Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Мектеп жасына дейінгі баланың эмоциясын арттерапия арқылы реттеу жолдары» 65 бет
[ Скачать с сервера (429.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Дипломдық жұмыс (дипломная работа)]
28.04.2015, 13:36

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................,................................................3

1 ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................................................................................................9
1.1«Психоэмоциялық саулық» ұғымына ғылыми-теориялық сипаттама....................................................................................................................9
1.2 Арт-терапия техникасы және оның психоэмоциялық саулықты реттеудегі маңызы........................................................................................................................23

2 ПСИХОЭМОЦИЯНЫ ДАМЫТУДА АРТ-ТЕРАПИЯ МАҢЫЗЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ...........................................................................39
2.1 Психоэмоциялық саулықты анықтау шаралары...............................................39
2.2 Психоэмоцияны арт-терапия арқылы дамыту эксперименті..........................43

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................57

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................59


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жеке тұлғаның негізгі міндеті – табиғаттан берілген өзінің потенциалды қабілеттерін өмірде көрсету болып табылады. Сондықтан жеке тұлғаның дамуы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» былай көрсетілген: «зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматты қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» [1].
Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Қазақстанда соңғы 10-15 жылда психологиялық көмекке сұраныс пайда болып, қазір күн сайын артуда. Бұл түсінікті де, себебі ересектер өмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бөлігін жұмыспен өткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бөлінбеуі психологиялық, психикалық, физикалық бұзылулардың артуына әкеледі. Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, қалыптасады. Соңғы жылдары бала дамуын диагностикалау, топтық дамыту бағдарламалары мен әдістері Қазақстандағы психология ғылымының жетістіктеріне сәйкес қарқынды дамып отыр.
Психикалық денсаулық – соматикалық аурулар, физиологиялық дамудағы ауытқулармен қатар, психикаға әсер ететін, әлеуметтік жағдайларға тәуелді әртүрлі жағымсыз факторлар және стрестермен байланысты, адамның толық физикалық, эмоционалды, саналы дамуына негіз болатын қалып. Психикалық денсаулығы қалыпты адам өзін және өзінің басқалармен қатынасын шынайы қабылдауға талпынады, сезімдерге ашық, олардан қорғанбайды, өз қылықтары үшін жауапкершілікті алады. Өмір сүру ортасының жағдайлары өзгергенде бейімделу реакциясы болып стресс орыналады. В.А.Сухомлинский педагогикалық қоғамның зейінін баланың үйлесімді дамуына байланысты екендігіне ерекше аударған. Жеке адамныңпсихологиялық қасиеттері қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс орын алмайды [2].
Психикалық денсаулыққа әртүрлі әлеуметтік байланыстар әсер етеді, мысалы, отбасы, достарымен, туысқандармен қарым-қатынас, қызмет, демалыс, басқа ұйымдарға қатысы. Бұл әсерлердің нәтижесі жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Тек психикасы сау адамдар әлеуметтік жүйеде белсенді атсалысады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуінің бұзылуы отбасымен, мектеппен әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуынан, психикалық денсаулықтың ауытқуынан, алкоголизм мен нашақорлыққа салынудан, суицид әрекеттері мен қылмыстың өсуінен білінеді.
