Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Шағын және орта бизнес
[ Скачать с сервера (381.6 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
26.02.2013, 17:22
Жоспар
Кіріспе...................................................................................................................3
І. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................5
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикадағы орны мен маңызы..............5
1.2 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің классификацияцы...............8
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі.........10

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ...................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес және оны несиелендірудің заңдылық негіздері..............................................................14
2.2 Шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру тәртібі..................................................................................................................16
2.3 2009 – 2011 жылдар арасындағы Қ.Р – ғы шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау.......................................................................................17

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ...............................22
3.1 Шағын және орта бизнесті несиелендірудегі негізгі мәселелер.............22
3.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің жетілдіру жолдары..............................................................24
Қорытынды........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31
Қосымшалар

КІРІСПЕ
Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Сондықтан да мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту үшін әртүрлі жағдайлар қарастырылуда. Бұндай жағдайлардың бірі шағын және орта бизнесті несиелендіруді қайта қарастыру және ынталандыру шаралары ретінде жеңілдіктерді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру жолында.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
 шағын және орта бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
 оны дамытудағы несиелендірудің классификациясы;
 шағын және орта бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес және оны несиелендірудің заңдылық негіздерін қарастыру;
 шағын және орта бизнесті несиелендіруді уйымдастыру тәртібі;

 2009 - 2011жылдар арасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау ;
 шағын және орта бизнесті несиелендірудің негізгі мәселелерін қарастыру;
 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің жетілдіру жолдарын ашу.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
Зерттеу пәні: қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру бағыттарын топтастыру.
Қазіргі таңдағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын және орта кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары.
Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.


Автор Материала: Назым
Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа) | Теги: Шағын және орта бизнес, курстық жұмыс, курсовой, БЕСПЛАТНО
Просмотров: 4828 | Загрузок: 1745 | Рейтинг: 3.0/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]