Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақстан тарихындағы салықтар
[ Скачать с сервера (69.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
03.04.2012, 21:14

• Біздің жерімізде ерте заманда ірге тіккен алғашқы
мемлекеттердің бірі – Түрік қағанаты. Түрік этнонимі қытай жылнамаларына 542 жылдан бері белгілі, яғни осы жылдары біздің жерімізде салықтар және алымдар пайдаланып, салт – дәстүр немесе заң негізінде қазақ халқына "сіңін отырған” деуге болады.
Түрік қағанаты Қытай елімен экономика жағынан жақсы қарым – қатынаста болған. Қытай елі Қазақ жерінде сауда – сатық жасап, сол кездегі билік еткен – Мұқан қағанға жылына 100 мың тең жібек матасын төлеп отырған.
Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықталды. Батыс Түрік қағанатының қағаны – Тон (618-630жж) Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға "селиф” деген атақ берді. Олардың үстінен жасауылдар бақылау жүргізді. Селифтер жасалауындарға есеп берін отырды.

Қаған

Қаған жоғарғы Әскербасы

билеуші бұрықтар тархандар

ябғу шад елтебер

жасауылдар,
бектерлер

селифтер

қара бұдундар

Қарапайым халықты "қара бұдундар” деп атаған. Бұл сөз қазақтын "қалың бұқара”, "қара халық” деген мағынасы. Алым – салықты төлейтін, ауытпалықты көп көтеретін осы "қара бұдундар” Түрік қағанатында салықтын "қанмен өтейтін” түрі де болған. Ондай әскери міндетті атқарушы адамдар майдан шебінің алдынғы қатарында жүрген. Мұндай қызметті көбіне тәуелді тайпалардың адамдары атқарған. Бағынышты тайпалар азық – түлік салығын, төлеп, қымбат бағалы аң терілерін де тапсырып отырған.

