Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мүлікті сенімгерлікпен басқару курстық жұмыс 27 бет


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
14.08.2012, 20:53
Ж О С П А Р

Кіріспе......................................................................................................................2

Негізгі бөлім
І. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ұғымы......................................................3
1.1. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың түсінігі............................................3
1.2. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың мазмұны және шарты
бойынша жауапкершілігі...................................................................................7

ІІ. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың тоқтатылуы..........................................19
2.1. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың тоқтатылу негіздері.....................19
2.2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын жүзеге асырудың
тәжірибелік мәселелері....................................................................................21

Қорытынды............................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................27


Кіріспе

Сенімгерлікпен басқарудың қазіргі таңда реттейтін қатынастарына ұқсас қатынастардың тарихи тамыры ұзаққа кетеді. Олар біздің заманымызға дейін пайда болды. Мысалы көне Египетте мұралық мүлікке иелік ету, жасы кіші ханзадалар мен ханшайымдардың меншігіне қамқоршы болу сенім хат бойынша үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіру бойынша қатынастар кеңінен таралған. Фараондардың мүлкін және олардың балаларын көне Египеттік шіркеулердің абыздары, яғни монархқа жақын адамдар басқарған .
Сенімгерлікпен басқару идеясы, құқықтың бір затқа бөлінуіне байланысты (мәселен, суперфиций мен эмфитевзис кезінде) Рим құқығында нақтырақ көрініс табады. Бертін келе ол Англоамерикандық құқық жүйесімен қабылданған болатын.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық Кодексін қабылдағанға дейін мүлікті сенімгерлік негізде басқару қатынастарына аталас қатынастар да болған. Мысалы, хабар-ошарсыз кетті деп танылған тұлғаның мүлкіне қатысты мұралық мүлікке белгіленетін қамқоршылық жағдайларын айтуға болады. Бұл қатынастарды құқықтық тұрғыда реттеу тәжірибе жүзінде болмады. Осы және осыған ұқсас басқа қатынастардың құқықтық мәні толық нақтыланбаған болатын.
Мүлікті оның меншік иесімен, басқа тұлғаға беруді қамтамасыз ете алатын қатынастарды тиімді түрде реттеуді табу қажеттілігі жеке меншіктің, сондай-ақ меншіктің мақсаты бойынша мемлекеттік меншікке қарама-қайшы жеке нысанының қалыптасуымен пайда болды .
Жеке меншіктің қалыптасуы бөтеннің мүлкіне тұрақты негізде иелік етудің, комиссия, тапсырма, сақтау және басқа да шарттардың дәстүрлі механизмдеріне қарағанда анағұрлым жетілген құқықтық нысандарын жасап шығаруға деген потенциалды қажеттілікті анықтады.
І. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ұғымы
1.1. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың түсінігі
Меншіктің жеке және мемлекеттік нысандарын бекіту, мемлекеттік экономиканың ішкі тұйық жүйесіндегі қатынастарға қолданылатын оралымды басқару мен шаруашылық жүргізу, мемлекеттік меншік жеке тұлғалардың қолына берілуге тиіс болатын қатынастарды бірдей реттей алмайтындыққа алып келеді. Оларды беру қажеттілігі әр түрлі себептерге байланысты болар еді. Ол мүлікті жеке меншікке түпкілікті және қайтарусыз беру туралы шешім қабылдау кезінде аралық кезең рөлін атқара алады. Сенімгерлікпен басқару – меншіктің мемлекеттік нысанына негізделген шаруашылық субьектілерінің қызмет етуі кезінде сөзсіз туындайтын шығындарды өтеуге қабылетті деп есептеледі. Мәселен, ол кәсіпорын қызметін оңтайлы және сауатты басқару үшін құрылуы мүмкін.

Толық нұсқасын алу үшін adm1n1993@mail.ru почтасына хабарласыныз!
Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа) | Добавил: Admin | Теги: 27, жұмыс, курстық, бет, сенімгерлікпен, Мүлікті, Басқару, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР (КУРСОВЫЕ РАБОТЫ)
Просмотров: 4535 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 Динара Жанатқызы Кеңесбай  
очень хорошая работа

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]