Ата-аналар, балабақшадағы тәрбиешілер, мектептегі мұғалімдер тарапынан авторитарлы, репрессивті тәрбиелеу сипат орын алса, балалар өмірлік маңызды қажеттіліктерінің — қауіпсіздік қажеттіліктерінің, махаббат, қарым-қатынас, қоршаған ортаны ересектер арқылы тану қажеттіліктерінің фрустрациясын сезеді. Бұл қажеттіліктердің фрустрациясы психологиялық жайсыздыққа әкеле отырып, баланың физикалық және психикалық денсаулығына кері әсер етеді.
Психикалық денсаулықты бағалау критерийлері ретінде психикалық тепе-теңдік, психиканың үйлесімі, психиканың бейімделуші мүмкіндіктері аталады. Психикалық тепе-теңдік критерийі көмегімен адамның психикалық сферасының функциясын танымдық, эмоционалды, ерікті жағынан бағалауға
болады. Психикалық өзіндік басқару психикалық денсаулықтың негізгі критерийі ретінде аталады. Өмірлік мақсаттарды дұрыс таңдау – психикалық денсаулықты қамтамасыз ететін шешуші шарт болып табылады. Негізгі өмірлік мақсатты таңдау, болашақ мамандықты, өмірдегі өзінің кездейсоқ емес орнын анықтау - адам қабылдайтын маңызды шешімдер болып табылады. Егер бұл дұрыс болмаса, жеке адамның қалыпты дамуында елеулі өзгерістер болады. Ұнамайтын іс-әрекетпен айналысу психикалық тепе- теңдіктің бұзылуына, тұлғалық деформацияларға әкеледі. Қоғаммен диалог жасауды бала ересектерден үйренеді. Бірқатар психологиялық еңбектерде психикалық денсаулық психикалық тұрақтылық, психологиялық комфорт және психологиялық жайсыздық сезімдерімен сәйкестендіріле байланысты айтылады. Психологиялық жайсыздық депривацияға әкелетін бала қажеттіліктерінің фрустрациясы нәтижесінде пайда болады. Сонымен, психикалық денсаулығы жақсы адам - бұл ішкі жан-дүниесінің тепе-теңдік қалпы бар, психологиялық жайлылықты сезінетін, әлеуметтік бейімделген, жекелеген психикалык функцияларында: қабылдау, ойлау, ес, зейін, эмоциялық ауытқулар орын алмайтын, үйлесімді жеке тұлға, өзінің ішкі құрылымында қысымы жоқ, кері әсерлерге қарсы тұра алатын қабілеті бар адам [3].
Бүгінгі психология ғылымының бағытында жаратылыстану пәндерінің
біржақты әсерінен шығу тенденциясы байқалады. Мамандардың ойынша, баланың субъективті жағдайы қоршаған ортасымен тікелей байланысты. Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары дүние жүзінің әртүрлі елдерінде өткізілген зерттеулерін негізге ала отырып, психикалық денсаулықтағы ауытқулардың ересектермен қарым-қатынасы үйлесімсіз ортада өмір сүретін балаларда жиі кездесетіндігін көрсетеді.
Сонымен, психикалық денсаулық жалпы денсаулықтың негізгі құрылым элементі бола отырып, адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік ортасымен динамикалық тепе-теңдікпе және әлеуметтік функцияларын толыққанды орындауына мүмкіндік беретін психикалық қасиеттердің жиынтығы. Психикалық денсаулықтың бұзылуы патологиялық симптомдардың орын алуымен, жүйке-психикалық науқастардың пайда болуымен анықталады. Психологтардың алдында жеке адамның ішкі қорларын белсендіретін, күшейтетін әдістер мен механизмдерді, психикалық, психологиялық денсаулықты сақтауға және қамтамасыз етуге көмектесетін амалдарды іздестіру міндеті тұр.
Бала денсаулығы білім беру жүйесінің ең негізгі құндылығы. Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың психологиялық денсаулығына жағдай жасау. Бұл практик-психологты психологиялық денсаулық мәселесінің маманы деп қарастыруға мүмкіндік береді. Адамның денсаулығы – оның өмір жасының барынша ұзақ болуымен катар, физикалық және психикалық сапаларын, қолайлы жұмыс істеу қабілетін, әлеуметтік белсенділігін дамыту және сақтау процесі, ағзаның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті.Психологиялық денсаулық психикалық денсаулықпен тығыз байланысты, ал осы мәселенің жағдайы мен дамуы баламен педагогикалық, психологиялық жұмыс бағдарламаларында қажетті үлесін алмайды.
Психологиялық денсаулық – баланың жан-дүниесінің жайлылық қалпы, көтеріңкі көңіл-күйден, белсенділіктен, өзін жақсы сезінуден көрінеді.
Психологиялық денсаулық жоғары деңгейдегі тұлғалық дамумен, өзін және
