Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнерінің теориясы мен әдістемесі (Силлабус)
[ Скачать с сервера (29.8 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ғылыми жұмыс]
19.10.2013, 21:55
Пререквизиттер: мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекетінің әдістемесінен міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды меңгеруі тиіс.
Курстың постреквизиты: Студенттерді мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу іс-әрекетінен техникалық дағдыларымен, дәстүрден тыс түрлерін, білімдерін дамытудың әдіс-тәсілдері, жолдарымен қаруландыру.

Алматы, 2013 ж.

Курстың мақсаты мен міндеттері
Қазіргі заман талабына сай мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі білімнің сапасы көтеріліп, бала тәрбиесінде мемлекет пен отбасының, мектепке дейінгі ұйым педагогтар ұжымының баланың жан-жақты жетілуіне әлеуметтік–экономикалық жағдай жасалынуда.
Қазіргі отандық мектепке дейінгі білім беру жүйесі білім берудің жаңа ұйымдастырылған түрлерімен, қоғаммен тұлғаның сұраныстарына байланысты балаларға арналған жаңа оқу-тәрбие мекемелерінің түрлері және түрлі педагогикалық қызметтерден тұрады. Мектепке дейінгі ұйым мамандарынан мектеп жасына дейінгі баланың психологиясын жетік меңгеруді, баланың бейнелеу іс-әрекетінің түрлері, соның ішінде бейнелеу шығармашылығының жан-жақты жетілу заңдылықтарын түсінуді талап етеді.
Баланың бейнелеу шығармашылығы өнертану және психолго-педагогикалық негіздерімен байланыстыратын буын болып табылады.
Курстың негізгі мақсаты- мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру

2. Курс міндеттері:

 студенттердің кәсіби және мәдени деңгейін көтеру;
 балалардың бейнелеу шығармашылғын жетілдірудің теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау;
 бейнелеу шығармашылығының мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы жетілуіндегі маңыздылығын көтеру.
Курс бағдарламасы 30 сағат дәріс, 45 сағат лабораториялық, студенттердің өздігінен жұмыс жасауына 100 сағат, студенттердің оқытушылармен бірлескен жұмысына 50 сағат беріледі.
Курсты игеру барысында студент мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының теориясы мен әдістемесінен нақты білім мен дағдыны игеруі тиіс.
Қалыптасатын құзіреттіліктер:
• мектепке дейінгі білімді жоғары деңгейге жеткізуде кәсіптік іс-әрекетті меңгеруі, онан әрі кәсіби дамуын жобалау қабілеттілігі;
• мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жобалау қабілеттілігі, таңдауы, мектепке дейінгі топтардағы оқыту және тәрбиелеудің инновациялық әдістері мен технологияларына бейімделуі және модификациялауы, қазіргі инновациялық әдістер негізінде мектепке жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекетінде өздігінен зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру;
• мектепке дейінгі ұйымдарға арналған қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларымен жұмыс жасау қабілеттілігі;
• балалар бейнелеу шығармашылығын дамытудың теориясын және әдістемесін меңгеру;
Категория: Ғылыми жұмыс
Просмотров: 8134 | Загрузок: 727 | Рейтинг: 2.9/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]