Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Аутист балаларды оқу – тәрбие жұмыстары арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу».
[ Скачать с сервера (3.68 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ғылыми жұмыс]
29.10.2013, 19:22
«Аутист балаларды оқу – тәрбие жұмыстары арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу». 

Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесінің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған. Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек. Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап.
Біздің № 19 арнаулы түзеу мектебінде аутизм синдромы бар 15 жастағы қыз бала бірінші сыныптан бастап оқиды. Америка психиатры Лео Каннер аутизммен ауыратын балаларды төрт топқа бөледі. Бірінші және екінші топтағы сипаттар осы қыз баланың бойында кездеседі, атап айтсақ ешнәрсеге көңіл аудармау, бұйығылық, адамдардан қорқып оқшаулану, жылау, шыңғыру, өз-өзімен отыру сипаттары, адамның көзіне тіке қарамайды, атын атап шақырғанда үндемей дыбыс шығармай отыра береді, кейде агресивті мінез көрсетеді, сағаттар бойы бір бағытқа қарап отырады. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде зейіні шашыраңқы, ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеті төмен болды. 9 жылғы психологтар мен дефектологтардың мектеп мұғалімдерінің жұмыс нәтижесінде оқушы оқиды, жазады. Сахнаға шығып би билеуге, тақпақ айтуға дағдыланды. Кесте тіккенді жақсы көреді, кесте тіккен кезде жүйке жүйесі тынышталады. Ол алжапқыштар, халат, ұйықтағанда киетін жұқа көйлектерді мұғаліммнің көмегімен тігеді. Іс машина технологиясын игерді. Бірнеше жыл қатарынан «Ақ көгершін» фестивальіне қатысты. Ол таза, ұқыпты өз-өзіне қызмет ете алады, қарым-қатынаста адам таңдайды, сабақ айтқанда кісінің көзіне тура қарамайды. Әліде оңаша отырғанды ұнатады. Еңбек дағдысы қалыптасқан, мұғалімнің жетекшілігін қажет етеді. Сонымен бірге ата-ананың да бала тәрбиесіндегі ролін атай кетуге болады. Ол кісілер мойымай, сабырлықпен мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен тығыз байланыста болып қыздың дамуына өз үлестерін қосты. Арнаулы мектептің негізгі мақсаты оқушыны оқыту барысында еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастырып, еңбекқорлыққа баулу. Бұл оқушыны тек еңбек құралдарын дұрыс пайдалануға емес, ұжымда дұрыс еңбек ете білуге, жұмыс үстінде тәртіп сақтауға, еңбек құралдарын күтіп ұстауға тәрбиелеу болса, осы қыз баланы оқыту тәрбиелеу барысында мектеп ұжымы осы мақсатқа жетіп отыр. Мысалы осы баланың еңбек сабағындағы жұмыстарына тоқталсақ қыз бала жіпті сабақтап, суретке қарап түрлі –түсті жіптерді таңдап тақырыпқа сай кесте тігеді. Арнаулы түзеу мектептерінде осындай балаларды оқытып белгілі бір дәрежеге жеткізуге болады.
Аутизммен ауыратын балалардың тәрбиесі күрделі, әрі арнайы дайындықты керек ететін мәселе. Аутизмен ауыратын балалардың ең ауыр дефектісі танымдылық қабілеттерінің дамымағандықтарында. Ми ауруына байланысты қабылдау процесінде , есте сақтау, сөйлеу, жауап беруінде , зейінде ауытқу болады. Арнаулы түзеу мектебінің 2 сынып оқушысы, 8 жаста, ол көпбалалы, толық жанұядан, тұрмыстары орташа , төрт баланың екіншісі, баланың өсіп-дамуына жағдай жасалған. Анасы невропотологтардан кеңес алып, дәрі-дәрмектерді уақытында алып балаға ішкізіп отырады. Қойылған диагнозы балалық ерте аутизм (РДА)
Эмоциясы жиі бұзылады, жылайды, секіреді, қолдары дірілдеп, бір қимылды қайталай береді . Мұғалімнің ескертуіне көңіл аудармай жиі өз - өзіне кетіп, ұзақ отырады, ұжымнан оқшауланып отырғанды ұнатады. Жеке жұмысты жақсы көреді: кітаптарды қарайды, суреттерді бояйды, штрихтайды. Жабайы аңдарды, үй жануарларын атайды, көрсетеді, айырады. Жыл мезгілдерін, ай аттарын айыра алмайды, табиғат құбылыстарын жыл мезгілдерімен сәйкестендіре алмайды, өтілген әріптерді еске сақтады, буындап оқи алмайды, ол тек өзінің мұғалімін ғана қабылдайды. Ауырып қалып 3-4 күн үйде отырып қалса, мектепке келгісі келмей, сыныпта отырып жанұя мүшелерінің атын атап жылап шақырады. Қайтадан үйренгенше біраз уақыт өтеді. Кейде мұғалімнен жұбаныш іздеп тізесіне отырады, құшақтап еркелеткенді ұнатады, сыныптастарының айқай-шуын көтере алмайды, күлмейді, атын атап шақырғанда үндемейді, сөздері түсініксіз ,бір сөзді қайталай береді, күрмеліп сөйлейді қимылдары импульсивті жүзінде қорқыныш басым болғанымен, аяқ астынан жүгіріп кетеді, мұғалімнің сөзін саналы түрде түсінбей қайталай береді , бәрін керісінше жасайды, тез-тез сөйлеп, ешкімді тыңдамайды, кейде ересек адам сияқты күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ, мағынасын түсінбейді. Педагог-дефектологтардың мақсаты осындай балаларды қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыру.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалу, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады-( « 2030 стратегиясын жүзеге асыру – жастардың міндеті» атты жолдауынды) делінген болатын.
Осы мақсатта біздің мектепте мүмкіндігі шектеулі балалардың дамып жетілуіне ,оның ішінде аутист балаларды оқу-тәрбие арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу жұмыстары ұйымдастырылып отыр.
Екібастұз қаласындағы №19 арнаулы түзеу мектебінің
мұғалімдері Б.С.Жиенбекова, Н.К.Тулегенова
Категория: Ғылыми жұмыс | Добавил: BZHIENBEKOVA
Просмотров: 6923 | Загрузок: 338 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]