Главная » Файлы » Әр түрлі » Ғылыми жұмыс



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 160 бет
[ · Скачать удаленно () ] Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 04.04.2012, 16:31
1-тарау
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1.Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында каржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын каржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.
Сондықтан, қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен не¬сие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері
бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
• реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарынын және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
• акпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
• бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қа-ражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
• коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
• баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін камтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай на-рықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъект ретіндегі үш тобы бар:
• үй шаруашылығы (жеке түлға);
• меншік формасына тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъ¬ектілер;
• мемлекеттік басқару органдары.

Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарды өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал-институттардың мүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.
Нарықтық экономика - өндірісті тиімді ұйымдастыру формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан Республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының әлеуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен, елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа өтуді білдіреді. Бұл мағынада, қаржы нарығы - ғылыми-техникалық прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам жағдайының қажетті деңгейіне қол жеткізу және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың салаларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы - елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар экономиканың әр түрлі субъектілерінің тарапынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - қаржы нарығы емес, ол ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы - бұл ең алдымен экономиканың әр түрлі субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен ақшалай жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
• қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін ба-рынша азайту;
• монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақ-сатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
• бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі орта-лык банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды, яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу;
• бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарының тұрақты өсуі.

1.2. Қаржы нарығының құрылымы.

Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған кейбір түрлері қарастырылып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымы анықталады.
F.C. Сейітқасымовтың жетекшілігімен жазылған оқулықтағы қазақстандық ғалымдар тобының көзқарастары бойынша қаржы нарығының құрылымы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын, дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады.
1. Қолма-қол ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары (вексельдер, чектер және т.б.) функциясын орындайтын нарық. Белгілі болғандай, ақша нарығы инфляцияның ықпалында болады, егер соңғысы белгілі бір шектен аспаса, жағымды рөл атқаруы мүмкін. Мәселен, егер ЖІӨ жыл сайын 5%-ға өсіп, ал айналыстағы ақша 6-7%-ға артатын болса, онда бұл өскен ЖІӨ-нің сатылуын жеңілдетіп, экономикада жағымды процесті тудырады. Егер жыл сайынғы өсімі 5%-ды құрайтын ЖІӨ-де айналыстағы ақшаның саны 10%-ға артса немесе одан да көп болса, онда қалыпты экономикалық процесті бұзатын қарқынды инфляция орын алады.

2. Ссудалык капитал нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банк несиелері. Осы уакытқа дейін Қазақстанда қысқа мерзімді арзан несие болған емес. Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны тек сенімді қамтамасыз ету әрі жоғары пайыздармен ғана береді. Негізгі қорларды құруға және жаңғыртуға қажетті ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі (кезең сайын қарастырылатын) пайыз мөлшерлемесі бойынша алуға болады.
3. Қазақстанда көптеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған жоқ. Және 90-жылдардың бас кезінде басталған онын дамуы белгілі бір уақытты талап етеді, өйткені ол меншік қатынастарын қайта құрумен (ең алдымен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірумен және акционерлеумен) және мемлекеттік қаржы саясатының барлық сипатының өзгеруімен тікелей бай-ланысты. Бүгінгі таңда мемлекет бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін эмиссиялық ақшалай белгілерді емес, мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам жасайды. Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады: әр түрлі көздердегі ақша қаражаттарын тартудың көлемі тұрғысынан және бос ақша қаражаттарын қандай да бір нарыққа жұмсау.
Бос ақша қаражаты көптеген салаларды инвестициялау үшін: өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметте (өнеркәсіп, құрылыс салу, сауда, байланыс), жылжымайтын мүлікте, антиквариатта, бағалы металдарда, егер отандық валюта күнсызданатын болса - валютада, зейнетақы мен сақтандыру қорларында, әр түрлі бағалы қағаздарда, банк депозитіне салынатын ақшада пайдаланылуы мүмкін.
Қаржыға қатысты нарықтардың қызмет етуін талдау оның белгілі бір сегментін, өз ережесі бойынша жеке қызмет етушілерді айыруды, бөлуді шамалайды. 2-суретте С. Ковалевтың түсіндірмесіне орай қаржы нарығының жіктеуі келтірілген, сондай-ақ сызбада келтірілген нарықтарға қысқаша сипаттама берілген.
Осылайша, бағалы қағаздар нарығы - бұл еркін капиталдың көптеген қосымша салаларының бірі, сондыктан да ол осы капиталды өз жағына шығару (тарту) үшін басқа салалармен бәсекелесуіне тура келеді (1-сурет)

