Главная » Файлы » Шығармалар



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Оқу-білімге байланысты мақал - мәтелдер


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мақал мәтелдер]
05.02.2012, 00:23
Ілім - бұлақ
Білім - шырақ.

Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Оқу түбі тоқу.

Өнер ағып жатқан бұлақ
Ілім - жанып тұрған шырақ.

Білім қымбат, білу қиын.

Ақыл тозбайтын тон
Біл - таусылмайтын кен.

Ойнада күл
Оқыда біл.

Білім - ер азығы,
Ер - ел азығы.

Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы

Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.

Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.

Өнер ағып жатқан бұлақ.

Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.

Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.

Күш - білімде.

Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

Көргеннен көрмегенін көп.
Білгеннен білмегенің көп.

Көрмегенге көсеу таң.

Көргенсіз дегенге ашуланба,

Көрмей білмессің.

Бұрынғыны айтпай,
Соңғы еске түспейді.

Әлім келсе,
Арыс суын байлар ем.

Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.

Адасқанның артындағысы біледі.
Жаңылғанның жанындағысы біледі.

Өзің бір жақсы ғалым болсаң,
Елге мәшһүр мәлім боларсың.

Үйінде озған, түбінде озар.

Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.

Алғыға қарап пікір ет,
Артқыға қарап шүкір ет.

Білгеннен де өтер,
Білмегеннен де өтер.

Біреу білмегеңді, біреу білер,
Біреу жылайтынға, біреу күлер.

Туа білмейді, жүре біледі.

Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білме, білгеннің тілін алма.

Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.

Болат біз қап түбінде жатпас.

Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі.

Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ

Айтпас жерде аузыңды тый,
Қышынбас жерде қолыңды тый.

Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

Екі кеме құйрығын ұстаған.
Суға кетеді.

Ғалым мен жақын болсаң,
Қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң,
Басын кетер.

Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса кішіден сұра.

Көз көруге тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды.

Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.

Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық,
Бәйге алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.

Жігіттің екі өнері бар:
Атқанда - жықкан,
Ашқанда - оқыған.

Жақындықты ат айырады,
Оқымағанды хат айырады.

Оқу түбі - тоқу.

Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.

Оқығаннын беті жарық,
Оқымағанның беті көн - шарық.

Шәр кітапты оқысаң,
Әр кітапты оқырсың.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Оқы да біл,
Ойна да күл.
Ойна, бірақ жұмысты да ойла!

Тұмсықтының тамағы,
Шоқу менен табылар,
Өнер - білім дегенің,
Оқуменен табылар.

Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Категория: Мақал мәтелдер | Добавил: Admin | Теги: Оқу-білімге, мақал-мәтелдер, мақал, мәтелдер, байланысты
Просмотров: 75004 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 3.8/82
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]