Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақстан - 2050 стратегиясы
[ Скачать с сервера (32.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ғылыми жұмыс]
27.03.2013, 16:55
Қазақстан – 2050 стратегиясы: ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін 
«Ислам – дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз». 
Н.Ә.Назарбаев
 
Дін дегеніміз – адамзат пайда болғалы бар және қазір де өміршеңдігін тоқтапаған, тіпті адамдармен бірге өмір сүре беретін тәңірлік жүйе. Адамзат тарихында, мейлі қай кезеңде болмасын, наным-сенімнен жұрдай бірде-бір қоғамды кездестіре алмайсыз. Тарихи кезеңдердің барлығында да адам баласының әйтеуір бір сеніммен өмір сүргенін жүргізілген зерттеулер көрсетіп берді. Демек, бұлардың барлығы қоғамды құратын негізгі принциптердің басында дін тұрғанын дәлелдейді. Сонымен қатар, философия, құқық және этика секілді кейбір ғылымдардың қайнаркөзі – дін екендігі айқындала бастады. Виктор Кузин: «Әрбір нәрсе діннің төңірегінде, дін үшін және дінмен қалыптасты», – дей отырып, дін тақырыбы мен саласын одан әрі кеңейте түсті. Адамзат тарихындағы өте маңызды орынға ие «діннің» сөздік және терминдік мағыналарының осы орайда берілуі бұл ұғымның кеңінен түсіндірілуіне елеулі септігін тигізеді. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.[1]
Осы әлемдегі діндердің ішінде Ислам дінінің орны ерекше. Ислам діні бүгінгі таңда жер шары тұрғындарының шамамен төрттен бірі ұстанып, биік бағалап, аялап, қастерлеп отырған соңғы иләһи дін. Оның адам баласын үнемі тазалыққа, адалдыққа шақыратыны, Алла тағала мен Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) және дүниедегі бүкіл жаратылыстарға опалы болуға үндейтіні анық.
«Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші».[6]
Сан ғасырдан бері тып-тыныш, бейбіт өмірді насихаттап келген асыл дінімізді соңғы жылдарда лаңкестік, экстремистік секілді небір жағымсыз ұғымдармен байланыстыратын пікірлер пайда болуы жүрегімізге ауыр тиетіні рас. Негізінде, Ислам еш уақытта адамдарды бүлікке, бұзақылыққа, тәртіпсіздікке немесе біреудің жазықсыз қанын төгуге шақырған емес. Керісінше, ол өзгенің ақысына қылдай қиянат жасамауға үйрететін үлкен тәрбие қайнары.
Қасиетті Құран Кәрімдегі: «Түп-түгел Алланың арқанынан (діннен) жабыса ұстаңдар, ажырамаңдар (бөлінбеңдер). Әрі өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір-біріңе дұшпан едіңдер, Алла жүректеріңнің арасын жарастырды. Оның нығметімен туысқа айналдыңдар» («Әли Имран» сүресі, 103-аят) деген аят өмірден көрініс тапты.[4]
Осы Ислам діні туралы айта келе, Елбасының биылғы жолдауы бұрынғыларға қарағанда өзгеше болғаны анық. Өйткені биылғы жолдауда еліміздің 2050 жылға дейінгі жоспары мен жүретін жолы айқындалды. Стратегия деген атты иемденуі де сондықтан. Ендігі кезекте, бүкіл халық болып сол игі бастамаларды бірігіп жүзеге асыруымыз керек.
