Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану
[ Скачать с сервера (988.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Дипломдық жұмыс (дипломная работа)]
18.04.2017, 13:15

Тақырыбы: «Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану»

Димпломдық жумыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және
қағидалары.......................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктері….............13
1.3 Қаржы ресурстарын пайдалану модельдері мен әдістері..........................

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАС-
ТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
(«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ мысалында)
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау...............................25
2.2 Қаржы ресурстарды пайдалану көрсеткіштерін талдау.............................34
2.3 Кәсіпорынныі рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау............50

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау...........................................57
3.2 «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржы ресурстарын пайдалану
көрсеткіштерін болжамдау модельдері......................................................63

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................68

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, сондықтан ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады және жұмыста қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың қазіргі іс жүзіндегі барысы жан-жақты ғылыми жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен жетіспеу-шіліктері айқындалады..
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біз – саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды.» /1,30б./, – деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті талдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдық-таушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл қатесіз талдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдың, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз.»/2,38б./, – деп айтқандай, нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржы ресурстарын тиімді қалыптас-тыра білуінде және орынды пайдалана білуінде болып табылады. Яғни ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді.
Сондықтанда нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, және ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады.
Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалым-дардың еңбектерінде қаржы тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елде-рдің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр.
Ал өз елімізде мемлекеттің қаржы ресурстарын жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономистер мен заңгерлерді айтуға болады: А.Герун, А.И.Худяков, А.К.Арыстанова, Б.Б.Шермухаметова, Б.Ж.Ермекбаева, В.Г.Фурсов, В.Д.Мельников, Г.К.Жакупова, Г.М.Бродский, Е.Калюжанова, Е.Х.Сигаев, З.Атығаева, К.А.Сержантов, М.Т.Оспанов, М.Х.Тусеева, С.С.Сатубалдин, А.А.Нурумов, А.Б.Зейнельгабдин, А.Смит, А.Соколов, А.Тривус, В.Д.Ли, Г.А.Лесбеков, Г.Карагусова, Д.Г.Черник, Е.В.Порохов, К.А.Аттапханов, К.Ә.Сағадиев, К.К.Ильясов, М.Б.Кенжегузин, О.Тимофеева, С.Г. Пепеляев, С.М.Мусин, Ф.С.Сейдахметова және т.б.
Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: жұмыстың мақсаты қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, қаржы ресурстарын пайдалануды экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
-кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және қағидаларын, яғни бір сөзбен айтқанда теориялық негіздерін зерттеу;
-кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін анықтау;
-кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану модельдері мен әдістерін зерттеу;
-кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның мысалында талдау;
-қаржы ресурстарын пайдаланудың көрсеткіштерін талдау;
-кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау;
-кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау;
-қаржы ресурстарын пайдалану көрсеткіштерін болжамдау модельдерін ұсыну.
Зерттеудің объектісі. Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың негіздеріне сүйене отырып, оны ұйымдастырыу тәртібін жетілдіру қызметін көтеру.
Осыған орай, «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамында қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру және оны жүзеге асырудың ақпараттық базасы зерттеудің объектісіне алынған.
Зерттеу пәні өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыру барысындағы қаржы ресурстарын пайдалану.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.
Сонымен қатар ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материал-дары кеңінен қолданылды. Зерттеу барысында жүйелік талдау, жинақтау, топтау, салыстыру, монографиялық және тағы басқа экономика-математикалық әдістер пайдаланылған.
Алға қойылған мақсаттарға жету барысында жылдық, тоқсандық есепті-ліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, мен міндеттері, зерттелу дәрежесі мен әдіснамалық негізі, зерттеу объектісі көрсетіліп қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.
Бірінші тарауда кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні,түрлері, қағидалары, кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің, меншікті капиталының құрылымы; қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктері, модельдері, оның ішінде Баумоль, Миллер-Орр, Стоун қарастырылады.
Екінші тарауда «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне баға беріледі, активтері мен қаржыландыру көздерінің құрамы мен құрылымы зерттеледі, қаржы ресурстарын пайдалану көрсеткіштеріне, өтімділік көрсеткіштеріне талдау және рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау жүргізіледі.
Үшінші тарауда кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау, страте-гияның құрамы, түрлері және қаржылық стратегияны құру қадамдары, олардың маңыздылығы, қаржылық ресурстарды пайдалану көрсеткіштерін болжамдау модельдері қарастырылып, «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 2010 ж. болжамды балансы құрылады.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

Категория: Дипломдық жұмыс (дипломная работа)
Просмотров: 2930 | Загрузок: 108 | Рейтинг: 2.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]