Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

11-сынып Қазақ әдебиеті 1920-1930 жылдардағы әдебиет. (ент-ұбт)
[ Скачать с сервера (21.4 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Тест сұрақтар]
04.11.2015, 17:34

ҰБТ-ға дайындық. Тақырып бойынша тест.

Окпина Бактыгуль Маулитовна, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты, Павлодар қаласы.

11-сынып

1920-1930 жылдардағы әдебиет

1. Қазақстан жазушыларының «Қазақ әдебиетінің бүгінгі күні мен келешектегі міндеттерін» талқылаған тұңғыш құрылтайықашан өтті?

  1. 1934 жылы маусым айының 12-18 аралығы
  2. 1934 жылы тамыз айының 6-10 аралығы
  3. 1935 жылы мамыр айының 15-20 аралығы
  4. 1930 жылы қыркүйек айының 2-5 аралығы
  5. 1960 жылы қазан айының 20-25 аралығы

2. Қазақстан жазушыларының тұңғыш құрылтайында М.Әуезов өз баяндамасында «Драмалық ірі серпіннің басы» деп қай пьесаны бағалады?

  1. Ж.Шанин «Үш бажа»
  2. Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты»
  3. Б.Майлин «Майдан»
  4. С.Сейфуллин «Бақыт жолында»
  5. К.Тоғысов «Надандық құрбаны»

3. Кеңес жазушыларының Бірінші құрылтайы қашан өтті?

  1. 1934 жылы маусым айы
  2. 1934 жылы тамыз айы
  3. 1935 жылы мамыр айы
  4. 1930 жылы қыркүйек айы
  5. 1960 жылы қазан айы

4. Жиырмасыншы жылдар әдебиетінде бедерлі із қалдырған (1902-1926 жылдары өмір сүрген) ақын қызды көрсет.

  1. Күләш Ахметова
  2. Фариза Оңғарсынова
  3. Алмажан Азаматқызы
  4. Шолпан Иманбаева
  5. Сара Тастанбекқызы

5.Сюжетін тарихи аңыздардан алып, зарлы заманның уақыт мезгілінен ой жібере суреттеген Ж.Саинның поэмасын көрсет.

  1. «Құлагер»
  2. «Күләнда»
  3. «Ақбөпе»
  4. «Күйші»
  5. «Тасқын»

6.1915 жылы Уфа қаласында басылып шыққан қай автордың пьесасы қазақтың тұңғыш  пьесасы болып табылады?

  1. М.Әуезов «Еңлік – Кебек»
  2. Ж.Шанин «Торсықбай»
  3. Қ.Кемеңгеров «Алтын сақина»
  4. К.Тоғысов «Надандық құрбаны»
  5. Б.Майлин «Шаншар мола»

7. Бойларында рухани жаңғыру, моральдық тазалық пен идеялық принцип, интеллектуалдық өре мен патриоттық сезім ұштасқан жастар өмірі қай шығарманың негізгі өзегі, алтын арқауы болды?

  1. Б.Майлин «Азамат-Азаматович» романы
  2. С.Мұқанов «Теміртас» романы
  3. С.Ерубаев «Менің құрдастарым» романы
  4. С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» романы
  5. І.Жансүгіров «Жолдастар» романы

8. Ауыл өмірін суреттейтін шығармалар қатарын көрсет.

  1. А.Тоқмағамбетов «Күзетте», Ғ.Орманов «Шәуілдір» поэмалары
  2. І.Жансүгіров «Күй», «Мақпал» поэмалары
  3. Б.Майлин «Кемпірдің ертегісі», «Разия» поэмалары
  4. С.Сейфуллин «Советстан», «Көкшетау» поэмалары
  5. С.Мұқанов «Сұлушаш», И.Байзақов «Құралай сұлу» поэмалары

9. 1932 жылы жеке кітап болып басылып шыққан Ж.Шаниннің сатиралық драмасын тап.

  1. «Тас түлек»
  2. «Майдан»
  3. «Исатай-Махабет»
  4. «Абай»
  5. «Үш бажа»

10. Қай драмалық шығарма Халық-ағарту комиссариатының 1926 жылғы конкурсында ІІІ орын алды?

  1.  Ж.Шанин «Шахта»
  2. М.Әуезов «Еңлік-Кебек»
  3. Ө.Оспанов, Е.Өтеулин «Зарлық»
  4. Б.Майлин «Неке қияр»
  5. І.Жансүгіров «Кек»

11.  Қазақ  ұлттық  театры  қашан  ашылды?

  1. 1945  жылы
  2. 1890  жылы
  3. 1926  жылы
  4. 1920  жылы
  5. 1960  жылы

12. Қай поэмада халық батырларының патша үкіметінің билігіне қарсы күресі суреттеледі?