Аталған стратегияның басты ерекшелігі – ұлттық және рухани құндылықтардың кеңінен қамтылуы. Елбасы дін мәселесіне ерекше мән беріп, бұл салаға жауапты адамдарға тапсырмалар мен жауапкершіліктер жүктеді. Оның себебі де түсінікті. Өйткені соңғы кездері діни мәселелердің ушығып, жат ағымдардың іс-әрекеті ашық көріне бастаған болатын. Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа Жолдауы еліміздегі діни конфессия өкілдеріне де үлкен ой салары хақ. Елбасы халыққа арнаған Жолдауларында мәдениет пен руханият салаларына да ерекше көңіл бөлетіні белгілі. Ал осынау тарихи өтпелі кезеңнің үш буынына арнаған сөзінде Мемлекет басшысы халқымыз ұстанатын дәстүрлі дініміз туралы да сөз қозғап өтті. Бұл орайда Елбасы: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек», – деп салиқалы пікір білдірді. Бұл салмақты ойлар дәстүрлі дініміз бен ұлтымыздың баға жетпес құндылықтары ретінде қадірлеу керектігін де еске салады. Жолдаудың жаңа сипаттарының бірі ретінде Президентіміз ендігі күндердің еншісіндегі еңсерілуі тиіс жаңа міндеттемелерді де баса атап көрсетті: «Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек. Ол біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мәзһабына қарама-қайшы. Біз әлеуметтік, этностық және діни шиеленістер мен қақтығыстарды еңсерудің жаңа сенімді механизмдерін жасауымыз керек. Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс-әрекетін қатаң түрде тыйып отыру қажет. Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек. Мұны Қазақстанның қазіргі және болашақ саясаткерлері, барлық қазақстандықтар айқын түсінуге тиіс», – деп Үкіметке осы шараларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бағдарламалар әзірлеуді тапсырды. Ал бұл шаралар еліміздің ішкі тұрақтылығын, дінаралық түсіністік пен келісімді сақтау жолында еңбек сіңіріп келе жатқан дін қызметкерлеріне де сүбелі міндет жүктейтіні анық. [3]
Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр.
Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз.
Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс.
Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты.
Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда.
Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек.
Бұрынғы дін туралы заңның осалдығына байланысты елімізге көптеген жат пиғылды ағымдардың еніп кеткені белгілі. Дінаралық келісімге сызат түсіріп, дінді бұрмалаушылардың барлығына біз тойтарыс беруіміз керек. Өйткені біздің негізгі дініміз дәстүрлі таза Ислам. Осы діннің елімізде өркендеуіне, дамуына жағдай жасауымыз тиіс. Ал орта жолдан қосылған сан түрлі ағымдарға үгіттейтін дінсымақтарды ауыздықтап, олардың өкілдерін діни ортадан аулақ ұстауымыз керек.
Бұдан бөлек Жолдауда латын әліпбиіне көшу, тіл мәселесі сынды ұлттық идеологияға қатысты тақырыптар айтылды.
Жалпы біздің бүгінгі мақсатымыз бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылып қана қоймай, сол саптың алдыңғы шебінен орын алу. «Қазақстан-2050» стратегиясы сол межені бағындыруға бастайтын нұсқаушы болмақ.
Елбасы бұл Жолдауда экономика, саясатпен қатар рухани құндылықтарға, соның ішінде дін саласына ерекше тоқталып өтті, дедік. Әсіресе, былтыр қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңда көрсетілгендей Ислам дінінің Ханафи мәзһабына ерекше мән берілгені. Менің ойымша, бұдан былай еліміздегі Ислам дінінің аясы осы бағытта дамып, өркендейді. Сондай-ақ, салт-дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен дәл осы мәзһаб қанатын кеңге жаяды деген ойдамын. Сондықтан, бізге әуелі Елбасы атап көрсеткен Ислам дінінің Ханафи мәзһабын кеңінен насихаттауымыз керек. Әрине өзге жат ағымдарды ауыздықтау жұмыстарын да тоқтатпауымыз тиіс. Егер қолға алынған жұмыстар өз уақытында жүзеге асатын болса, ХХІ ғасырдағы еліміздегі мұсылмандар Елбасы айтқан Ханафи мәзһабына, ұлттық салт-дәстүрге берік жамағатқа айналады деп сенемін. Сол кезде біздің бірлігіміз бен ынтымағымыздың іргесі одан әрі беки түсері анық. Алла соған жеткізсін.
Негізі дін өте нәзік мәселе екені белгілі. Сол себепті де дінді ешқашан қоғамнан бөлектеуге болмайды. Тіпті спортта да оның алатын орны өте жоғары. Әсіресе, асыл дініміздегі аят-хадистермен спортшылардың отаншылдық сезімін күшейтіп, рухын нығайтуға болады. Өйткені бүгінде көптеген спортшыларымыз намазға келіп, жалғыз Алладан медет тілеп жүргені көпке аян.
Басты имамдар басқа имамдарға әр-түрлі әлеуметтік тапсырыстар беріп отырғанын естимыз, осы жастардың неге дінге құштарлығын анықтау үшін.., әр-түрлі бағалар бар. Жалпы, дін, мынау тәуелсіз алғаннан бері, біз атеистік қоғамнан зайырлы қоғамға өттік. Зайырлы қоғамды атеистік қоғаммен шатастыруға болмайды. Сондықтан, жастардың дінді іздеуі, интернет арқылы іздегенде – теріс бағытқа түсуі байқалады. Өйткені, интернеттің көбісі жаңағы әр-түрлі экстремистік шетелдік жүйелерді істеуде. Қазіргі жастардың мынау әр-түрлі телефондық құралдар арқылы, интернет жүйесі арқылы өзін-өзі тәрбиелеуі ислам саласында көп кемшілік әкелді. Бұл салада біз дін пәнін мектептерде енгіздік. Сол пәндерді күшейту арқылы зайырлы діндерді оқыта білетін, мән-мазмұнын түсіндіретін пәндерді енгізуді қолға алынып жатыр.