өзгелерді түсіне алумен, өмірдің мақсаты мен «мен» туралы түсінігінің болуымен, өзін-өзі басқара алу қабілетімен, өзіне және өзгелерге дұрыс қарым-қатынас жасаумен, өзінің өмірі мен тағдырына жауапкершілікті саналы қабылдаумен сипатталады [4].
Мектеп жасына дейінгі кезең бала тұлғасының қалыптасу кезеңдері, ақыл-ой қабілеттеріне немесе практикалық іс-әрекеттеріне, оның іскерліктері және мінез-құлқына, оның құрбыларымен өзара қарым-қатынастарына қойылатын түрлі талаптармен кездеседі. Кей жағдайларда, тәрбиенің кез-келген кезеңінде қандай да бір бала өзінің дайын еместігінен осы талаптардың қайсы біріне жауап беру жағдайында болмайды. Бірақ мұндай қиындықтарға қарамастан, ол ұжым өміріне еніп сол талаптарды орындауы шарт. Нәтижесінде ол қалайда бейімделеді және қиын жағдайлардан шығу үшін жол табады. Бұл орайда шығу жолы стихиялы түрде, мұғалімнің араласуынсыз табылса, балада мінез-құлықтың кез-келген теріс немесе дұрыс емес әдеттері және тәсілдері пайда болуы мүмкін. Ең бастысы оларда бала бақшаға және топ ұжымына қатысты теріс эмоционалды мазасызданудың пайда болуы сияқты теріс құбылыстар және мәндік кедергі да пайда болуы мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала дамудың әлеуметтік жағдайының объективті өзгерістерімен байланысты, даму дағдарысынан өтеді. Бұл кезең баланы нормаланған қатынастарға бағыттайды және оның жинақылықты тәртібі, оқу іс-әрекеті дағдыларын игерумен және ақыл-ой дамуымен байланысты орындаушылық іс-әрекеттердің дамуы үшін жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да жаңа әлеуметтік жағдай бала өміріне қатаң талаптар қоя бастайды, бұл жағдайды стрессогенді фактор ретінде қарастыруымызға болады. Мұның барлығы баланың тек дене, денсаулық деңгейінде ғана емес, сонымен қатар мінез-құлықтарында да көрініс табады. Мектепке дейінгі кезеңде жекелік ерекшеліктері оның табиғи дамуына кедергі келтірмейді деуге болады, өйткені оның айналасында тек жақын адамдары ғана болады.
Бала бақшада бала өміріндегі жағдайлар стандартталады, нәтижесінде даму жолында бірқатар ауытқулар анықтала бастайды. Ауытқулар негізінде үрейлену, еріктік белсенділік т.б ерекшеліктер пайда бола бастайды. Бала алдындағы сынақтан мүдірмей өтуі қажет. Үлкендердің кез-келген талапты орындауға дайын кішкентай бала сияқты қабылдауы, және одан бағдарланаған мінез-құлықты күтуі сияқты мәселелер оларды тәрбиелеуде қиындықтар тудыруы мүмкін. Егер де бала мінез-құлқы үлкендердің ойынан шықпай жатса, олар оған мазасызданып, үрейленіп, ренжи бастайды. Олардың мазасыздану деңгейінің сапасы алдын-ала ойлағандары мен шынайы жағдайдың ұштаспау деңгейімен анықталады. Сонымен қатар, үлкендер үшін баланың ішкі әлемі қарапайым, ал оның тәуелділік жағдайы аса қызықтырмайды. Бала әділетсіздікке, сынға, қатаң бақылауға, шектен тыс мейірімділікке қалай жауап беру керектігін білмейді; оларды қандай жағдай ренжітетіндерін, жақсы оқуға және құрбыларымен жақсы дос болуға не кедергі болатынын түсіндіре алмайды [5].
Баланың ішкі әлемінің басты ерекшелігі, толық қалыптаспағандықтан, олардың өз мазасызданулары мазмұны туралы білмеуі. Үйіндегі және бақшадағы қиындықтарға бала өткір эмоционалды реакциялармен жауап қайтарады - ыза, қорқыныш, мұң немесе вегетативті және басқада бұзылыстар. Бұл дезадаптация дене қызуының көтерілуіне, күндізгі энурез, жүректің айнуына әкеліп соғады. Отбасындағы қақтығыстар баланың жылау, зейін бұзылуы, түнгі энурез жағдайларын тудырады.
6-7 жаста бала өз реакцияларын оларды тудыратын себептермен толық мөлшерде қатыстыруға әлі қабілетсіз. Одан бұл туралы өтіну еш нәтиже бермейді. Бала мәселесін, оның мазасыздануларын түсіну үшін ата-аналар мен мұғалімдер психологпен біріге отырып арнайы жұмыс түрлерін ұйымдастырулары қажет (О.Смирнова, Л.Обухова, Р.Немов, Н.Бодалев, Л.Кашницкий) [6-10].
