Главная » Файлы » Шығармалар



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Адалдық, Адамгершілік, Достық, Ізгілік, Ынтымақ туралы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мақал мәтелдер]
04.03.2013, 14:50
Адалдық, Адамгершілік, Достық, Ізгілік, Ынтымақ, туралы, мақал-мәтелдер

Адалдық - ардың ісі. 
***
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
***
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
***
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
***
Асылдың бірі - адалдық.
***
Арқынды ат қазығына оралар.
***
Жүз сом ақшаң болғанша,
Жүз жолдасың болсын.
***
Жаман туғаның болғанша , 
Жақсы жолдасың болсын.
***
Досы көпті жау алдмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
***
Жолдастың мыңын алма, бірін ал
***
Дос бергенінің түсіне қарама.
***
Досы ауырса, ыңқылда.
***
Дос досқа жалынса, 
Достың көңілі алынады.
***
Дос досқа зыянкер емес, 
Зыянкер болса, дос емес.
***
Досқа келсен босқа келме.
***
Дос басқа қарар, 
Дұшпан аяққа қарар.
***
Досқа ат берме, 
Ат берсең, жай жүр деме.
***
Көзден кетсе, көңілден кетеді.
***
Болымсыздан үлгі шықпас,
Көңілсізден күлкі шықпас.
***
Көңіл - қазы, көз таразы.
***
Қорыққан мен қуанған бірдей.
*** 
Көз бұлақ,
Көңіл сынап.
***
Кісінің көзіне көзің түссе,
мейрімі түседі.
***
Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.
***
Жігіт жолдасынан белгілі.
***
Кең пейілді кем болмас.
***
Ауру кетеді, мінез кетпейді.
***
Жығылған сүрінгенге күледі.
***
Ақылы аздың азабы көп.
***
Ақымақтың үлкен-кішісі болмайды.
***
Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа таяқ.
***
Ақылы жоқтың арманы жоқ.
***
Аңқау аңдамайды,
Әңгі тындамайды.
***
Баста мый жоқ болса,
Екі аяққа күш түссер 
***
Күншілдің күні қараң.
***
Азды алмаған, көптен құп қалады.
***
Өз ақылын шамалаған қор болмас.
***
Ақылдының алдмен жүр,
Ақымақтың артымен жүр.
***
Түсі игіден түңілме.
Теңін тапса, тегін бер.
***
Аурудан әдет  жаман.
***
Су ішкен құдығына түкірме.
***
Кекшіл болма, көпшіл бол.
***
Әзіл айтсаң да, әділ айт
***
Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.
***
Өзін көтермейтің сөзді басқаға айтпа.
***
Ойнап сөйлесен де, 
Ойлап сөйле.

Категория: Мақал мәтелдер | Добавил: Admin | Теги: туралы, мақал-мәтелдер, Адалдық, Адамгершілік, Достық, Ізгілік, Ынтымақ
Просмотров: 49584 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.2/68
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]