Қазақстан Республикасының өзінің халыққа жолдауында былай деген: Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды.
Енді Елбасымыздың халыққа жолдауында басты шешімдерді үлкен 7 тарауға бөлген. Сол бөлімдердің 7 тараудың, алтыншы бөлімінде ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін туралы нақта-нақты айтып кеткен:
Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек.
Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз өзін өзі ұстаудың ерекше үлгілерін алуға тиіспіз. Мен жария етіп отырған стратегия біздің халқымызды орта ғасырларда емес, ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындайды.
Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсыбіртұтас шеп құруға тиіс.
Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Дінбасылар да ортақ алаңдаушылық білдіруде.
Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек.
Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-қайшы.
Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін күл-талқан еткісі келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатыр.
Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл – біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі.
Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп, Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тапсырамын.
Сөйте тұрып, мен ұлтты да сақтандырғым келеді. Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс.
Дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз керек.[5]
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында – «Қазақстан-2050» стратегиясында жастарға көп көңіл бөлгенін көреміз. Менің ойымша, Елбасымыз жастар маселесін тәуелсіздік алғаннан бері көтеріп келе жатыр. Мәселен, «Қазақстанның жолы» атты кітабы жастарға арналған. Онда – Қазақстанның өткені мен бүгіні және болашағы. Елбасы өз ойларын ашық айтқан. Енді желтоқсандағы Жолдауының алдында Елбасы «Жас Отан» форумына қатысып, көп мәселелерді қозғады. Жолдауда жастар мәселесі ерекше аталып өтті. Жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Осы саланың ішінде, әрине, Елбасы дін мәселесін де қозғады. Сондықтан, Елбасымыздың Жолдауы жалпы бәрімізге арналған заң болып табылады, ондағы сөздердің барлығын басшылыққа алып, күнделікті тіршілікте қолдануымыз керек, деп ойлаймын.
Бұдан басқа, «Қазіргі діни-ахуал: мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыптарына көптеген конференция, жиналыстар болып жатыр. Көптеген ғалымдарымыз осы тақрыпөа өз ойларын айтып жатыр. Атап өткенде, Мұхитдин Исаұлы, Қайрат Лама Шариф, Қайрат Қайырбекұлы,Ержан қажы Маямеров жәнеде басқаларды атап өтуге болады.
Қазіргі кезде жастарымыз дінге жиірек бет бұрып бара жатқан сияқты. Оның себебі неде? Олардың жаңағы дінге деген сүйіспеншілігі шынайы ма? Енді осы сұраққа жауап берсек, әр адамның дінді қабылдауы қандай деңгейде... Жалпы, біз, Қазақстан мұсылмандары, он екі ғасырдан бері осы ислам дінін қабылдаған халық болып саналамыз. Сондықтан он екі ғасырдағы қалыптасқан әдет-ғұрыптарымыз бар. Оларды бүгінгі күнде жастарға түсіндіре отырып, жаңа буында ислам дінін қалай қабылдау керек екендігі туралы бағдарлама бергіміз келеді. Көбіне, біздің ата-бабаларымыз ислам дінін байсалды түрде қабылдаған. Екінші, халыққа тән қасиет – ол сөзге тоқтаған халық. Егер де біздің Елбасы Жолдауында хиджаб кию араб елдеріне ғана тән екен десе, сөзге тоқтауымыз керек. Ол шын мәнінде араб киімі, оның мұсылмандық киімінің бізге ешқандай қатысы жоқ, депте айтатындар көп. Қай жақтан қарасақта, барлығымыз мұсылмандар, айырмашылығымыз тек қана ұлтымызда. Енді кейбіреулері тәкаппарланып, ол араб мен басқа ұлтпын. Оның киімін кимеймін жәнеде басқада әнгімелер айтады. Олай болса неге өзінің өніміңді немесе ұлттық киімдеріңді сол араб еліне, немесе басқа мемлекетке шығармаймыз? Өзіміздің жеке және ұлттық заттарымызды шығарып, сол кезде халық пайдаланбаса, көп нәрсе айтуға болады. Менің ойымша, жоқ нәрсеге бостан сөйлегеніміз дұрыс емес деп ойлаймын. Ол жайға еліміздің қыздарын хиджаб кимей жүрсын дегені ма? Алла тағаланың өзі пайғамбарымызға айтқан: Ей, Мухаммад әйелдеріңе бұйыр
Құранда Алла Тағала: «Естерің ауып қайда кетіп бара жатырсыңдар?» дейді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, күн ертең бұл өмірден өткенде жатқан жеріңіз сыз болып, артта қалған ұрпағыңыздың бірі сүйегіңізді өртеп, енді бірі молаңыздың басында шарап ішіп еске алып, қасиетті ата-баба аруағының қарғысы алмайын демесек, қоғамға көңіл бөлуіміз керек деп ойлаймын.