• Түргеш қағанаты (704-756жж) мал өсіру, егін салумен
айналысты. Қаған меншігіндегі жерді ақсүйектерге бөлін, ақсүйектердің шаруашылығын кедейлер күн көру, жан бағу үшін айналысқан. Тарихи деректер бойынша Түргеш қағанатының ыдырауы үш себептін әсерінен, ал оның біреуі – алым-салықтын көптігі мен қысым көрсетуі.
• Қарлұқ қағанаты (756-940жж) тұсында Білге Күн Қадыр-хан
Саманилер сарайына алым-салық төлеп отырған. Яғни осында жер салығы пайдаланылған болатын, бірақ салықтын "құрбаншылық” түрі әлі де болса пайдаланылды.
• Қимақ қағанаты (Ixғ. соңы – Xiғ. басы) – оларда мал
шаруашылығы басым болды. Гардизи былай деп жазады: "шаруалар өз мырзаларына мал бақты”. Тағы дай айта кететін жай, мұнда адам қайтыс болса құрбандыққа шалу міндеті болған.
• Қарахан мемлекеті (942-1212) – ондағы жер иеленудің бір түрі
"иқта” болған. Иқтаның мәні – оны алған адамдар ол жерде отырған қарапайым халықтан алым-салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетте болған.
Ірі билік иелеріне жаулап алынған жерлерден үлес беріліп, олар арқылы қазына салығы жинастырылып отырған. Мұндай салық жинау үшін мемлекет жері де жылға берілетін болған.
Дінбасыларға, діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етін қалдырған жерлер де болған. Оларды ваңфтық жерлер деп аталған және олардан салық алынбаған.
Отырықшы аудандарда шаруаларды қанаудың бір түрі – олардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинастырып отыру. Араб, парсы деректерінде ондай үлескерлерді музари немесе барзшар деп атаған.
Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі коммендация болды. Оның мәні: әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштің қамқорлығына береді, ол әлсіз адамды қорғауға тиіс. Әлсіз өзінің шамалы жерден алған өнімін және отбасын қорғағаны үшін күштіге салық төлеген.
Музари немесе барзшар – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым-салық..
• Қарақытай (1125 - 1212жж) әрбір үйден бір динардан ақша
жиналған. Егістік жерлер халыққа беріліп, тиісті салығы арнайы адамдар арқылы жинастырылған. Ал үлестік жерлерді иеленушілердің қолдарында арнаулы грамоталары болған. Әрбір қалада билеуші болды, ол қарақытай гурханына салық төлемін жеткізін тұрды.
Отырар, Тараз қалаларында алым-салықты гурханың арнайы жіберген адамдары жинап отырды. Ал басқа аймақтардан салық жинау, оны қарақытайлардың орталығына жеткізу жергілікті феодалдарға жүетелген.
Жетісудің егіншілікпен айналысатын тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір үлесін төлеген. Ірі қалалар әкімі гурханға жыл сайын жер салығы харадж төлеп отырған.
Харадж – феодалдық рента, өнделетін жерге салынатын салық.
• Алтын Ордада (ХІІІғ. ортасы – ХVғ. ортасы) билігі жүріп тұрған
хан тұқымының әрбір өкілі белгілі бір аймақтан түсетін алым-салыққа ие болып отырды. Салық жинаумен дағалар айналысты. Сонымен қатар халық санағын өткізу, әскер жинау, байланыс қатынасын жүргізу деген сияқты жұмыстар атқарған ("Ата -мұра” орта ғасырлардағы қазақ тарихы, 2002ж).
• Ақ Орда, Моғолмтанның, Әбілқайыр хандығының, Қоғай
Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы, салық түрлері мен міндеткерліктері.
Бұл хандықтардың күш-қуаты көп жағдайда халықтан алынатын алым-салыққа, міндетті төлемдерге байланысты болды. Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салықты тағар деп атаған. Жерден немесе онда түратын түсетін алым-салық інжу болды. Жер көлеміне байланысты - қалан салығы, екінші аймақтардан харадж, баж салықтары алынды. Баж - өнделетін жерге салынатын салық. Құшыр – мал өсірушілерден мал басының 1/ 10 көлемінде алынған. Мал салығы зекет деп аталған. Зекет – ғарін-кемтарларға үлестіру үшін мешіт жинайтын салық. Зекетті кемтар емес мұсылмандар ғана төлейді. Исламның негізгі бес нарызы бойынша жылына бір рет зекет беру керек. Зекет ішін жеуінен , борышынан артық болса 80 гр алтыннан, 56 гр күмістен зекет беруі керек. Бұлардың қырықтан бірі зекетке беріледі.
Малы: қырық қойдан, отыз сиырдан асса, бес түйесі болған адам зекет береді.
Қой мен ешкінің зекет нісабы.
40-тан –120-ға дейін бір қой не ешкі;
121-ден – 200-ге дейін екі қой не ешкі;
201-ден – 399-ға дейін үш қой не ешкі;
Осы сияқты әр жүзге бір қойдан қосылып отырады.
