Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Несие курстық жұмыс
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
02.04.2012, 18:13
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................4

1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Несие жүйесі туралы жалпы түсінік................................................................6
1.2 Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері ..................9
1.3 Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру................12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және
дамуына сипаттама.........................................................................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметіне
талдау................................................................................................................26

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ........................................................................................33

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................37

КІРІСПЕ

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, экономикамыздың гүлденуіне байланысты көптеген жетістіктерге, өзгерістерге қол жеткіздік. Нарықтық экономикаға ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен байланысты жүрді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамызбен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық» /1,31б./ – деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынастарға ену кезеңінде оның мәнділігі одан арта түсті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік» – деп көрсеткен /2, б.7/ Ғаламдық дамумен қатарласа жүру Қазақстанның міндеті екендігін айқын мақсат етіп ұстаған Н.Назарбаевтың бұл сөздерінен еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жаңарудың қарқынды жолын таңдағандығын көре аламыз. Көптеген дамыған шетелдер тәжірибесі көрсетіп және ол елдердің өкілдері мойындап отырғандай Қазақстанның индустриалды-инновациялық технологияны пайдалану бағытындағы даму қарқыны ерекше. Осы бағытты ұстана негізінен аймақтағы «көш басшыға» айналғандығымыз да белгілі.
Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсеңді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие және қаржы шаруашылығы: несие жүйесiн реформалау; қатаң инфляция жағдайында бiзде бұрын-соңды болмаған жаңа несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерiнiң пайда болуы; нарық экономикасымен және меншiктiң көп түрлi формасына бейiмделген екi буынды банктiк жүйенiң қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк басқару жүйесiнен – пайда табуға, Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуының жетiстiктерге қол жеткiзуге бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке негiзделген несиелiк мекемелерге өту тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.
Осы мәселелердiң маңыздылығы мен тәжiрибе жүзiндегi мәндiлiгi дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Отандық банктер ұсынылған қолма-қолсыз есеп айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қазақстан Республикасындағы банктердің несие жүйесінің қалыптасуы барысында банктің сапасын мамандырылуында құрылмайды. Қазақстан Республикасындағы банктердің несие жүйесінің сапасының өсуі – несие жүйесінің қалыптасыру операцияларын басқаруды жүгізу негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуын басқаруды жүзеге асыратын процесі жоқ. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: несие жүйесі қалыптасу саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және несие механизімін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктердің несие жүйесінің қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
• несие жүйесінің қалыптасуын зерттеу;
• банктің басқару жүйесіндегі несиенің қозғалысын зерттеу;
• несие жүйесінің қалыптастыру мен басқарудағы проблемаларды зерттеу;.
Осы курстық жұмыстың зерттеу объектісі – ретінде барлық дерлік қазақстандық несие жүйесінің негізгі буындары: Орталық банк, екінші деңгейдегі коммерциялық банктер, маманданған несиелік мекемелер.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспені, үш тарауды, қорытындыны, қолданылған әдебиеттердің тізімі және қосымшаларды қамтиды.



1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Несие жүйесі туралы жалпы түсінік

Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсеңді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие-қаржы институттарының жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есеп шоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әртүрлі топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әртүрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с. көптеген операцияларды жүзеге асырады.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы рөлі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық-экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады. Мысалы, XX ғасырдың 20-жылдарынан 90-жылдардың бас жағына дейін КСРО-да жоспарлы-орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие жүйесі құрылды. /4, б.78/
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда 3/4 бөлігінің несие жүйесі арқылы өтуі.
Несие мекемелері арқылы айналатын ақша қаржыларының орташа жылдық сомасы 1989 жылы 700 млрд долларды құрады.
Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ несиелік катынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уакытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік кұнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем кұралдарының косымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.
Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды.
Несиелік катынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау – несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен иесие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.
Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және акшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа кұжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.
Несиелік қатынастардың несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі түсінігін құрайды.
Тар мағынадағы несие жүйесі – бұл несие-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі.
Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде көптеген өзгерістер кездеседі. Банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: ХІХ-ғ. аяғы ХХ-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінін интенсивті процесіне байланысты болады. /5, б.158/
Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие-қаржы мекемелері мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Бірсыпыра елдерде банкнота шығаратын ерекше құқығы бар орталық банктер, сондай-ақ пошта-жинақ жүйесі және кейбір арнаулы несие-қаржы институттары (мысалы, американдық федералды жер банкі, АҚШ-тың экспорт-импорт банкі) мемлекеттік несие мекемесі болып саналады. Ал кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Италияда және т.б.) ірі коммерциялық банктер де мемлекеттік болып саналады.
Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кездері отарлау жүйесінің құлауы нәтижесінде азат етілген елдерде құрылған ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік несие институттарының пайда болуына мүмкіндік туғызды. Бұл елдерде шетел банктерін мемлекет меншігіне айналдыру жүргізілді. Сондай-ақ әлемде мемлекетаралық валюта-несие және қаржы институттары да құрылуда: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру және Даму банкі, Аймақтық Даму банктері және т.с.с.
Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына, мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие жүйесінің өзегі – банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын үйлестіретін бірыңғай орган – Орталық банк болып саналады. Орталық банк – мемлекеттің банк жүйесінің бірінші деңгейіндегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол -"банктердің банк ісі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері - коммерциялық банктер мен басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.
Экономиканың тарихи-экономикалық дамуының әрбір сатысына несиелік істі ұйымдастырудың өз типі, несие-ақша қызметіндегі сәйкес сұраныстарға жауап беретін несиелік жүйенің өз құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, КСРО-ның жоспарлық-орталықтандырылған экономикасына Мемлекеттік банк басқарған несиелік жүйенің катаң орталықтанған кұрылымы сәйкес келеді, нарықтық экономика үшін басқасы, яғни банктік және банктік емес мекемелердің демонополизацияланған кұрылымының кең желісі сәйкес келеді.

1.2 Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері

Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер несиелік мекемелердің өз клинттеріне көрсететін қызметтер сипатын жіктеменің негізі етіп алсақ, онда қазіргі кездегі иесиелік жүйенің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:

Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз/нажмите скачать чтобы получить полную версию
Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа) | Добавил: Admin | Теги: жұмыс, курстық, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР (КУРСОВЫЕ РАБОТЫ), Несие
Просмотров: 4582 | Загрузок: 1377 | Рейтинг: 2.9/15
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]