Главная » Файлы » Шығармалар



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мақал-мәтелдер


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мақал мәтелдер]
05.02.2012, 00:26
Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері.

Абай мұрасы мақал, мәтелге айналған ақыл-нақылды өлең жолдарына бай.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын»
деген жолдар осының дәлелі.

Ақын өзінің бірсыпыра шығармаларында кейбір мақал, мәтелдер жөнінде ғылыми пікірлерде айтқан. Кейбір мақал, мәтелдердің зиянды мәнін ашып, сынап тастап отырған.

Мысалы, Жиырма тоғызыншы сөзінде

«Жарлы болсаң, арлы болма»


деген мақалдың төріс тәрбиелік мәнін аша келіп, көрісінше,

«Жарлы болсаң, арлы бол, ардан кеткен соң тірі болып жүргенің құрысын»

дейді.
«Қалауынтапса, қаржанады», «Сүрауынтапса, адам баласының бермейтіні жоқ»

деген мақалдарды келтіреді де,
«сүрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сүрау керек, не аққан терден сүрау керек қой»

дейді.
«Атың шықпаса, жер өрте» мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?..», «Алтынкөрсе, періште жолдан шығады»

деген мақал женінде
«періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтыңды не қылсын, өзінің көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны»

деп реніш білдірген. Ақын пікірінше,
«қазақ тыңмақалдарыныңіскетатырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар... Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек...».
Категория: Мақал мәтелдер | Добавил: Admin | Теги: мақал-мәтелдер
Просмотров: 11405 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.2/11
Всего комментариев: 1
1 аслан  
абай кунамбаев

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]