Сиырдың зекет нісабы.
30-дан – 39-ға дейін бір жас еркек не ұрғашы тайынша;
40-тан – 59 –ға дейін екі жасар бір құнан өгіз не құнажын;
60-тан – 69-ға дейін бір жастағы екі еркек не ұрғашы тана;
70-тен – 79-ға дейін тайынша не бір құнан өгіз не құнажын;
80-нен – 89-ға дейін екі құнажын сиыр.
Түйенің зекет нісабы.
5-тен – 9-ға дейін бір қой не ешкі;
10-нан – 14-ке дейін екі қой не ешкі;
20-дан – 24-ке дейін төрт қой не ешкі;
25-тен – 35 – ке дейін бір ұрғашы тойлақ;
Зекет мөлшеріне жетпеген алтын күмістен, жетсе де иелігіне бір жыл толмаса, әйелдердің сәндік бұйымдарынан үй сарай, бау-бақшадан, қарызы болса зекет берілмейді.
• Қазақ хандығы(ХVғ – XVIIғ) – қазақ халқы алдымызда атап
өткен салық түрлерінің бәрін пайдаланған. Ондағы бұл істі ауылбасы атқарған, яғни ауылдастардың шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, дау-жанжалдарды әділ шешін отыру, ауылға түскен салықты уақытында төленуін қадағалау.
Қазақтын ханы елді билеумен қатар, әскерлердің жоғарғы басшысы болды. Халықтан әртүрлі салықтар жинатып алып отырды (сыйлық, соғым, байғазы, жылу, айып, құн төлету, барымша т.б.)
Халықтын қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші мен егінші шаруалар еді. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті атқарды. Кедейлер бай – шонтарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды.
Үшір – еңбекке жарамды адамдар табысынан алынатын салық.
Пітір садақа - пақырларға 1460ж. бидай немесе 2920гр. арна не осылардың бағаларымен шашыр пітір садақа беру міндет. Байға, мұсылман емес адамға пітір садақа берілмейді.
Құрбан шалу – Құрбан айтының үш күн ішінде қан шығарып құрбан шалу дұрыс.
Құрбанға қой, ешкі, сиыр, түйелер ғана жарайды. Бір бөлікті пақырға, бір бөлімін дос-жаранға, ал қалғанын бала-шағасына берсе сауақты болады. Терісін сатпайды, кедейлерге береді(Ақиғи шариғаттар тур. 1992ж).
Осыған сәйкес қазақ халқында тағы да басқа алым-салықтар, міндетті төлемдер алынып отырды.
• "Жеті жарғы” – Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке бидың
қатысуымен Тәуке хан "Жеті жарғы” деп аталатын заң жинағын жарыққа шығарды.
Жеті жарғыға әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтардың құқық нормалары, салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізген.
- "Сұлтандардан басқа қару асына алатын әрбір адам ханға және халық билеушілеріне жыл сайын өзінің мал мүлкінің 1/20 бөлігін мөлшерде салық төлеп отыратын болсын...”
- Қару ұстап жүре алатын кез келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал мүлкінің 20-дан бір бөлігін алымға отыратын болсын(33 бап)
(Қазақстан тарих – 4 томдық ІІ том, 1997ж).
Ежелден бері қазақ халқынан хандар, феодалдар, бай адамдар
салықтардың көптеген түрлерін жинап отырды. Мысалы, қазақ халқының хандарының бірі Кенесары ханның салық саясатын алуға болады. Хандықтың қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден салық алумен айналысқан. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Өзінің бір хатында Кенесары деп жазды: "Рахымбай, Қожабай, Шағзада молда Арғынбайды және Бұхар иелігіндегі барлық көпестерді ескертемін, зекет жинау үшін сұлтан Сейілханды, Шоқпар биді және молда Ғабдулсаттарды жіберіп отырмын, сіздер әр қостың оннан бір бөлігін беруге тиіссіздер”.
Кенесарының салық жинау саясатындағы негізгі өзгерістер жеке феодалдар жинайтын салықты енді хан қазынасына түсетін жалпы салықпен ауыстыру болды. Бұл феодалдық салықты мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы болды. Кенесарыға дейін Қоқандықтар қазақтардан үш түрлі салық жинады
а) түңгілік зекет - әр үйден 1 қой;
ә) алам зекет – 50 бас малдан бір мал;
б) харадж - әр қырманнан 3 қой, бұл салық егіншелерден алынады.
Сонымен қатар, кей кездерде әр үйден 3 қой не 1 ділдә (алтын ақша) көлемінде әскери салық алынған. Ал хиуалықтар Сыр бойы қазақтарынан 10 ірі қарасы бар адамнан 2 ділдә, 13 ірі қарасы не 40 қойы бар адамнан да 2 ділдә салық алып отырған.
Кенесары билігін мойындаған қазақтар Хиуа не Бұхара ханына салық төлеуден және Орыс үкіметіне түтін салығын төлеуден құтылған еді. Бұл қазақтардың алым-салықтан біршама жеңілдеуіне әсер етті. Бірақ соғыс уақытының мүддесі Кенесары хан қазынасына түсетін әр түрлі салықтарды қатаң талап етуге итермелейді, ал бұл оның қол астындағы қазақтарға ауыр соқты.
Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан "зекет”, ал егіншілерден "ұшыр” салығын сақтап қалды. Сонымен қатар, ол ауыл бойынша ерекше салық және әр түрлі дәстірлі сый-сияпат ретінде сыйлықтар алды.
"Зекет” салығын жинаған кезде ал белгілі бір өлшемді сақтап отырды: 40 басқа дейінгі малдан 1 бас, онан әрі әр 40 бастан 1 бас алынып отырды. Көптеген қолға түскен Кенесары жасақтарының көрсетуі және патша тыңшыларының хабары осы мәліметті растайды. Өзіне қарасты рулардан Кенесары зекетті киім, қару-жарақ, ер-тұрман түрінде жинады. Жиналған зекет негізінен әскер қажетін өтеді.
Мысалы, Жаппас руының қазағы Иманқұл Сарыбаев Орынбор Шекара комиссиясына берген көрсетуінде, өзінің арғынруында болған кезде, Кенесарының 130 төленгіті "Әр ауылдан бір жылқы, бір шапаннан зекет жинауға келгенін” хабарлайды.
"Зекет” сөзі бұл жерде дұрыс қолданылмаған сияқты. Өйткені зекет жиналған кезде салық ешқашан ауыл бойынша алынбаған. Алайда, Кенесары қоқандықтар мен хиуалықтар сияқты жан басына және үй басына салық салған емес. Мұрағаттық құжаттардан зекетпен қатар, қазақ рулары өз еріктерімен зекет көлемінен де асып түсетін садақа жинап отырғанын байқаймыз. Мұндай "ерікті жәрдем” шын мәнінде қосымша салық болды және осындай "жәрдем” жиі жиналып тұрды.
Зекетпен қатар "ұшыр” салығы да жиналды. "Ұшырды” тек егіншілікпен айналасатын рулар ғана төледі. Олар салық жинаушыларға қырмандағы астықтың 10-нан бір бөлігін беріп отырды. Бұл уақыттарда Кенесары жақтарының біршама бөлігі Сыр бойында Сарысу, Іле, Ырғыз бен Торғай жағасында егіншілікпен айналысты. Бірақ жиналған салы жалпы мемлекеттік қазынаға түсті және көтерілісшілер мұқтажы мен әскерді ұстауға жұмсалды.
Кенесарының саудаға қатынасы да ерекше еді. Бастапқыда ол Орыс саудасын патшаның отарлық саясатын жүзеге асырудың бір жолы ретінде санап, оған қарсы болды. Сондықтан да ол қазақ даласы арқылы Орынбор, Петропавловск, Троискіден Орта Азияға бет алған сауда керуендеріне шабуыл жасап, сауданы тоқтатуға тырысты. Батыс-Сібір генерал губернаторлығының мәліметі бойынша тек 1837-38 жылдары Кенесары сауда керуендеріне шабуыл жасауының нәтижесінде 277500 сомға шығын келтірді. Жәбірленгендердің ішінде Қазан, Вятка, Рязань, Петропавл саудагерлері болды.
Кенесары аңғырттықпен Ресей Орта Азиямен саудасын тоқтатса, онда өкімет қазақ жеріндегі бекіністерді жойып, әскерлерін алып кетеді деп ойлады. Бұл Кенесары ордасында болған көпес Мухсимов пен Ибрасовтың көрсетулерімен де расталады.
"Кенесарының ойы біздің көпестердің Ташкентпен және соған жақын жерлермен, қырғыз даласымен сауда қатынастарын тоқтату болды. Ол сонымен Орыс үкіметінің шет елмен сауда жасаудан түсетін пайдасын жоққа шығарғысы келді. Ал пайда түспейтін болса, онда олар сыртқа округтермен қырдағы Ақтау қамалынан бас тартады деп ойлауда” деді олар. Алайда, сәл уақыттан соң, өз ордасын Ырғыз бен Торғай (Кіші жүз) маңына ауыстырғаннан кейін, Кенесары өз ойының қателігін түсінді және бәленің бәрі саудадан емес, патшалықтың әскери-отарлау саясатында екендігіне көзі жетті. Сонымен қатар, ол шекара тізбегі аймағын мекендеген қазақтардың жергілікті орыс тұрғындарымен қызу сауда жасағанын да жақсы білген еді. Тілеу және Қабақ руларының билері Кенесары ауылына келгенде, оған орыстарға қарсы қимылын тоқтатуға ақыл берді. Себебі, "олар нан және басқа тағамдарды сатып алып, пайда ғана көріп отырғандарын” айтты.
Саудадан пайда түспейтінін түсінген Кенесары енді Троиск, Сібір шектерінен Ташкент пен Хиуаға баратын керуен жолдарын түгелдей бақылап олардан баж салығын алып тұрды. Салық салғанда, ол керуен басылардың көтерісшілерге қарым-қатынасын есепке алды.
Орыс керуендері де әрдайым көп салық төлей қойған жоқ. Мысалы, 1841 жылғы Орынбор өкіметімен уақытша бітім кезінде Кенесарының өзі қазақ даласымен сауданы кеңейтуге жағдай жасап отырды.