Тұлғаның психоэмоциялық саулығын қамтамасыз етуде психотехникаларды қолдану маңызы ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары психотехникаға қатысты еңбектер санының артуымен өзектіленді. Олардың көпшілігі батыстық психотестерді қайталап отырды. ХХ ғасырдың 20-ж.ж. еңбек психологиясы мен психотехника айтарлықтай дамыды (И.Н. Шпильрейн, С.Г. Галлерштейн, Н.Д. Левитов, А.А. Толчинский және т.б.). Адамның психоэмоционалды күйін көрсету мақсатында серпінді бейнелі шығармашылықпен емделуді білдіретін ХХ ғасырдың ортасында кең тарай бастаған арттерапия заманауи белсенді психотехникалардың бірі [11].
Біздің елімізде соңғы жылдары психотерапия және оның негізі формалары мен модельдерін қарқынды игеру кезеңі ретінде арттерапия мамандар мен потенциалды клиенттердің қызығушылықтарын тудыра бастады. Соңғы уақытқа дейін бұл бағыт туралы білімдер жеткіліксіз болып келді, осыған байланысты түрлі қызықты жорамалдар туындады [12].
Тұлғаның даму үрдісінде қолданылар психотехникалар қаншалықты мол болғанымен, оларды даму маңызына қарай лайықтап, қолдану жағы әлі де аздық етеді. Әсіресе, жеке адамның психологиялық, эмоциялық саулығын реттеу, қабілет-қарымына және тұлғалық таму ерекшеліктеріне қарай психотехникаларды іріктеу, бейімдеу жұмыстары кемшін. Міне осындай нақты себептерге байланысты, диплом жұмысының тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі баланың эмоциясын арттерапия арқылы реттеу жолдары» деп белгіледік.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың психоэмоциялық саулығын дамытуда арттерапияны қолдану маңызын зерттеу.
Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі баланың психоэмоциялық саулығын дамыту үрдісі.
Зерттеу пәні: психоэмоциялық саулықты дамыту үшін арттерапияны қолдану ерекшеліктері.
Зерттеу болжамы: психоэмоциялық саулық ұғымына және оның даму ерекшелігіне ғылыми теориялық талдау жасап, арттерапияның психологиялық мазмұнын ашып, оны бастауыш мектеп тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін эксперимент арқылы анықтасақ, психоэмоциялық саулықты дамытуда арттерапияны қолдану маңызы туралы ғылыми дерек алуға болады.
Зерттеу міндеттері:
- берілген мәселе бойынша ғылыми аппаратты анықтау;
- арттерапияның психоэмоцияны реттеу құралы мәселесі бойынша психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге шолу;
- психоэмоцияны реттеуде арттерапия рөлін эксперименталды анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі.
Л.С.Выготскийдің әлеуметтік-мәдени даму концепциясы, психоэмоция туралы ғылыми-теориялар, бастауыш мектептік кезеңдегі балалардың психологиялық даму ерекшелігі туралы теориялар (Л.Люблинская, М.Крутецкий, В.Мухина, Р.Буре, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов) және арттерапия техникалары туралы ғылыми-зерттеулер.
Зерттеудің теориялық маңызы.
Жұмыс барысында осы мәселе бойынша теориялық және практикалық материалдарға талдау жасалып, жалпыланды, сонымен қатар арттерапия элементтері арқылы баланың толыққанды дамуына жағдай жасауға болатыны көрсетілді.
Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу жұмысы ата-аналар, бала бақша қызметкерлері, мектеп психологтары және жалпы балалармен жұмыс жасайтындар үшін қолдануға ыңғайлы.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мақсаттары және міндеттеріне сәйкес келесі теориялық және эксперименталды әдістер кешені қолданылды: психоэмоциялық саулықты қалыптастыру мәселесі бойынша отандық және шетел әдебиеттерін теориялық талдау; практикалық психология әдістері – «Қобалжу деңгейін анықтау тесті» (Р.Тэммл, М.Дорки, В.Амен), «Ағаш» тесті, даралық дамуды анықтау сауалнамасы; эксперимент.
Зерттеу базасы.
Диплом жұмысының көлемі мен құрылымы: Зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады; көлемі 65 бет.

Категория: Дипломдық жұмыс (дипломная работа)
Просмотров: 5147 | Загрузок: 186 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.6/7
Всего комментариев: 2
2 гульнара  
жаксы жумыс

1 нургайша  
тамаша, тың тақырып

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]