Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Оқу -тәрбие процесінде мектепалды топ балаларына патриоттық тәрбие беру жолдары»
[ Скачать с сервера (163.8 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Дипломдық жұмыс (дипломная работа)]
28.04.2015, 15:21

Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................................3

1 Бастапқы патриоттық тәрбиені қалыптастырудың псхиологиялық-педагогикалық негіздері..............................................................................................8
1.1 Патриоттық тәрбиенің негізгі ұғымдары........................................................8
1.2 Болашақ ұрпақтың ұлттық патриоттыққа тәрбиелеуде қазақтың жауынгерлік дәстүрлерінің алатын орны.................................................................................. 17
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін оқыту арқылы балаларды патриоттыққа тәрбиелеу.......................................................................25

2 Мектепалды даярлық топ балалардың патриоттық сезімдерін оқу-тәрбие үдерісінде дамыту жолдары................................................................31
2.1 Мектепалды даярлық топ балалардың патриоттыққа тәрбиелеудегі негізгі бағыт – бағдарлылық..........................................................................................31
2.2 Мектепалды даярлық топ балалардың ұлттық патриоттыққа тәрбиелеу бағытында жүргізілген іс-шаралар.......................................................................39

Қорытынды..................................................................................................................59

Пайдаланған әдебиеттер ...........................................................................................61

Қосымша.......................................................................................................................63




Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отансүйгіштік, отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды,туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-тәрбиешінің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «отансүйгіштік», «отансүйгіштік», «патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты- наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алған ішінде жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды[1].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты- ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп көрсетілген[2].
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру- қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.
«Отан- от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі – Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт- дәстүрін әр баланың бойына сіңіре отырып, патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.
Өз Отаны мен туған жеріне пайда келтіретін, Елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді, парасатты,жан-жақты дамыған, өз мемлекетінің Рәміздері мен ата Заңын, Президентін, басқа заңдары мен халықтар достығын құрметтейтін, өз халқының тарихы мен мәдениетін, тілін, дінін, салт-дәстүрлерін қастерлейтін, бойында отансүйгіштік сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу ісі – бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.
Патриоттықтің үлгісін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Ақтамберді, Бұқар жырау және XX ғасырдың басында қалыптасқан Ахмет Байтұрсынов, Әліхан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев,Ғұмар Қарашев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев сынды қайраткерлер жасады [3;25б.]. Олар тек сөздерімен ғана емес, өз істерімен де өнеге көрсете білді. Осындай ұлы тұлғалар мен ақын-жазушылар, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өле-жырлары, шешендік сөздері жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор.
Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай шығармаларынан да байқауға болады[3;43б.].
Жас ұрпаққа тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері философиялық ілімде: Алтаев Ж., Айталы А., Есім Ғ., ИзотовМ., КішібековД., НысанбаевӘ., СәрсенбаевТ.; тарих саласы бойынша: Ахметова Л., Қасымбаев Ж., Қозыбаев М., СмағуловО., ТұрлығуловТ., Жұрбаев Т., ҚасабековА.; филологиялық еңбектерде: Әуезов М., Жолдасбеков М., Келімбетов Н., Мағауин М., Мұқанов С., Салғарин Қ.; ал психологиялық негіздері Жарықбаев Қ., ЖүкешҚ., Момышұлы Б., Оразбекова Қ., Темірбеков А., т.б. еңбектерде көрсетілген [4].
Патриоттық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси -әлеуметтік құбылыс.
Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау»- деп белгілеген[5].
Осыған орай отансүйгіштік тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, жас бұлдіршіндерге бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше[6].
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.
Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын, Елтаңбасын балаларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап орындау, құқықтық – саяси және этикалық әдет-ғұрып мәдениетін тәрбие беруді бала бойына сіңіруді қалыптастырады[7].
Қазақстандық патриоттық, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді.
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, қоғамда тіл мәдениетін орнықтыру, азаматтық келісім ахуалын жасау мәселелеріне тоқталып «Республика халықтары бір жағынан қазақ халқының санасында болып жатқан өзгерістерге түсінікпен қарап, оған рухани және интеллектуалдық тұрғыда қолдау көрсету керек»- деген[8].
Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Сәбиді отбасында отансүйгіштікке тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту- ата-ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай-ақ, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шарында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе ары қарай ұрпақты отансүйгіштікқа тәрбиелеу қашанда толастамағна.
Еліміз тәуелсіздік алғалы жас үрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақшаның оқу-тәрбие үдерісінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беруде бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Патриоттық - жеке тұлғаның өз халқына деген сүйіспеншілігі. Әрине, ол адамның ерекшелігі, тегі, қоныстаған мекені, тарихи дәстүрі сияқты категорияларға байланысты әр түрлі деңгейде көрініс береді. Соған қарамастан, осы рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру-отансүйгіштік тәрбиенің негізгі мақсаты.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шүғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошығының маңызы зор екені белгілі. Тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын, патриоттық пен адамгершілікті жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі қомақты.
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың патриоттық сезіміне кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар. Әрине, баланы осындай жағдайлардың әсерінен мүлде оқшау ұстау мүмкін емес, дегенмен жанұяда, мектепке дейінгі мекемелерде жас ерекшелігін ескере отырып фильмдер алып беру, көрсету, ұлттық құнды қасиеттерді насихаттау, отансүйгіштікке өмірден мысал келтіріп, үлгі етуге, ұлттық мерекелерді атап өту керек.
Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан- ашырлық танытуда отансүйгіштіктың рөлі ерекше.
Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік жоқ жерде отансүйгіштік тумайды. Егер тура мағынасында айтсақ, патриоттық -адамды өзінің арғы тегімен жалғастырып жататын арқауы мықты қасиетті жіп.
Осы айтылған мәселеге байланысты, дипломдық зерттеу тақырыбымызды «Оқу -тәрбие процесінде мектепалды топ балаларына патриоттық тәрбие беру жолдары» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Мектепалды даярлық топ балалардың патриоттық сезімдерін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу. Халық педагогикасының ұлттық дәстүрлері арқылы патриоттық сезімдерін қалыптастыру, отансүйгіштікке баулу.
Зерттеу пәні: Мектепалды даярлық топтың оқу-тәрбие үдерісі
Зерттеу нысанасы: Балалардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру
Зерттеу міндеттері:
1.Балаларға патриоттық тәрбие беру және патриоттыққа тәрбиелеу бағытында жарық көрген әдебиеттерді, мерзімді басылымдардағы мақалаларды талдау.
2. Патриоттықтің қалыптасуының тарихи алғышарттарын негіздей отырып, «патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «патриоттық тәрбие», «отансүйгіштік» ұғымдарының мәнін ашып көрсету.
3.Мектепалды даярлық топ балаларын патриоттыққа тәрбиелеу бағыттарын ұсыну.
4.Балаларды патриоттыққа тәрбиелеуде халық педагогикасының алатын орны мен міндеттерін анықтау.
5. Мектепалды даярлық топ балалардың патриоттық сезімін педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттер жинақтау және теориялық, педагогикалық бақылау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу; озат педагогтардың іс-тәжірибелерімен танысу және оларды сараптау, эксперимент нәтижесіне баға беру, өңдеу әдістері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер тәрбиешілер оқу-тәрбие жұмысының барысында жеткіншек ұрпақтың ұлттық дәстүрдің құндылықтарын бағалауға, өзін-өзі тәрбиелеуге, Қазақстандық патриоттық қасиетін қалыптастыруға септігін тигізсе, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығарса, сонда рухани құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық және отансүйгіштік санасы жоғары тұлға қалыптасады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Философиялық, педагогикалық, психологиялық патриоттық, оташсүйгіштік сезімдерін қалыптастыру қағидалары туралы ілім, білім берудің оқытудың және тәрбиенің әлеуметтік тартыстығы туралы, тұлғаның іс-әрекет процесінде дамитыны жөніндегі материалистік-дидактикалық қағидасы, дамытушы ортаны білім беру үдерісінде ұйымдастырудың психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалары.

Категория: Дипломдық жұмыс (дипломная работа)
Просмотров: 3659 | Загрузок: 100 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]