Бұл жерде Кенесарының орыс саудасына көзқарасының өзгеруін 1845 жылғы соңғы келіссөзге дейін, оның патша өкіметімен достық келісім жасауға болады деп үміттенгенімен түсіндіруге келетін сияқты. "Сонда, - деп ойлады ол, - қазақтар Ресеймен тығыз экономикалық байланыс орната алады”. Бұған оның Орынбор губернаторына мынадай өтінішпен хат жазуы дәлел бола алады: "Барлық сұлтандарды, старшиндарды, Орынбор тізбегі бойындағы бөліктердің басқарушыларын орнынан алып, барлық ордаларды оның қарамағына беру, сонда ол патша қызметінде өзін ақтай алады және тыныштық бұзыла қалса, бүкіл жауапкершіліктің толығын өз мойына алады. Сонымен қатар Орынбор өлкесіне дейінгі кеңістікте бейбіт сауда жүргізуге жағдай бар және оны дамытуға үміттенеді”.
Кенесары ауылдарында сауда жасаған саудагерлерге салық салмады және олардың мүддесін қорғап отырды. Генерал Генске жазылған бір хабарламада былай деп айтылған: "Бүлікшілер ауылында болған көпестер көп пайда табуда, себебі ауылдарында сауда жасағандықтан және олардың өздері келетін болғандықтан, оларға тиіспеуге бұйрық берілген”.
Кенесары өзіне қосылған рулардан да біраз нәрселер сатып алып отырған. Сібір қырғыздарының шекера бастығы хабарында Кенесары өзінің серіктерімен албан және дулат руларының орталағында жүріп, қырғыздардан жоғарғы бағамен жылқы сатып ала отырып, біраз азық-түлік қорын жасағаны туралы мәліметтер бар.
Кенесарының қолдауынан нәтижесінде қазақтардың орыс тұрғындарымен сауда байланысы кеңейе түсті және шаруашлықтың табиғи негізгі ыдырауының алғышарттары қалыптаса бастады. Кейінгі жылдары қазақ қаласындағы сауда адан әрі кең қанат жайды. Бірақ ол өзінің айырбас сипатын өзгерте қойған жоқ
Әр феодал өзі салық жинаушы және өзін өкіметтен тәуелсізбін деп санады. Бұл мемлекеттік бірлестіктердің бағынышты бөліктері арасындағы байланыстың әлсіздігіне жағдай жасады. Кенесары дәл осындай тәртіпті жоюға күш салды. Салықты тек жоғарғы өкімет жинай алатын болды, ол сөйтіп күшейіп, ол жеке феодалдардың позициясы нашарлай бастады.
[Заң газеті. 21 шілде 2001 жыл.]
Джизья – (әр адамнан алынатын салық) Араб халифатында мұсылмандар емес төлеген. Оны ер адамдар (жасы жеткен) төлеген. Бұл салықты әйелдер, балалар, қарт адамдар, құндар, кеделер, монахтар төлемеген. Ақшалай немесе натуралды түрде жиналды. Осман империясында 18ғ. дейін өмір сүрді. Содан соң хараджбен қосылды.
Харадж – жерге салынатын жақын және Орта Шығыс елдерінің салығы.
Сасанидтер мемлекетінде – жер салығы (хараг) Ануширванның Кавадо І-Хосрова І салық реформасымен енгізілді. Халифатта харадж басында мұсылмандардан емес, кейін мұсылман халықтарыннан да алына бастады (жері бар халықтан). Аббасидтерге дейін харадж аудан бірлігінен алынды. 8ғ. 2-ші жартысынан бастап халифтың кейбір бөліктерінде харадж егістікке пропорционалды жиналды. Осман империясында 18ғ. соңында харадж джизьямен бірікті. Египетте 1907ж. харадж табысқа салынатын салыққа ауыстырылды.
Қарахан әулеті мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына белгілі бір ауданның, облыстың не қаланың халқынан, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына алынып келген салықты өзіне жинап алу хұқын тарту етеді. Мұндай салық "икта” деа аталды, ал оны берушіні мұкта немесе иктадар деп атаған. Икта институты Қазақстанның өңтүстігі мен өңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси өмірінде елеулі рөл атқарған.
Қоналға – әскерді ұштау үшін жиналды.
Жамалға – елшілерді ұстау үшін жиналған
Дафтари – реестр, осы арқылы салық жиналу процесі жүріп отырды.
Сойырғал – Қазақ хандығы кезіндегі көшпелі ақсүйектердің отырықшылықты егіншілікпен айналысатын халыққа үстемдік құруының кең тараған түрі.
Баж салығы – 1) мемлекеттік органдардың көрсеткен қызметі үшін азаматтардан, мемлекеттерден және ұйымдардан алынатын тұтыну салығының бір түрі. Орта ғасырларда жолды, көпірді, айлақ ғимараттарын т.б. пайдаланғаны үшін мемлекет қалалар мен жекелеген феодалдардан алым-салық алған. Қазір баж салығын үкімет органдары клиенттерден(біреуден біреуге ауысқан мүлікті, сыйды, мұраны, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдарды тіркегенде) алынады. Баж салығының басқа салықтардан айырмашылығы – барлық азаматтардан бірдей алынбайды, тек тиісті мемлекеттік органдар белгілі бір қызмет көрсеткіштері үшін жеке адамнан, мекемеден ғана алынады;
2) басқа мемлекеттерден әкелінетін немесе соларға шығарылатын тауарлардан, мүліктерден ақшалай алынатын мемлекеттік салық.

