Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақстан мен Ұлыбританияның білім беру жүйесін салыстырмалы талдау (Зерттеу жұмысы)
[ Скачать с сервера (438.2 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ғылыми жұмыс]
10.12.2015, 21:15

Қазақстан мен Ұлыбританияның білім беру жүйесін салыстырмалы талдау (Зерттеу жұмысы)

 

 

Жоспары

 

 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

 

  1. Ұлыбританияның білім беру жүйесі
  2. Қазақстанның білім беру жүйесі

1.2 Екі ел арасындағы салыстырмалы талдау

1.3Ұлыбритания мен Қазақстанның TIMSS, PIRLS, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижесі.

III. Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе бөлім

Зерттеу жұмысының мақсаты. Дамыған алып 7 елдердің бірі, тарихы бай парламентарлы монархия елі Британия корольдігі мен дамыған 30 елдің қатарына кіруді өзіне мақсат еткен Қазақстанның білім беру жүйелерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын белгілей отырып, отандық білім беру реформамыздың бағытын бағалау.

Зерттеу жұмысының міндеті.Ұлыбритания мен Қазақстанның  Халықаралық стандартқа сай білім беру сапасын көрсету. Екі елдің қазіргі таңғы білім беру жүйесі мен тәрбиесін анықтап, әр деңгей бойынша өзіндік талдау жасау.

Зерттеу нысаны.Ұлыбритания мен Қазақстандағы білім беру жүйесі. Зерттеудің мазмұны. Менің алып отырған жұмысымды  тарихы мол алып, әлі де өз статусын жоғалтпаған, Тұманды Альбионда орналасқан кәрі құрлық өкілі Ұлыбритания Біріккен Корольдігі  мен  аз да болса, көптеген жемісті нәтижелерге қол жеткізген дамушы Қазақстанның білім беру деңгейін салыстыруға арнадым. Әрине, егемендігін алғанына енді ғана 24 жыл болған Қазақстанның білім беру жүйесін тәжірибесі мол Ұлыбританияның білім беру жүйесімен салыстыру жас бала мен сақалды атамен салыстырғандай көрінеті белгілі. Дегенменде, менің пікірімше, жас дамушы ел болғандықтан, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін басқа елмен салыстыра отырып,өзіміздің реформамызды жаңартып, жаңғыртқанның еш зияны жоқ. “Үйрен де, жирен” демекші өзімізге, экономикамыз бен әлеуметімізге, қоғамызға сай бірнеше пайдалы жақтарын қарастырсақ артық болмас.

Білім беру деңгейі дегеніміз не? Білім беру деңгейі – экономикалық және ғылыми – техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім беру саласында кенжелеп қалу елдің қабілеттілігіне, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Олай болса, білім мемлекеттің даму жолының көрсеткіші, себебі білім мемлекеттің ұстанған даму жолына не шек қояды, не жаңа бағытын анықтайды.

Сондықтан да, менің алып отқан жұмысым тек білім беру жүйесін ғана зерделеп қана қоймай, 21 ғасыр идеялар мен инновациялық технологиялардың бәсекелестігіне айналған  ғасырда Қазақстан мен Ұлыбританияның алып отырған орнын анықтау.

Әйтсе де екі мемлекеттің білім беру деңгейлерінің ара салмағы жермен көктей.Ұлыбритания ғылым және білім беру саласында әлемнің жетекші елдерінің бірі болып саналады.2013 жылғы Times Higher Education   рейтингі бойынша ең жоғары дәрежелі  100 университеттерінің ішінде Ұлыбританияның тоғыз өкілі кірді,бұл университеттер саны бойынша көрсеткіш Ұлыбританияны АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жеткізді .Міне осындай тәжірбиесі  мол елмен еліміздің білім беру жүйесін салыстыра отырып,еліміздің  Білім беру заңына толықтырулар мен жаңа реформалар енгізу артық етпес.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан   халқына  Жолдауында  XXI  ғасырда  білімін дамыта    алмаған  елдің  тығырыққа  тірелетінін  ескертіп,  еліміздің  білім жүйесін  дамытуға  бағытталған  іс-шараларды  белгіледі.  Еліміздің  білім  жүйесінің   даму  үрдісін  дүние   жүзінің  өркениетті  елдерінің  білім  жүйелерімен салыстыра  қарасақ, оны  Елбасы  жүктеген  міндеттер  биігіне   жеткізу үшін қыруар шаруа атқару керектегі  айқындала  түседі.

        Яғни  Қазақстан мен Ұлыбританияның білім беру жүйесіне  салыстырмалы талдау арқылы  дамыған елдегі білім беру жүйелеріндегі үздік жетістіктерін зерттеп, зерделеумен оңды жақтарын өз қызметімізде пайдалану. Мұндай тәсілді қолдану еліміздегі педагогикалық  жұмысты  жетілдіру  жолдарын  іздестірудің   маңызды және  өнімді  бағыттарының  қызметін   атқарады.

 

Зерттеудің деректері. Салыстырмалы педагогика бойынша маман ғалымдардың еңбектері, мақалалар жинағы.Оқу әдістемелік және бағдарламалық құжаттар.

Категория: Ғылыми жұмыс
Просмотров: 9978 | Загрузок: 416 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.3/16
Всего комментариев: 2
2 ШОЛПАН  
хорошая работа

1 жасулан  
жақсы жазылған

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]