2-сурет. С. Ковалев тұжырымдамасы бойынша қаржы нарығының құрылымы
С. Ковалевтың тұжырымдамасына сәйкес валюта нарығы - бұл валюталық құндылығы бар объектілер тауар болып табылатын нарық:
• шетелдік валюта (ақшалай белгілер - банкноттар, қазы-нашылық билеттер, заңды төлем құралдары болып табы-латын немесе алынатын, бірақ айырбасталатын монеталар, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріндегі, халықаралық немесе есептік ақша бірліктері шоттарындағы құрал);
• бағалы қағаздар (чектер, вексельдер, акциялар, облига-циялар) және басқа да қарыздық міндеттемелер;
• бағалы металдар (алтын, күміс, платина, палладий, иридий, родий, рутений, осмий) және табиғи асыл тастар (алмас, жақұт, зүбәржат, сапфир, александрит, меруерт).
Банктер, биржалар, экспорттаушылар мен импорттаушылар, қаржылық және инвестициялық мекемелер, үкіметтік ұйымдар ва¬люта нарығының субъектілері ретінде жүреді.
Алтын нарығы - бұл елдің алтын қорын толтыру және жинау мақсаттарында, сондай-ақ бизнесті ұйымдастыру және өнеркәсіп өндірісінің тұтынуы үшін алтынды сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар саласы.
Капитал нарығы өз кезегінде ссудалық капитал нарығы және үлестік бағалы қағаздар нарығы деп бөлінеді. Былай бөліну осы нарықта сатылатын тауарларды (қаржы құралдарын) сатып алушылар мен қаржы құралдарының эмитенттері арасындағы қа-тынастардың сипатын білдіреді. Егер қаржы құралы ретінде үлестік бағалы қағаздар алға шығатын болса, онда бұл қатынас меншік қатынастарының сипатында болады, ал қалған жағдайларда бұл несиелік қатынас күйінде қалады.
Ссудалық капитал нарығында мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы шарттармен ұсынылатын ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналыста болады. Ол ұзақ мерзімді банк ссудасының нарығын және борыштық бағалы қағаздар нарығын (ол да ұзақ мерзімді) қамтиды.
Бағалы қағаздар нарығында жеке бағалы қағаздармен бір-ге оларды алмастырушылар (сертификаттар, купондар және т.б.) шығарылып айналыста болады және өтелінеді.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары эмитенттер - қажетті ақша қаражаттарын тарту мақсатында бағалы қағаздарды шығаратын тұлғалар; инвесторлар - табысты алу, мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болу үшін бағалы қағаздарды сатып алушы тұлғалар; делдалдар - эмитенттер мен инвесторлардың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін қызмет көрсетуші тұлғалар.
Әлемдегі экономистердің көпшілігі қаржы нарығының құрылымына сақтандыру нарығын, зейнетақы және ипотека нарықтарын кіргізеді.
Сақтандыру полистері мен зейнетақы шоттарының нарықтары, ипотека нарықтары - бұлар қаржы құралдары мен институт-тарының келісімшарты негізінде әрекет ететін жинақ мекемелері бар ерекше нарықтар. Олардың маңызы міндетті түрде артады; АҚШ-та қаржы активтерінің жиынтық көлемі коммерциялық банктерді, жинақ институттарын, несие одақтарын бәрін қосқан кездегі олардың активтер жиынтығынан бір жарым есе көп.
Капитал нарығының құрамыннан ипотекалық нарықтарды бөліп қарастырудың қажеттілігі дамыған елдерге тән және бірқатар жағдайларға байланысты туындап отыр. Біріншіден, ипотека несиесі әрдайым жер телімдері немесе ғимараттар (пәтер, жеке салынған үй және т.б.) түрінде нақты кепілдікпен қамтамасыз етіледі. Егер қарыз алушы өзінің борыштық міндеттемесін орын-дамайтын болса, онда мүліктік құқық (мүлікке ие болу құқығы) қарыз берушіге өтеді. Екіншіден, ипотекалық несиелердің стан¬дартты параметрлері жоқ (әр түрлі номиналдар, өтеу мерзімдері және т.б.), сол себепті де қайталамалы нарықта оның өтуі (сатылуы) қиынға соғады. Бұл сөзімізді мынадай нақты жағдай растайды: ипотекалық кайталамалы нарықтың көлемі ұзақ мерзімді капи¬тал нарығына орналастырылған бағалы қағаздардың қайталамалы нарығының көлемінен кем болады. Үшіншіден, дамыған елдердегі басқа ұзақ мерзімді капитал нарықтарынан ипотекалық нарықтың айырмашылығы - арнайы мемлекеттік органдар оны қатаң реттеп отырады.
Дамыған елдердің тәжірибесінде қаржы құралдарының айналыс мерзімі бір жылға толмайтын болса, онда бұл ақша нарығының құралы деп саналады. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді құралдар капитал нарығына жатады. Әр түрлі елдерде қаржы құралдарын қысқа, орта және ұзақ мерзімдерге бөлу әр түрлі болады. Қазақстанда негізінен қысқа мерзімді қаржы құралдары ақша нарығының құралдарына қатысты, ал орта және ұзақ мерзімділері - капитал нарығына қатысты. Осылайша, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдарының арасына ақша нарығы мен капитал нарығының арасындағы сияқты нақты шегара жүргізуге болмайды. Со¬нымен бірге бұлайша бөлудің үлкен экономикалық маңызы бар.

Ақша нарығының құралдары ең алдымен бизнес салалары мен мемлекеттік ұйымдардың өтімді қаражаттарын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді, өйткені капитал нарығының құралдары жинақтау және инвестициялау процестерімен байланысты. Ақша нарығы құралдарының үлгілеріне вексельдерді, банк акцепттерін, чектерді, банкноттарды, төлем карточкаларын және т.б. жатқызуға бо¬лады. Капитал нарығының құралдарына, мысалы, облигациялар, акциялар, орта және ұзақ мерзімді несиелер жатады.

1.3.Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп беру тәртібіне сәйкес қаржы нарығының құрылымын келесі үлгіде көрсетуге болады (3-сурет).

Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз/скачайте
Категория: Ғылыми жұмыс | Добавил: Admin | Теги: оның, бет, ҚАРЖЫ, 160, негіздері, ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР, құрылымы, және, ТЕОРИЯЛЫҚ, НАРЫҒЫНЫҢ
Просмотров: 10314 | Загрузок: 635 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 3.8/10
загрузка...
Всего комментариев: 5
5  
как скачать этот файл?

4  
кайта калпына келтіріп саламыз!

3  
Сілтеме ұрылған)) Файл гетзиллада жоқ.

2  
Можно канешно скачивай

1  
УДАЧИ!!!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]