Главная » Файлы » Әр түрлі » Курстық жұмыс (Курсовая работа)



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Талап ұғымы (Азаматтық іс жүргізу) курстық жұмыс 28 бет
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 14.08.2012, 19:29
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС-ЖҮРГІЗУДЕГІ ТАЛАП ТЕОРИЯСЫ 4
II ТАРАУ. ТАЛАП ҚОЮДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 9
2.1 Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар 9
2.2 Құқықтар мен мүдделерді қорғауға талап
тәсілдерімен билік ету 13
ІІІ-ТАРАУ. ЕРЕКШЕ ТАЛАП ҚОЮМЕН ІС-ЖҮРГІЗУ 17

ҚОРЫТЫНДЫ 25

Пайдаланған көздердің тізімі 26
Әдебиеттер тізімі 28

КІРІСПЕ
Азаматтық іс жүргізу — бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс карау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты—бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматгык іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап коюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы жэне т.б.) процессуалдык әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да катысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі.
Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер азаматтык іс жүргізу барысында жүзеге асырылады.
Азаматтык іс жүргізудің нысанына тән белгілер:
а) сот істерін қарау және шешу гәртібі алдын ала азаматтық іс
жүргізу құқықтың нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі түлғалар сот мәжілісіне іс
карауына катысу құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін
корғауға;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер
арқылы анықталған деректерге сүйену қажет және заңға сәйкес болу
керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтык істерді төрт түрге бөледі:
- бұйрық бойынша іс жүргізу істері;
- талап қоюмен іс жүргізу істері;
- ерекше талап коюмен іс жүргізу істері;
- ерекше іс жүргізу істері.
Азаматтық процестің сатылары—бүл келесі мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттер жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот карауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б.



І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС-ЖҮРГІЗУДЕГІ ТАЛАП ТЕОРИЯСЫ

