Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Экономикалық теория курстық жұмыс 22 бет
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
02.04.2012, 20:32
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе……………………………………………………………. .2
I. Экономиканың ілімдердің мәні және қалыптасу ерекшеліктері
1.1. Экономика мәнi……………………………………………. .3
1.2. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері …..
1.3. Экономика ілімдерінің қалыптасу ерекшелiктерi……5

II Қазақстандағы экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының даму тарихы

III Қазіргі жағдайда экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының дамуы ……….……………………………… 15

Қорытынды ………………………………………………………17
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………18

Кiрiспе
Экономикалық iлiм мынадай саяси сұрақтарды қамтиды: мемлекеттiң жұмыссыздарға көрсететiн көмегi, құнсыздық жағдайында халықты әлеуметтiк қорғау және кепiлдiлiк.
Экономикалық теория экономиканың ілімі бұл қоғамның шаруашылық негiзi мен өндiрiстiң даму заңдары туралы ғылым.
Экономикалық теория- тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игiлiктердi өндiру оптималдауды зерттейтiн ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндiрiс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтiн iлiм. Ол қоғамдқ ұдайы өндiрiстi, халық шаруашылығының жеке бөлiмдерiн ұдайы өндiрудiң экономикалық формалары мен заңдылықтарын зерттейдi.
Экономикалық теория, ғылым ретiнде қоғам мен ұлттың алдында тұрған маңызды пробелмаларға жауап беруi керек. Мәселен, халық санының өсу проблемалары, олардың өсу қарқыны және оның қандай факторларға байланысты екенiн.
“Экономия” деген ұғымды тұңғыш рет қолдаған ежелгi заман оқмыстылары Ксенафонт пен Аристотель едi. Бұл ұғымның аудармасы “үй шаруашылығын жүргiзу”.
Тәжірибе экономикалық ғылым дағдарысының тек сол ғылымның өзінің дағдарысында ғана емес, оның зерттеу нысаны – экономиканың дағдарысымен байланысты екендігін көрсетеді. Ғылым дағдарысы оның дамуына күшті қозғау салады. бұған ғылымды тығырықтан, ал экономиканы терең дағдарыстан шығарған Кейнстік теорияның пайда болуына себеп болған ұлы дағдарысты қарастыруымызға болады.
Қазіргі жағдайда экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының дамуы тақырыбындағы курстық жұмысымның бірінші бөлімінде экономиканың ілімдердің мәні және қалыптасу ерекшеліктері: экономика мәнi, экономикалық теорияның атқаратын қызметтері, экономика ілімдерінің қалыптасу ерекшелiктерi, ал екінші бөлімінде Қазақстандағы экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының даму тарихы, үшінші бөлімінде қазіргі жағдайда экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының дамуы қарастырылған.

I. Экономиканың ілімдердің мәні және қалыптасу ерекшеліктері
1.1. Экономика мәнi
Бүгiнгi таңда халық шаруашылығының қандай да бiр болмасын, маманының экономикалық тұрғыдан сауатты ойлауының маңызды екенi әркiмге аян. Нобель сыйлығының лауреаты амеркикан экономисi Поль Самуэльсон былай деп жазды: “Экономикалық теорияны жүйелi тұрде оқымаған адам үшiн…. сұрақтарға тек жауап беру ғана емес, тiптi оны дұрыс ойлауға талпынудың өзi де орасан қиындық туғызады. Ол музыкалық шығармаға өзiнiң бағасын беруге талпынған саңырауға үқсайды” [1].
Экономикалық iлiм мынадай саяси сұрақтарды қамтиды: мемлекеттiң жұмыссыздарға көрсететiн көмегi, құнсыздық жағдайында халықты әлеуметтiк қорғау және кепiлдiлiк.
Экономикалық теория- бұл қоғамның шаруашылық негiзi мен өндiрiстiң даму заңдары туралы ғылым.
Экономикалық теория- тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игiлiктердi өндiру оптималдауды зерттейтiн ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндiрiс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтiн iлiм. Ол қоғамдқ Ұдайы өндiрiстi, халық шаруашылығының жеке бөлiмдерiн Ұдайы өндiрудiң экономикалық формалары мен заңдылықтарын зерттейдi.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы айналадағы ортада өмiр сұре жүрiп, өздерiнiң еңбек әрекеттерi арқылы көзбен көрiп, көңiлге түйген бiлiмдерiн зердеде сақтап, бiр ұрпақтан келесi ұрпаққа қалдырып отырады. Іоғамдық өмiрдiң басты шарты материалдық игiлiктердi өндiру болғандықтан, адамзат есiне әрдайым осы әрекет туралы мәлiмет тұрақты орын алып, отрады. Адамзаттың ойы әрдайым өмiрге қажеттi игiлiктi өндiретiн еңбек өнiмдiлiгiн қалай арттыру керек екендiгiне бағытталып келдi [2].

Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз/скачайте
Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа) | Добавил: Admin | Теги: жұмыс, курстық, бет, 22, экономикалық, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР (КУРСОВЫЕ РАБОТЫ), теория
Просмотров: 4821 | Загрузок: 1099 | Рейтинг: 3.7/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]