Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

ҚР Франчайзингі дамуының құқықтық тұрғылары


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
14.08.2012, 20:57
ЖОСПАР..............................................................................................2
КІРІСПЕ...............................................................................................3
1. ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.......................................4
2. КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫ....................7
2.1. КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ
ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІ................7
2.2. ФРАНЧАЙЗИНГ ШАРТЫНДАҒЫ ТАУАР БЕЛГІСІ........12
2.3. КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ
ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ..........................................................16
2.4. КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫ
БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК.................................................25
2.5. КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ
ШАРТЫН ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ.....................................27
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................31

Кіріспе
Франчайзинг шарты – бұл ТМД елдері ғалымдарымен басқа да мамандарымен жасап шығарылған құрылым емес, құқықтың англо-саксондық және континентальдық жүйелерінде тұрақты түрде қалыптасуға ие болған шарттық қатынастардың апробацияланған түрі. Сонымен бірге оның үш ғасырлық тарихы бар және ол өзінің өміршеңдігін толық дәлелдеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда әйгілі фирмалардың тауар таңбаларымен бейнеленген тауарлар мен қызметтері кең тараған. Бұл тауарлық таңбалар тұтынушылардың санасында жоғарғы беделді өндірушімен байланыстырылып, жанама түрде тауардың немесе қызметтің жоғары сапасына кепіл болады.
Қазақстан Республикасында франчайзинг үшін құқықтық кеңістік АК-тің Ерекше бөлімі қабылданғаннан кейін ашылды. Бірақ заң оны бұған дейін де пайдалануға бөгет жасамады. Кәсіпкерлік заңмен танылған шарт еркіндігін пайдалану арқылы заңда көзделмеген де шарттарды жасасуға толық құқылы еді. Қазіргі таңда франчайзинг қатынастары АК-тің 45-тарауымен және ҚР «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» 2002 ж. 24-маусымдағы заңымен реттеледі. Осы шарттың нысанасы - айрықша құқықтардың кешені франчайзингтегі кешенді құқытық институт ретінде қарастыруға және оған сәйкесінше интеллектуалдық меншік саласындағы заңдарды қолдануға мүмкіндік береді. Соңғылардың ретінде АК-тің 5-бөлімін, ҚР 1999 ж. 16 шілдедегі Патент заңын, ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауы туралы» 1999 ж. 26 шілдедегі заңын атауға болады.


1. Франчайзингтің даму тарихы.
Франчайзингтің пайда болуы ортағасырларда орын алған.
Оксфордтық ағылшын тілі сөздігінде (1993 ж. 1630-бет) «franchising» –
1559 ж. епископаттарға Корольмен сыйланған құқықтар мен
бостандықтар, ал «franchises» - сауда-саттыққа арналған жәрмеңкелер,
базарлар және т.б. Ортағасырларда Англия королі барондарға белгілі бір
қызметтерге, мысалы армияға солдаттар беріп тұрі міндетіне айырбасқа
жерлерден салық жинау құқығын беріп тұрған.
Ерікті адамдарға немесе қала тұрғындарына тауарларын қала
территориясында сату рұқсаттары (франшиза) берілген.
Осылайша, билік ғасырлар бойы өз өкілеттіктерінің бөлігін капиталға немесе қажетті қызмет түріне айырбастап, франчайзинг шартының негізін қалаған.
Франчайзингтің коммерциялық жүйелерін дамытуда жақсы қадамды АҚШ-та «Зингер» тігін машинасын жасаумен айналысатын компания жасаған болатын. Бұған негізгі себеп болып жаңа тігін машиналарының жақсы өтпеуі және АҚШ-тың кең территориясында сауда жүйелерін жасау үшін үлкен капитал қажетттігі табылды. Сондықтан компанияның иесі тәуелсіз кәсіпкерлерге белгілі территорияда «Зингер» тігін машиналарын сату және өндіру құқығын сата бастады [1].
Осыған ұқсас жүйе 1898 жылы Дженерал Моторс (General Motors) компаниясымен құрылды. Бұл жүйе бойынша дилерлерде өзге өндірушілердің машиналарын сату құқығы болмайтын және олар Дженерал Моторс (General Motors) компаниясының имиджін көтеру үшін капиталдарын салуға міндеттенді. Автомашиналарды франшиза жүйесі арқылы сату қазіргі күнде де дамуда.
Дженерал Моторсты үлгіге ала отырып, Рексол (Rexall) компаниясы дәріхана ұйымдастыру франшизасын сата бастады.
Қазіргі кезде франчайзинг бөтелкелі алкогольсіз ішімдіктер индустриясында кеңінен таралған. Франшизаның арқасында Кока-Кола, Пепси, Севен-Ап компаниялары дүние жүзі елдеріне белгілі болды.
20 жж. АҚШ-та франчайзингтің бизнесі ұйымдастыру формасы ретінде мағынасы өзгерді және жаңа «көтерме бағамен сатушы –бөлшектеп сатушы» деген қатынас пайда болды. Көтерме бағамен сатушы (франчайзор) кішігірім бөлшектеп сатумен айналысатын ұйымдарға төмен бағамен тауарын , сауда белгісін пайдалану құқығын сатумен айналысты. Ұлыбританияда франчайзингтің бұл түрі Спар (Spar) компаниясымен пайдаланылған.

Толық нұсқасын алу үшін adm1n1993@mail.ru почтасына хабарласыныз!
Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа) | Добавил: Admin | Теги: Құқықтық, дамуының, тұрғылары, ҚР, Франчайзингі, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР (КУРСОВЫЕ РАБОТЫ)
Просмотров: 2980 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]