Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Математика, алгебра тест сұрақтары
[ Скачать с сервера (56.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Тест сұрақтар]
03.11.2015, 13:04

Сұрақтардағы суреттерді кору үшін файлды жуктеу қажет

 

1. Тұнғыш рет алгоритмдер теориясының негіздері қандай ғалымның еңбектерінде жарық көрді:

A) Чарльз Бэббидж.

B) Блез Паскаль.

C) С.А. Лебедев.

D) Алан Тьюринг.

E) Фон Нейман

 

2. Алгоритм келесі қасиетке ие болуы керек:

A) Универсалдылық, нәтижелілік.

B) Түсініктілік, анықтылық, шектілік.

C) Анықтылық, нәтижелілік, жалпылық.

D) Детерминацияланған, нәтижелілік.

E) Шектілік, шектелген.

 

3. А ақиқат және В ақиқат шартында ақиқат тұжырымы қалай аталады:

A) Теріс.

B) Дизъюнкция.

C) Эквиваленттілік.

D) Конъюнкция.

E) Импликация.

 

4. «Немесе» операциясының шешімі «Ақиқат», егер:

A) Кем дегенде біреуі ақиқат болса.

B) Барлық операндтар ақиқат болса.

C) Екі операндта ақиқат болса.

D) Барлық операндтар жалған болса.

E) Жоқ дегенде екеуі де ақиқат болса.

 

5. Әрекеттер жүйелілігін кездесу ретімен орындау арқылы нәтиже алуды қамтамасыз ететін алгоритмнің типін көрсетіңіз:

A) Сызықтық.

B) Рекурсивтік.

C) Құрама.

D) Циклдік.

E) Тармақталған.

 

6. «И» логикалық элементі орындайды:

A) Азайтуды.

B) Салыстыруды.

C) Бөлуді.

D) Логикалық көбейтуді.

E) Қосуды.

 

7. Алгоритмді ұсынудың графикалык формасы - бұл:

A) Алгоритмді сөзбен әрбір қадамның жазбасы түрінде бейнелеу.

B) Алгоритмді операторлардың жүйелілігі түрінде бейнелеу.

C) Апгоритмді график түрінде бейнелеу.

D) Алгоритмді бір ізді қосылған геометриялық фигуралардың түрінде бейнелеу.

E) Алгоритмді кестелер түрінде бейнелеу.

 

8. Алгоритм дегеніміз:

A) Анық ерекшеленген ережелер тізбегі.

B) Ережелер жүйесі.

C) Түпкі берілгендер негізінде ізделінді нәтижеге әкелетін орындаушыға берілетін командалардың нақты тізбегі.

D) Орындаушыға берілетін командалардың анық тізбегі.

E) Дәл, түсінікті анық командалардың тізбектері.

 

9. Суретте бейнеленген блок-схеманың конструкциясы қалай аталады:

 

A) Алгоритмнің басы/аяғы.

B) Алғышарты бар цикл.

C) Қосымша алгоритмді шақыру.

D) Операцияларды орындау.

E) Деректерді енгізу/шығару.

 

10. Суретте бейнеленген блок-схеманың конструкциясы қалай аталады:

 

A) Қосымша алгоритмді шақыру.

B) Деректерді енгізу/шығару.

C) Алгоритмнің басы/аяғы.

D) Операцияларды орындау.

E) Алғышарты бар цикл.

 

11. Суретте бейнеленген блок-схеманың конструкциясы қалай аталады:

A) Деректерді енгізу/шығару.

B) Операцияны орындау.

C) Алгоритмнің басы/аяғы.

D) Алғышарты бар цикл.

E) Процедураны шақыру.

 

12. Суретте көрсетілген геометриялық фигура нені білдіреді:

 

A) Басы – соңы.

B) Енгізу – шығару.

C) Меншіктеу.

D) Шарт.

E) Қосалқы программа.

 

13. Суретте көрсетілген геометриялық фигура нені білдіреді:

 

A) Цикл тақырыбы.

B) Түсініктеме блогы.

C) Меншіктеу блогы.

D) Шарт блогы.

E) Қосалқы программа блогы.

 

14. Программа жасаудың қандай кезеңінде синтаксистік қателер табылады және түзетіледі:

A) Программаны компьютер тіліне аудару (трансляция).

B) Есепті алгоритмдеу.

C) Сүйемелдеу.

D) Есептің қойылымы.

E) Программа жұмысының нәтижелерін талдау.

 

15. Программа деп нені түсінесің:

A) Латын сөзінің аудармасы, проблема дегенді білдіреді.

B) Есепті шешу алгоритмін жүзеге асыратын командалар тізбегі.

C) Есептегі берілген шамаларды оқу.