І.І.ҚР Конститутциясының 13-бабының 2-бөлігі бойынша әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе адамдардың заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен корғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы (ҚР АІЖК-нің 8-бабының 1-бөлігі).
Талап—құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені корғау туралы талап кою арқылы түлғаның сотқа жүгіну.
Талап—субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.
Талап—азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері—бұл талаптың құрамалы бөлшектері. Оларға (элементтеріне):
- мазмұны;
- нысаны;
- негіздемесі жатқызылады.
Талаптың мазмұны — талап коюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын сотт ың қызметі.
Талаптың мазмұны талап қоюшының сотқа койылатын талабын бейнелейді және талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы—бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық-құқықтық дау. Талаптың нысанасына:
- Талап қоюшы мен жауапкер араларында материалдык—
кұқықтық қатынастың бар немесе жоқтығы туралы дау
(мысалы, некені заңсыз деп тану);
- Талап қоюшымен материалдық—қүкықтық қатынасынан
туындайтын жауапкердің міндеттері туралы дау (мысалы:
мүлік иесі өз мүлкін қайтаруын талап ету, несие беруші—
қарызды қайтаруын);
Тараптар араларындағы құқық қатынасты өзгерту немесе
тоқтату туралы дау (мысалы: туылған сәбидің әкесін анықтау,
талап қоюшы мен жауапкер арасындағы некені бұзу).[1, 65].
Талаптың негіздемесі—талап коюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарынан пайда болады. Мысалы: меншік иесі өзінің жоғалған мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы өзінің меншік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапқыш өзінің ойлап тапқан өнертабысын талап етуде өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме жасауы.
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
- материалдық—құқықтық белгілер;
- процессуалдық—құқықтық белгілер.
Талаптардың процессуалдық—құқықтық белгісі бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің процессуалдық-кұкықтык жіктелуі негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелуі негіз бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:
1. Ұйғару туралы талаптар
2. мойындау туралы талаптар
3. өзгеретін (құқық катынастарын өзгертуге немесе токтатуға
арналған) талаптар.
Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы үйғару талап деп аталады (мысалы талап қоюшы соттан жауапкермен қарызды төлеуі, пәтерді босату, келтірілген зардапты өтеу). Осындай сотқа қойылған талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі, сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды ( мысалы: талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрауы).
Өзгертетін талаптар материалдык-құқықтық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары ( жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуынсыз өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жагдайларда белгілі құкық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаған бала немене ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша. Материалдық-құқықтық белгісі бойынша талаптар жіктелуі келесі түрлерге бөлінеді: отбасылық, алименттік, тұрғын үй, жер құқықтық қатынастарынан пайда болатын және т.б.
Талап термині екі мағынада қолданылады:
1—материалдық;
2—процессуалдық.
Материалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз—сотка үндеу арқылы субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығы, яғни сот арқылы субъективтік құқығын қорғауға құқық. Азаматтық процесте сот талап қоюшының талап коюға (материалдық мағынада) құқығы бар не жоқтығын аныктайды.
Процессуалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз—дауды қарап, шешу үшін сотқа талап қою құқығы, яғни сот істің мәні бойынша шешу үшін сотқа тікелей талап арыз, арыз және шағым беру. Бүл нақты азаматтық—құқықтык дау бойынша сот төрелігіне жүгіну қүқығы.[2, 35,].
Талап қою құқығы—ҚР Конститутциясымен (13-баптың 2-бөлігі, 75-бабы) бекітілген сот арқылы қорғану құқығының бір нысаны. Сот жүгіну арқылы кұқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын азаматтарға және ұйымдарға (ҚР АІЖК 5-бабы), сондай-ақ шетел азаматары мен азаматтығы жоқ адамдарға (КР АІЖК 45-тарауы) тиесілі.
Талап қою құқығы белгілі шарттармен байланысты. Талап кою құқығы заңмен белгіленген шарттармен анықталады. Талап қою құқығының шарттарына нақты заңды деректер жатқызылады, олардың бар не жоқтығы негізінде заң азаматтык іс бойынша талап қою субъективтік құқығының пайда болуын байланыстырады.
Талап қою құқығының шарттары—-нақты азаматтык іс бойынша тұлғаның талап қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не жоқтығымен байланыстыратын мән-жайлар.
Бүл шарттар өзара:
- жалпы;
- арнаулы;
- жаратымды;
- жаратымсыз деп бөлініп қарастырылады.
Талап қою құқығының жалпы шарттары;
- Талап қоюшы мен жауапкердің азаматтык іс жүргізу кұқық
қабілеттігі, яғни азаматтық процесте тарап болу қабілеттігі
(ҚР АІЖК 45-бабы);
- Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныштылығы
(ҚР АІЖК 24-бабы);
- өз құзіреті шегінде сол мәселе туралы азаматтық іс бойынша
қабылданған сот шешімінің жоқтығы;
- тараптардың өзара дауды аралық соттың қарауына беру
туралы келісімнің жоқтығы (ҚР АІЖК 25-бабы).
Жоғарыда аталғанның алғашқы екеуі жаратымды, ал қалғаны— жаратымсыз сипаты болады.
Талап қою құқығының арнаулы шарттары дегеніміз—бұл кейбір субъектілер немесе категория істері үшін жалпы шарттармен катар заңмен белгіленген шарттар. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке жэне заңды тұлғалар өзара дауларын сотқа дейін талап (претензия) қою арқылы реттеу тиіс (ҚР "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" заңның 232-235 баптары).
Талап қою құқығының шарттарының болмауы сотпен келесі әрекеттер жасауына әкеледі:
- талап арызды қайтару (ҚР АІЖК 154-бабы);
- талап арызды қабылдаудан бас тарту (ҚР АІЖК 153-бабы);
- іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК 247-бабы);
- арызды қараусыз калдыру (ҚР АІЖК 249-бабы).
Талап арыз—субъективтік құқык туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқа жүгіну нысаны.
Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсыну қажет.
Талап арыз мазмұны:
- кіріспе;
- сипаттау;
- дәлелдеу;
- сұрау бөліктерінен тұрады.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 150-бабының 1-бөлігі).


Толық нұсқасын алу үшін adm1n1993@mail.ru почтасына хабарласыныз
Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа) | Добавил: Admin | Теги: жұмыс, Іс, 28, курстық, азаматтық, бет, жүргізу, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР (КУРСОВЫЕ РАБОТЫ)
Просмотров: 9582 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/3
загрузка...
Всего комментариев: 1
1  
Ерекше талап қою арқылы іса жүргізу (Азаматтық кодес бойынша курсовой барма)

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]