Жалпы қорыта келгенде, осы көптеген жетістіктерге елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауларының және оның елді дұрыс басқара білетіндігінің арқасында. Кеше ғана «Қазақстан-2030» стратегиясы туралы айтып жүрген едік. Енді міне жаңа стратегия «Қазақстан-2050» стратегиясын табысты іске асыру үшін қолымыздан барын атсалысайық. Ал енді, «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» тақырыбына қорыта келгенде, Ислам діні - адамзат ойлап тапқан ешбір жүйемен салыстыруға келмейтін жан-жақты толысқан иләһи жүйе!
Ислам діні - әлемдік өркениеттердің ең озығы!
Мәдениеттердің ең кемелі!
Гуманизм мен бейбітшілікті жақтайтын татулық діні!
Өнерді қолдаған, ақыл-ойды кемеліне келтірген, ғылымды дамытқан ұлы дін!
Ислам діні - әрісі Пайғамбарымыздың, берісі Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани, Сұлтан аз-Захир Бейбарыс, Хафиз ад-Дин Кердери, М.Х. Дулати, Хасан Әли Жалайыри секілді ата-бабаларымыздың, бәрінен бұрын ұлы Алла тағаланың асыл аманаты, ертеңгі нұрлы болашағымыздың үміті, баянды бақытымыздың кепілі.
Бүгінгі ұрпаққа дейін келіп жеткен осы қасиетті аманатты көздің қарашығындай қорғау, рухани құндылықтарымызды дәріптеу - қазіргі әрбір исі мұсылман баласының қасиетті борышы. Бұл борыш біздің қоғамда жүрегі Алла деп соққан, «мұсылман үмбеті» деген атқа лайық азаматтар қатары көбейген сайын өз деңгейінде атқарыла берері сөзсіз.
Ислам Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлар бойы жүрер жолы, таянышы, сүйеніші, қорғаны, берік иманы болды. Қазір де солай, болашақта да солай болады деп сенемін.
Осындай жастарға деген сенімді Елбасымыз бізге артқанда, біздің босқа уақыт өткізіп, құр босқа жүруге ешқандай қақымыз жоқ. Біздің мемлекетіміз демократиялық мемлекет. Елбасымыз бізге көптеген мүмкіншіліктерді беріп отыр. Халық үшін көптеген жағдайлар жасап отыр. Елбасымыздың соңғы жолдауындағы дін туралы айтқандай, «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз». Осы сөздерден кейін, Елбасымыз өзі айтса, неге дінімізді дұрыс ұстанбасқа? Біз жастар мемелекетіміз даму үшін қолымыздан келгенше көптеген нәрселер істеуіміз керек. Ислам дінін жаман жағынан көрсетпей, пайғамбарымыз айтқандай, «Ислам діні ең қарапайым, зорлық-зомбылық жоқ», басқа діндерге ислам дінімен басқаларға жақсы жағымыздан өзімізді көрсетейік.Себебі Алла тағала Қуръани Кәрімнің Бақара сүресінің 256 аятында «Дінде зорлық жоқ», - деген. Алла тағаланың сүйікті құлы, пайғамбарымыздың шынайы үмбеті болуға нәсіп етсін. Ислам діні жасай берсін, өсе берсін... Өз басым осы ХХІ ғасыр Елбасы айтқандай, Қазақ елінің алтын ғасыры боларына сенемін. Алла соны нәсіп етсін!
Категория: Ғылыми жұмыс | Теги: Казахстан стратегия 2050, Қазақстан - 2050 стратегиясы
Просмотров: 11083 | Загрузок: 390 | Рейтинг: 4.2/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]