D) Компьютерде есеп шығару үшін керек тізбектелген командалар тізбегі.

E) Есепті түсінікті шығару үшін керек алгоритм.

 

16. Программа дегеніміз:

A) Сақтау, өңдеу, беру мүмкіндігін қамтамасыз ететір формальді түрде берілген информация.

B) Бірдей типті мәндер жиыны орналасатын жадтың ең кіші облысы.

C) Қойылған есептерді шешу үшін пайдаланатын инструкциялар тізбегі.

D) ЭЕМ үшін қолданылатын амалдар тізбегі, қандай да бір есепті шешудің алгоритмі.

E) ЭЕМ үшін қолданылатын амалдардың реттелген тізбегі, қандай да бір есепті шешудің алгоритмі – машиналық тілде жазылған.

 

17. Программа дегеніміз не:

A) Арифметикалық амал таңбалары.

B) Латын алфавитінің қаріптері.

C) Алгоритмдерді программалау тілінде жазу.

D) Грек алфавитінің қаріптері.

E) Орыс алфавитінің қаріптері.

 

18. Алгоритмдік тілде айнымалы шама атына өрнек мәнінің тіркелуі:

A) Мәннің реттелуі.

B) Мәннің меншіктелуі.

C) Мәннің берілуі.

D) Мәннің қайталануы.

E) Мәннің сақталынуы.

 

19. Алгоритм термині қандай ұлы математиктің атымен аталған:

A) Чарльз Беббидж.

B) Вильгельм Лейбниц.

C) Джон фон Нейман.

D) Ада Лавлейс.

E) Мухаммед әл-Хорезми.

 

20. Іс-әрекеттерді бірінен кейін бірін орындау қандай алгоритм:

A) Сызықты.

B) Тармақталу.

C) Есептік.

D) Қайталану.

E) Көмекші.

 

 

21. Алгоритмнің нәтижелілігі нені білдіретіндігін көрсетіңіз:

A) Алгоритмді нақты программалау тілінде программаларды жазу үшін қолдануға болады.

B) Алгоритмде жасырын қателер болмауы керек.

C) Нәтиже қадамдардың нақты саны үшін алынуы керек немесе шешімнің болмауына нұсқау берілуі керек.

D) Алгоритмнің әрекеттері бір мағынасыз анықталуы мүмкін.

E) Алгоритм әрекеттері бір мағынасыз анықталуы мүмкін.

 

22. Алгоритм тармақталған деп аталады, егер:

A) Кейбір шартқа байланысты кейбір командалар реті қайталанса.

B) Нәтиже кейбір шартқа тәуелді болса.

C) Кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың осы немесе басқа реті бір рет қана орындалса.

D) Алгоритмнің командалар тізбегі реті бойынша бір рет қана орындалса.

E) Кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың реті шексіз көп қайталанса.

 

23. Алгоритм циклдік болып аталады, егер:

A) Кейбір шартқа байланысты кейбір командалар реті қайталанса.

B) Нәтиже кейбір шартқа тәуелді болса.

C) Кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың осы немесе басқа реті бір рет қана орындалса.

D) Алгоритмнің командалар тізбегі реті бойынша бір рет қана орындалса.

E) Кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың реті шексіз көп қайталанса.

 

24. Алгоритмнің қасиеттері. Информацияны өндеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке нұсқаулардан құралған тізбектен тұрү-ол:

A) Алгоритмнің үздіктілігі.

B) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.

C) Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі.

D) Алгоритмнің нәтижелілігі.

E) Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды.

 

25. Алгоритмнің қасиеттері. Алгоритм жалпы түрде қабылданған символдарды, алфавит пайдаланып жазылуы және түрліше түсінілетін нұсқаулар енгізілмеуі:

A) Алгоритмнің үздіктілігі.

B) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.

C) Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі.

D) Алгоритмнің нәтижелілігі.

E) Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды.

 

26. Алгоритмнің қасиеттері. Алгоритмнің қарастырылып отырған информацияның кез келген мәндеріне орындалуы:

A) Алгоритмнің үздіктілігі.

B) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.

C) Алгоритмнің нәтижелілігі.

D) Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды.

E) Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі.

 

27. Алгоритмнің қасиеттері. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болу:

A) Алгоритмнің үздіктілігі.

B) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.

C) Алгоритмнің нәтижелілігі.

D) Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды.

E) Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі.

 

28. Алгоритмнің қасиеттері. Информацияны бөгелмей алу мүмкіншілігі:

A) Алгоритмнің үздіктілігі.

B) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.

C) Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі.

D) Алгоритмнің нәтижелілігі.

E) Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды.

 

 

Категория: Тест сұрақтар
Просмотров: 4391 | Загрузок: 196 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]