Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мемлекет механизімі: түсінігі, негізгі белгілері, құрылымы.


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
14.08.2012, 19:42

Жоспар:
I бөлім.
Кіріспе.
1.1. Мемлект механизімі: түсінігі, негізгі белгілері, құрылымы...................2
II бөлім.
Негізгі бөлім.
2.2. Мемлекеттік органдар.................................................................................6
2.3. Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы әрекет етуінің қағидалары...............................................................................................................8
2.4. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері.................................10
2.5. Мемлекеттік биліктің бөлінуі...................................................................18
2.6. Мемлекеттік биліктің өзге органдарының құрылуы және әрекет ету тәртібі......................................................................................................................26
Қорытынды.......................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................37
Қосымша............................................................................................................38

КІРІСПЕ

Мемлект механизімі – мемлекет әрекеттінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі.
Мемлект механизімі шынайы ұйымдастырушылық және материалдық күш, мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктер синоним сездер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағьггталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппартының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдык өмірдің барлык салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызметті құрайды.
Сондай-ақ, мемлекет аппараты ретінде тұрақтылықты (статика) алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды қозғалыста (динамикада) қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппартын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органының маңызы, құрылу тәртібі, құзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизімін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызыметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады. Аталған көзқарасдың авторларлары ретінде В.В.Лазеров пен С.В.Липенді атауға болады.
Мемлекет механизімінің маңызды белгілеріне мыналар жатады:
- ол өзара байланысты мемлекеттік органдардың тәртіптелінген жиынтығын, яғнижүйесін көрсетеді. Мемлекет механизіміне заң шығару органдары (парламент), өз әкімшілігімен қоса призидент, атқару аргандары (үкмет, министірліктер, ведомствалар, мемлекттік камиттеттер, әкімиаттар), сот органдары, пракуратурлық және өзге де қадағалау органдары, полиция, салық полициясы, қарулы күштер және тағы басқалар кіреді. Олар жиынтығында билік құрудың бір тұтас жүйесін құрайды;
- оның біртұтастығы ортақ мақсаттар мен міндеттер арқылы қамтамасыз етіледі. Мақсат пен міндеттер жағарыда көрсетілген сан алуан мемлекеттік құрылымдарды тұтас ағзаға айналдырады, ортақ мәселелерді шешуге бағыттайды;
- мемлекет механизмінің негізгі элементі ретінде биліктік өкілеттіктерге ие мемлекеттік органдар танылады;
- мемлекеттік билікті жүзеге асырудың, нақты нәтижелерге жетудің ұйымдастырушылық және материалдық күші, құралы болып табылады.
Бұл кызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдары мен құкықтық механизмдердің колданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп карастыруға болады:
1. Тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқыктык, сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2. Құқықтык нысандар - құқықтық. заңды сипаттағы қызмет тұрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады.
Мемлекет аппараты кызметінің негізгі құқықтык нысандарына мыналар жатады:
а) құкық шығармашылык қызмет - бүл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байлнысты қызмет;
ә) кұкык колданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құкык корғаушы қызмет - бүл заңдардың сакталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі түлғаларды занды жауапкер шілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.
Мемлекет механизімінің құрылымы деп оның ішкі құрылысын, оның аралық элементтерінің орналасу тәртібін, олардың өзара бағыныштылығын, қатынасын және байланысын айтамыз. Мемлекет механизімінің құрылымы мынандай элементтерден тұрады:
