан жастарының қал-жағдайына және дамуына кейде теріс ықпал етуде. Тұтас алғанда қазіргі қоғамда және экономиқалық байланыстар мен қатынастар жүйесінде бейімделген, тұрақсыз статусқа ие әлеуметтік топ ретінде тани аламыз.

         Бұл жағдайлар отбасында қалыптасатын өз ара қарым-қатынастарын сәттілігімен ұштасады. Міне сондықтан да кәмелетке толмағандардың қорғау жалпы отбасылық қатынастарды қорғау мен бір тұтас.

         Жаңа қоғамдық қатынастарға көшу және осыған байланысты туындаған күрделі өзгерістер қарапайым халықтың өмір сүруден кейін күрт төмендетіп кедейлікке ұшыраған отбасылар санының күннен күнге өсуіне алып келеді. Ал мұндай отбасыларында олардың балаларының үйінен кетіп қалуына, тіпті ата-ана некесінің бұзылуына ықпал ететін күрделі психологиялық жағдайлар орын алатыны белгілі ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілері жиілеп, ал некесіз туылған балалардың саны өсе түсуде. Елде келе жатқан «Әлеуметтік жетімдік» яғни ата аналары бар, бірақ көшеде қалған немесе мемлекеттік тәрбиелену мекемелерінде балалар үйінде тәрбиеленіп балалар санының өсуіне әкеледі. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық қол сұғуышылықтан қорғауға бағытталған нормалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында орын алуы 1989 жылы дүние жүзілік «балалардың құқықтар туралы» Конвенциясының ережелеріне сәйкес келеді. Мұндай нормалардың қылмыстық заңға енгізілуі жас тұлғаның дене құрылысының толық жетілмеуімен сондай-ақ ересек адамға қарағанда Кәмелетке толмағандардың қылмыстық қол сұғушылыққа төтеп беру.

         1959 жылы 22 шілдедегі ҚазақССР-ның Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда 1998 жылы 1 қантарда күшіне енген қазіргі қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде  кәмелетке толмағандар мен отбасына қарсы жасалатын қылмыстар үшін жауаптылық қарастырған бапатардың саны едәуір өскен Мысалы: 1959 жылғы заңда тек жасы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың  небәрі алты түрі ғана көрсетілген еді. Олар жасы он алтыға толмаған қыз бен жыныстық қатынас жасау 102 бап, жас баларды аздыру 103 бап, неке жасына жетпеген қызбен іс жүзінде некелі жағдайда тұру 105 бап, балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бұлтару 112 бап, опекундық праволарын, қиянат жасау 113 бап, біреудің баласын ұрлау 116 бап.

         Ең бастысы, жаңа заманда отбасымен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастыратын нормаларға, өз алдына бір тарау арналған. Бұл біздің жаңа қылмыстық заңымыздың отбасымен кәмелетке тлмағандардың құқықтарымен заңды мүдделерін жоғары  деңгейге көтеріп отырғанын дәлелдейді.

          Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында:

Неке мен отбасы, ана мен әке жене бала мемлекеттің қорғауында болады (1); Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи кұкығы әрi парызы (2); Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi (З) — дслiнген. Бұл көрсетiлген қағидалар халықаралық құқықтын  осы мәселелер жөнiндегi негiзгi ережелерiне сәйкестендiрiлген. Адам кұкығы жөнiндегi 1948 жылғы жалпыға бiрдей декларацияда, Азаматтық жене саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық фактiде отбасы қоғамның табиғи негiзгi ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құқығына ис деп белгiленгсн. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған “Бала құқықтары жөнiндегi” Конвенцияда да балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтiк құқықтарының қорғалуына ерекше мән берiлген. Қазақстан Республикасы да отбасы жене кәмелетке толмағандар жөнiндегi халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдык қатынастарды қылмыстық-құықтық жолмен қорғауға ерекше мән бередi.

          1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгiлеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлерi көрсетiлген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту (131-бап); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-бап); бала асырап алу құпыясын жария ету (135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару (136-бап); кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндттердi орындамау (137-бап); балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану (139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару (140-бап). Осы топқа жататын қылмыстардың объектiсi ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани, адамгершілiк тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады. Ендi осы топқа енген қылмыс құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейiк.

 

Категория: Рефераттар
Просмотров: 5184 | Загрузок: 210 | Рейтинг: 3.0/13
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]