Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мемлекеттің функциялары
[ Скачать с сервера (20.7 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
03.03.2015, 20:33

1. Мемлекет функцияларының түсінігі. Мемлекет функция-лары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мəні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мем-лекеттің мəніне тəуелді болып келеді жəне оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары – ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
2. Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функция-ларын түрлерге бөлуді əртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) əрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты жəне уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуы-ның барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз əрекетін жояды.
ə) маңыздылығына қарай – негізгі жəне қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына бай-ланысты – ішкі жəне сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функ-цияларға мыналар жатады: адам жəне азамат құқықтары мен бос-тандықтарын қорғау, құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету функция-сы, экономикалық функция, салық салу функциясы, əлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция жəне мəдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары – оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыт-тары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тəртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттер-мен одақтасу функциясы жəне т.б.

Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа)
Просмотров: 4861 | Загрузок: 218 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.9/9
Всего комментариев: 1
1 дархан  
мемлекеттің функциялары

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]