1. Мемлекеттік органдар, олар өздерінің тікелей биліктік функцияларын атқару барысында тығыз өзара байланыста және бағыныштылыққа болады. Мемлекеттік органдардың ерекшелігі сонда, олар мемлекеттік- билік өкілеттіліктерге, яғни мемлекеттік күшімен жалпыға міндеті басқармашылық шешімдер қабылдаумен байланысты құралдарға, ресурстарға және мүмкіншіліктерге ие болады. Оларға парламент, призидент, үкімет, министірліктер, ведомоствалар, мемлекеттік комиттер, әкімияттар жатады;
2. Мемлекетік ұйымдар, оны басқаша, мемлекет механизімінің «материалдық қосымшалары» деуге де болады, олар мемлекеттің қорғау әрекетін жүзеге асыруға арналған. Қатарына қарулы күштерді, полицияны, салық полициясын және тағы басқаларын жатқызуға болады;
3. Мемлекттік мекемелер – мемлекет механизімінің биліктік өкілеттіктері болмайтын (олардың әкімшілігін есепке алмағанда), әлеуметтік, мәдени, тәрбиелеу- білім беру, ғылыми аймақтардағы мемлекет атқару бойынша поактикалық әрекеті тікелей жүзеге асыратын бөлігі. Оның институттарын, мектеп, бала-бақша, жоғары оқу орындарын, тиаторларды және тағы басқаларын көруге болады;
4. Мемлекеттік кәсіпорындар – бұлар да әкімшілігін есепке алмағанда биліктік өкілеттіліктері болмайтын, шаруашылқ- эканомикалық әрекеті жүзеге асыратын, өнім шығаратын немесе өндірісті қамтамасыз ететін, әртүрлі жұмыстар атқаратын және қоғам қажеттілігін қанағаттандыру, пайда табу үшін көптеген қызымет көрсеттетін мемлекет механизімінің құрамдас бөліктері. Оларға қазыналық зауыт, фабрикалық және тағы басқалары жатады;
5. Мемлекеттік қызыметкерлер-басқарумен арнаулы түрде айналысатын мамандр;
6. Ұйымдастырушылық және қаржылық құралдар, мемлекет аппараттының әректін қамтамасыз ету үшін қажетті мәжбірлеу күштері.
Мемлекет механизімі мен оның құрылымы өзгерместей қалып қалған құбылыстар емес, олар қоғамның даму үрдісіне сәйкес өзгеріп, жетілдіріп отырады. Олардың өзгеру деңгейіне ішкі факторлар: елдің аумағы, зканомикалық даму деңгейі, саяси күштер ара қатынасы, мәдени-тариғи, ұлттық- психологиялық, діни-адамгершілік ерекшеліктері және сыртқы факторлар: халықаралық жағдай, мемлекеттің өзге елдермен өзара қатынасының сипаты әсерін тигізеді.
Мемлекет механизмінің қүрылымы.
Бүл құрылымға мыналар кіреді:
1. Өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыр барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2. Биліктік өкілетгіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекетгік мекемелер мен кәсіпорындар;
3. Басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік кызметшілер;
4. Мемлекеттік аппараттың кызметін камтамасыз ету үшін кажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның кызметінің кағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың кызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылык ережелер. Оларға мыналар жатады:
1. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылыгы кағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
2. Демократиялық қағидасы, бул кагида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең келемде катысуын білдіреді;
3. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;
4. Заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңга сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
5. Жариялылык қағидасы, бұл кағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
6. Кәсібилік кағиадсы, бүл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға колайлы жағдайлар жасайды;
7. Алқалык пен дербестіктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялык және бюрократиялык бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
8. Сайлаушылық пен тағайындаушылыктың үйлесу қағидасы, бұл кағида мемлекеттік басқарудағы орталыктандыру мен орталықсыздаңдырудың тиімді байланысын білдіреді;
9. Бағыныстылық (иерархичность) қагидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.

 
Толық нұсқасы 2000 тг adm1n1993@mail.ru почтасына хабарласыныз!
Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа) | Добавил: Admin | Теги: негізгі, түсінігі, белгілері, механизімі:, Мемлекет, құрылымы., КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР (КУРСОВЫЕ РАБОТЫ)
Просмотров: 18826 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/5
Всего комментариев: 2
2 Мадина  
Хочу скачать курсовую

1 маржан  
как я могу скачать?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]