Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Рөлдік ойындар
[ Скачать с сервера (70.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
20.11.2013, 17:36
ЖОСПАР

Кіріспе.........................................................................................................3 - 4

І-бөлім.
1.1. Оқиғалы рөлді ойынның тәрбиелік мәні...........................................5 - 7
1.2. Оқиғалы рөлді ойынның кезеңдері....................................................8 - 13

ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқиғалы рөлді ойынның түрлері мен мазмұны...........................................................................14 - 18
2.2. Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және
өткізу ерекшеліктері............................................................................19 - 27

ІІІ. Қорытынды.........................................................................................28 - 29

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................30

Кіріспе.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Әлемдік білім кеңестігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім беру жаңаша жетілетін әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда.
Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние-танымын жетілдіру, сөздік қоры мен сөйлеу тілін, ой өрісін дамытып, еңбекке баулу – балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балаларды ауызекі сөйлеуге үйретіп, олардың ой өрісін кеңейтудің негізі –айналадағы орта мен табиғат құбылыстарын бақылату. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара түсінісуін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Екіден үш жасқа дейінгі балалармен өтілетін сабақтар түрлі көрнекіліктер мен дидактикалық ойын әдісіне негізделеді.
Ойын - балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқандай мотивсіз, яғни қызығушылықсыз болуы мүмкін емес.Дегенмен, сабақ барысында балалардың қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде балалар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Психологтардың көпшілігі балалар не айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. Осы мақсатта оқиғалы рөлді ойындарды қолдану – мектепалды даярлық тобында тіл дамытудағы ең жақсы амалдардың бірі.
Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа)
Просмотров: 4154 | Загрузок: 2434 | Рейтинг: 3.0/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]