Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақ тіліге арналған билеттер


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [ЕНТ, КТ -2017]
24.05.2012, 15:40
1.билет
1.Фонетика-тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.

2.билет
1.Үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.Дауысты дыбыстар 2-ге бөлінеді:жуан және жіңішке.
Тіл шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз.Олар:а,о,ұ,ы,(у).
Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.Олар:ә,ө,ү,і,е,э,и,(у).

3.билет
1.Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді.Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай:қатаң,ұяң және үнді болып бөлінеді.Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар қатаң дауыссыздар д.а.Олар:п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч. Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған,бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң д.а.Олар:б, в, г, ғ, д, ғ, з, ж, һ.Үн мен салдырдан жасалып,бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар д.а.Олар:р, л, й, у, м, н, ң.

4.билет
1.Сөзді бастан-аяқ біркелкі ауызбен айтуды үндестік заңы д.а.Мыс:жазда-(жазта емес),уйге-(үйке емес)т.б.

5.билет
1.Сөз бен қосымшаның немесе сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі д.а.

6.билет
1.Дауысты дыбыстар буын құрайтын болғандықтан,оған жалғанған қосымшаның бірыңғай жуан және бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі д.а.

7.билет
1.Бір ғана түбірден құралған сөзді дара,екі немесе одан да көп түбірден тұратын сөздер күрделі сөз д.а.Дара сөздер бір ғана негізгі түбірден құралса, күрделі сөз бірнеше түбірден құралады.

8.билет
1.Екі не одан да көп түбірден бірігіп,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер дейді.Мыс:белбеу, түйеқұс, Ақтау т.б.

9.билет
1.Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөздер д.а.Мыс:жан-жануар,ата-ана, т.б.Қос сөздер екі түрлі болады:қайталама және қосарлама.
Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер д.а.Мыс:ет-мет,шай-пай,тарс-тұрс,жалт-жұлт,қып-қызыл,үп-үлкен т.б.
Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөздер д.а.Мыс:аяқ-табақ,құрт-құмырсқа,құрбы-құрдас т.б.

10.билет
1.Күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алынуын қысқарған сөздер дейміз.Мыс:БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы,АҚШ-Америка Құрама Штаты,ҚР-Қазақстан Республикасы т.б.

11.билет
1.Зат есім:кім?не?кімдер?нелер?
Заттың құбылыстың атауы
Сын есім:қандай?қай?
Заттың сыны,сипаты,көлемі,түрі,түсі т.б.
Сан есім:қанша?неше? т.б.
Заттың саны,реті,мөлшерінің атауы
Есімдік:кім?не?қай?қанша? т.б.
Есім сөздердің орнына жүретін сөздер
Етістік:не істеді?қайтті?
Заттың іс-қимылын,әрекетін білдіретін сөздер
Үстеу:қашан?қайда?қалай?не себептен?қайтіп?қанша?
Іс-әрекеттің мезгілін,мекенін,амалын,мақсатын т.б.білдіретін сөздер.
Еліктеу сөз: қалай? қайтті?
Табиғаттағы дыбысқа қимылға еліктеуден туған сөздер.

12.билет
1.Көптік жалғау 6 түрлі:-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.Зат есімге үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып,заттың көптігін білдіреді.Мыс:Айгүлдің үйіне қонақтар келді.

13.билет
1.Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті екенін білдіреді.Тәуелденетін сөз үш жақтың біріне тәуелдене, меншіктеле айтылады.Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.

14.билет.
1.Зат есім көптік,тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып та септеле береді.Көптік жалғаулы зат есімнің септелуі оның жекеше түрде септелуімен бірдей.Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп,сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді.

15.билет
1.Сөйлемде белгілі мағына білдіре алмайтын есімдер көмекші есімдер д.а.

16.билет
1.Зат есімнің сөйлемдегі қызметі оның қай септік жалғауына байланысты.Зат есім атау септікте тұрып, кім?не? деген сұраққа жауап беріп,сөйлемде ойдың иесі болады..

17.билет
1.Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп қандай? қалай?
деген сұраққа жауап береді.Сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.
18.билет
1.Мағынасына қарай сын есім сапалық және қатыстық сын есім болып 2-ге бөлінеді.Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып,заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтауын сапалық сын есім дейді. Мыс:көк көйлек, қызыл бояу т.б.Зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалуын қатыстық сын есім д.а.

19.билет
1.Бір түбірден құралған негізгі сын есімдер дара сын есім д.а.Ал, екі я одан да көп түбірдің тіркесінен құралған сын есім күрделі сын есім д.а.Мыс:дара:жолдас, ауыл, аялдама, үй т.б.
Күрделі:бесжылдық,боз торғай, он бес т.б.
2.Ұжымшар-ұжымдық шаруашылық
Кеңшар-кеңестік шаруашылық
ЖШС-Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік
АлМУ-Алматы Мемлекеттік Университеті

20.билет
1.Сын есім екі шырайға бөлінеді:салыстырмалы және күшейтпелі шырай.Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай д.а.Мыс:үлкен-үлкенірек,жақсы-жақсылау.Жұрнақтары:-рақ ,-рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу т.б.Біркелкі сындардың бірінің екіншісіненөте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай д.а.Мыс:үлкен-үп-үлкен-тым үлкен.

21.билет
1.Сын есім әдетте сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады.Мыс:сұр бұлт, таза киім, әдемі көйлек т.б.

22.билет
1.Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретін сөздер.Олар екі түрлі қызметте жұмсалады:бірінші, белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдіріп, қанша? неше? деген сұраққа жауап береді.Екінші, санның атауы болып қызмет етеді де не? Деген сұраққа жауап береді.Мыс:Домбырада он бір перне, екі ішек бар.

23.билет
1.Сан есімдер мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді: есептік, реттік, жинақтық,бөлшектік, топтау, болжалды сан есімдер.

24.билет
1.Сан есімдер септік жалғауларымен толықтауыш қызметін және сөйлемнің күрделі мүшесінің қызметін атқарады.

25.билет
1.Есімдіктер-есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.Олар қандай сөздердің орнына қолданылуына байланысты зат және заттық белгі тдеген ұғымдармен ұштасып,жалпы зат және заттық белгі мағыналарына ие болады.
26.билет.
1.Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі д.а. Жіктеу есімдіктері:мен, сен,
сіз, ол, біз, (біздер), сендер, сіздер, олар.

27.билет
1.Болымсыздың мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі д.а. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешқандай, ешқашан, ешбір, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме.Затты,сынды,белгіні, сан мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі д.а.Мыс: Бұлдайды біреу күшін біреу түсін.

28.билет
1.Есімше етістіктің ерекше түрі.Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады.Бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады..Жұрнақтары: -қан, -кен, -ған, -ген, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -атын, -етін, -итін, -йтін.

29.билет
1.Көсемше де етістіктің ерекше түрі.Есімше сияқты көсемше де сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметті қолданылады.Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, көмекше етістік жіктеліп, қимылды, іс- әрекетті шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.Жұрнақтары: -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі.
Категория: ЕНТ, КТ -2017 | Добавил: Admin | Теги: арналған, Қазақ, ПГК -2012, ЕНТ 2012, тіліге, билеттер
Просмотров: 4305 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]