Алтын Орда салықтары.

Салықтарды салық жинаушылар(басқақтар) жинады. Алтын Ордада мынадай салық түрлері болды:
Харадж – монғол қазынасына түсетін негізгі жер салығы.
Ихраджат - әмірлердің, мемлекеттік лауазымды адамдардың өмір сүруі үшін жиналған ақшалай және натуралды алымдар.
Тағар – мемлекеттік тіркелімге кірген әрбір адамнан бидайды, немесе шарапты, немесе күрішті; 2 жіпті; 1 ақ монетаны, садақты, тағарды(подкова) талап етті.
Копшұр – мал ұстайтын шаруашылықтар (көшпелі және жартылай көшпелі) төлеген: 10 бастан 1 бас. Кейіннен копшұрды егіншілерден және малшылардан алынатын жалпы табыс салығы деп атады.
Тамға – қалалар мен ауылдық жерлерде сауда мен қолөнерден алынған табыс, сонымен қатар бөгеттерде тауарлардан алынған ішкі алым мағынасына ие болды.
Тарх – қазыналық сақтаулардан азық-түлікті нарықтық бағадан бірнеше есе жоғары бағамен күштеп сатып алғызу, сонымен қатар шаруалардың сатқан азық-түліктіерін төмен бағамен сатқызу.
Ұлағ – пошталық стандшеларды жылқымен қамтамасыз ету, пошталық міндеттілік.
Биғар – жол, бөгет, сарайларды жөнге келтіру жұмыстарын, салу жұмыстарын күш қолданып орындату.
Нұзұл – белгілі бір аймаққа келген әмірге өз үйінді ұсыну. Шаруалар бұл кезде әмірдің адамдарын, құлдарын және жылқыларын тамақтандырды.
Сонымен қатар халыққа әскери міндетті санды: әрбір тоғыз шаруа үйдің ішінен 1 адамды әскерге алып отырды.
[Вестник налоговой службы РК. №6, июнь 2004г.]

Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа) | Добавил: Admin | Теги: Қазақстан, тарихындағы, салықтар, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР (КУРСОВЫЕ РАБОТЫ)
Просмотров: 19603 | Загрузок: 384 | Рейтинг: 3.8/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]