Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Саяси тұрақтылық–қоғам жаңғыруының негізі
[ Скачать с сервера (18.4 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ғылыми жұмыс]
22.04.2015, 17:05

Саяси тұрақтылық–қоғам жаңғыруының негізі

Біздің еліміз тәуелсіздік ал­ған­нан кейін мемлекеттік құрылысты қалыптастыру жолында, егемен­дік­ті бекітуде, саяси тұрақтылықты нығайту барысында күрделі үде­ріс­терден өтті. Өз кезегінде бұл рес­пуб­ликамыздағы саяси жүйені де­мократияландыру үдерісін жал­ғас­тырып, әлеуметтік-экономикалық реформаларға қажетті шарттар жа­сады. Сондықтан қоғамымыздағы бейбіт өмір мен қоғамдық келісім мемлекет басшылығы мен барлық қазақстандықтардың біріккен күш-жігерінің нәтижесі деп толық сеніммен айтуымызға болады.

Саяси тәжірибе көрсеткендей, саяси тұрақтылық мәселесі мем­ле­кеттердің саяси режімі мен әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы дең­гейіне қарамастан кез келген ел үшін өзекті болып саналады. Сон­дықтан Қазақстан Республикасы­ның Президенті Н.Ә.Назарбаев “Жаңа онжылдық – жаңа эконо­микалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақ­стан халқына Жолдауында айт­қан­дай, “Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіп­сіздігін нығайту болып қала береді”.

Бүгінгі күнде Қазақстан төраға ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүмкін­діктерін қақтығыстарды рет­теу жолындағы мәселелер тө­ңірегінде жоғарылатты. Ал ЕҚЫҰ-ның Ас­тана қаласында өтетін Саммитінде аймақтардағы тұрақ­тан­дыру техно­логиялары ізденісі қарастыры­ла­тындығына халқымыз сенімді.

Қазақстан Республикасы тәуелс­іздігінің 19 жылдығы мен ЕҚЫҰ Саммиті алдында еліміздің саяси тұрақтылығын бекітетін не­гізгі факторларға мән берген дұрыс деп санаймыз. Осы саладағы Қа­зақ­стандық тәжірибе кез келген мемлекеттің бейбітшілік пен қо­ғам­дық келісімнің өркениетті жол­дары ізденісінде үлкен мәнге ие. Біріншіден, саяси жүйе сүйенетін, тұрғындар құндылығын жоғарыла­татын қоғамдағы саяси өмірді де­мо­кратияландыру саяси тұрақты­лық­тың негізгі сипаттамалық бел­гі­леріне ие. Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы сая­си құрылыс мәселелеріне қа­тысты консенсус қазақстандық қо­ғамға тән құбылыс. Бұл демокра­тиялық қоғамдық басқарудың қажеттіліктерін таныта түседі.

Екіншіден, саяси тұрақтылық ре­формалардың тереңдігімен, елі­міздің әлеуметтік-экономикалық өмірінің жоғарғы деңгейін қалып­тастырумен сипатталып, өткізіліп отырған реформаларды халықтың қолдауы көрсеткішін айқындайды. “Посткризистік әлем” институты­ның 2009 жылдың ақпанында өткізген “PostКСРО: үкіметтердің дағдарысқа қарсы қимылдарын ба­ға­лау” атты зерттеулерінің нәти­же­сі бойынша бұрынғы КСРО мем­лекеттері арасындағы Қазақстан Республикасының тұрғындары бо­ла­шақтан бақуатты өмірді күтеді. Бүгінгі кезеңде еліміз азамат­тар­дың осы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстар атқаруда. Елбасы Н.Ә.На­зарбаев Қазақстан халқына жол­дауларында азаматтардың ма­териалдық жағдайы, білім беру жүйесі мен тұрғын үй мәселелеріне баса назар аудартқаны мәлім.

Үшіншіден, саяси тұрақты­лық­т­ың маңызды құрамдас бөлігі аза­мат­тық қоғамның жоғарылығын, саяси партиялар мен қоғамдық ұй­ымдардың өзара байланыс сапасы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру талап­тарының деңгейін танытады. Аталған көрсеткіштердің төменгі деңгейі қоғамдағы шиеленісті туғызып, саяси тұрақсыздыққа әкеледі. Жалпы ішкі қақтығыстар кез келген мемлекеттер үшін аса қауіпті құбылыс. Бұл іс басындағы билікті ығыстыру мақсатындағы бей­конституциялық процестерге итермелейтіндігі белгілі. Сонымен қатар, ішкі қақтығыстар әлеу­мет­тік-экономикалық және пси­хо­логиялық нәубет. Өйткені азамат­тар өз күш-жігерін прогресс жо­лы­на емес, өздерінің иррационалды мінез-құлқын дамытып, қоғамдық дамуға кері ықпал етеді.

Төртіншіден, саяси тұрақты­лыққа жету құқықтық және мо­раль­дық нормаларды, ұлттық дәс­түрді танытатын саяси мәдениет деңгейіне байланысты. Модер­ни­за­ция келіссөздер жүргізудің мә­дениетін қалыптастыру мен то­ле­рантты сананы тәрбиелеудегі жаңа дағдыларды дайындауды қажет етеді. Сондықтан Қазақстанда өр­ке­ниетті үнқатысу мен пікірта­лас­тарды ұйымдастыруда мүмкін бол­ған әңгімелесу алаңдары ұйымдас­тырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің үйлесімді әдіс­тері мен бейбіт мәдениет идеясы насихатталуда. Қазақстанның қауіп­сіздік жөніндегі аса ықпалды ұйымға Қазақстанның төрағалығы “Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Тө­зімділік” ұранымен өтіп жат­қандығы айқындалу үстінде.

Бесіншіден, қоғам тұрақтылығы мемлекет лидерінің нақтылы тұл­ғалық ерекшеліктеріне байланыс­ты. Тәжірибе көрсеткендей, мем­ле­кет басында тұрған саяси лидер қоғамдағы келісімді қамтамасыз еткенде ғана өз легитимдігін жоға­рылатады. Өйткені, тек қана ол қо­ғамдағы жан-жақты қарама-қайшы ойларды татуластырып, бі­рік­тіре алады. Қоғамды модерни­за­циялау кезеңінде лидерлер тұ­рақтылық факторларын нығайтып, жаңа өзгерістердің бастамашысы болып қала бермек. Осы шарт­тар­ды лидерлер саяси бағытты ай­қын­дап, қоғам дамуының стратегия­сын қалыптастырып, оны орындау құралдарын анықтайды. Елба­сы­мыз­дың осы жолдағы саясаты ла­тент­ті қарама-қайшылықтар про­фи­лактикасына бағытталып, тұрақ­тылықтың қосымша ресурстарын қалыптастыруы айқындалады.

Бүгінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы әлемдік қауым­дас­тық­тың еліміздегі ішкі саяси жағ­дайларына назарын аудартуда. Қоғамдағы тұрақтылықты қамта­ма­сыз етудің қазақстандық тәжі­рибесі ЕҚЫҰ кеңістігінде қол­да­нуға қажетті шарт екендігіне ел тұрғындарының көздері жетті.

Категория: Ғылыми жұмыс
Просмотров: 2298 | Загрузок: 71 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]