  1. Ы.Шөреков «Исатай-Махамбет».
  2. С.Сейфуллин «Қызыл ат».
  3. М.Сералин «Гүлхашима»
  4. С.Торайғыров «Адасқан өмір»
  5. И.Дәукебаев «Бекболат»

13. М.Сералиннің «Гүлхашима» поэмасында ескі салт бойынша сүйген қызы қалыңмалға сатылып кеткеннен кейін өзін-өзі өлтіргенқай кейіпкер?

  1. Рүстем
  2. Бекболат
  3. Баймағанбет
  4.  Амангелді
  5. Зораб

14.Атақты шығыс ақыны Фирдаусидің «Шаһнамасын» аударған қай ақын және аудармасы қалай аталады?

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Гүлшат-Шеризат» поэмасы
  2. М.Дулатов «Бүркіт кегі» поэмасы
  3. І.Жансүгіров «Мақпал» поэмасы
  4. Ш.Құдайбердіұлы «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы
  5. М.Сералин «Рүстем-Зораб» поэмасы

15.1926 жылы Қазақ театрының тұңғыш шымылдығы қай пьесамен ашылғанын көрсетіңіз.

A) «Айман – Шолпан»

B) «Түнгі сарын»

C) «Еңлік – Кебек»

D) «Қарақыпшақ Қобыланды»

E) «Қарагөз»

16. 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан «Мағжан Жұмабайұлы өлеңдері» атты жинақтың алғы сөзін жазған мемлекет қайраткерін табыңыз.

A) Сұлтанбек Қожанов.

B) Тұрар Рысқұлов.

C) Ахмет Байтұрсынов.

D) Халел Досмұхамедов.

E) Әлихан Бөкейхан.

17. В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопасан, А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларын аударған жазушыны көрсетіңіз.

  1. М.Әуезов
  2. Ж.Аймауытов
  3. Ғ.Мүсірепов
  4. С.Сейфуллин
  5. М.Жұмабаев

18. «Арқада жер жетпейді Бурабайға,

     Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.

     Бұлт қашқан мәңгі мең-зең Көкшетауға

     Бөлек тау: «Ой, бауырым!» - дер анадайда»

     Бұл сөздердің авторы кім және қай шығармадан алынған?

  1. Қ.Аманжолов «Көкшетау»
  2. М.Жұмабаев «Батыр Баян»
  3. І.Жансүгіров «Құлагер»
  4. С.Сейфуллин «Көкшетау»
  5. М.Жұмабаев «Оқжетпестің қиясында»

19. «Сексен көл Көкшетаудың саясында,

       Әрқайсысы алтын кесе аясында»

     Бұл сөздердің авторы кім және қай шығармадан алынған?

  1. Қ.Аманжолов «Көкшетау»
  2. М.Жұмабаев «Батыр Баян»
  3. І.Жансүгіров «Құлагер»
  4. С.Сейфуллин «Көкшетау»
  5. М.Жұмабаев «Оқжетпестің қиясында»

20. Мырқымбай образы қай қаламгердің шығармаларында кездеседі?

  1. І. Жансүгіров
  2. Б. Майлин
  3. С. Мұқанов
  4. Ғ. Мұстафин
  5. С. Сейфуллин

21. «Қирағат», «Есеп құралы» оқулықтарының авторы кім?

  1. А. Байтұрсынов
  2. Ы. Алтынсарин
  3. С. Көбеев
  4. М. Дулатов
  5.  С. Торайғыров

22. . «Азамат, жүнжіме, жүрме бос,

            Қол ұстас, бірігіп тізе қос» - деген жолдар С. Сейфуллиннің қай өлеңінен алынған?

  1. «Өткен күн»
  2. «Сағындым»
  3. «Тұлпарым»
  4.  «Асығып тез аттандық»
  5.  «Жас қазақ марсельезасы»

23. Анненковтың азап вагонындағы қиындықтар С.Сейфуллиннің қай шығармасында сипатталады?

  1.  «Жемістер»
  2. «Көкшетау»
  3. «Бақыт»
  4.  «Тар жол тайғақ кешу»
  5. «Қызыл сұңқарлар»

24. . С.Сейфуллиннің «Жемістер» хикаясының оқиғасы қанша жылды қамтығандығын көрсетіңіз.

A) 20 жыл.

B) 10 жыл.

C) 15 жыл.

D) 5 жыл.

E) 25 жыл.

25. М.Жұмабаевтың бізге мәлім соңғы туындысы қалай аталады?

  1. «Көкшетау»
  2.  «Шолпанның күнәсі»     
  3. «Жазғы дала»
  4. «Қысқы жол»
  5. «Тоқсанның тобы»

 

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

а

с

в

д

в

д

с

а

е

с

с

а

с

е

с

а

в

в

д

в

д

е

д

с

е

 

 

 

Категория: Тест сұрақтар
Просмотров: 10063 | Загрузок: 202 | Рейтинг: 2.7/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]