Главная » Файлы » Шығармалар



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Білікті ұстаз мақтаулы маман
[ Скачать с сервера (672.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Шығарма]
25.06.2015, 08:05

БҚО Жаңақала ауданы Мұқыр ауылы Ә.Жангелдин НМ Жумагельдина Камила Шаяхметқызы

Білікті ұстаз,  мақтаулы маман.

Ұстаз беделі ұлт беделі.Адамзат қол жеткізген әрбір жетістікке ұстаздың да үлкен үлесі бар.Ұстаздың кәсіби деңгейі жоғары және саяси сауатты маман.Олардың ұрпақ тәрбиесіндегі  еңбектері өлшеусіз.

«Адамның ең жақсысы  көпке пайда тигізген кісі» деген екен.Бір отбасының ғана емес , елдің  құрметіне бөленген  алдынан өткен барлық шәкірттерінің жүрегінде сақталған асыл жанды қаламыма арқау еттім.Ол кісінің әлемінен мамандықты құлай сүйіп , ізгілік деген ұғым ұшқындайды. Сірә сұлулық тәннен емес, жасаған тірлігінен  танылуы тиіс.Ол кісі білім беру ісінің үздігі .

Бүгінгі күні осындай құрметті сөзге лайық , шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген ұстаздардың бірі – Дюсенбаева Қалампыр Әліпқызы туралы айтқым келеді. Орал педагогикалық институтының 1980 жылғы түлегі . Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі дипломын иеленген ұстаз- бұл күнде жоғары дәрежелі  ұстаздардың бірі.

 Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру  жолын  Қалампыр Әліпқызы 1980 жылы бастаған.Өз мамандығын жақсы меңгерген   тәжірибиелі ұстаз үнемі  ізденіс үстінде.Қарапайым да еңбекқор ұстаз өзінің мол тәжірибесін  әріптестеріне үйретуден  жалықпайды. Оқушылары құрметтейді, ұжымда қадірлі, қатарластары  үлгі тұтады, отбасы берекесі.

 1980-1987 жылдар аралығында  Маштексай ауылдық С.Меңдешов атындағы ЖББМ қызмет атқарса, 1987 жылы Ә.Жангелдин атындағы негізгі орта білім беретін мектебінде директорлық қызметін, оқу-ісінің меңгерушісі, психологтың қызметін атқарып келді.Міне содан бері 34 жыл уақыт өтті.Қазіргі уақытта тәжірибелі ұстаз орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша  шәкірттеріне білім беріп келеді

Ұстаз орыс тілі пәні мұғалімі ретінде өз мамандығын жетік игерген, заман талабына сай өзгерістерді зерттеп, оларды жас мамандарға жеткізіп жүрген  жандардың бірі.Тек шәкірт тәрбиелеуші ғана емес, отбасының ұйытқысы.Жолдасы  қарапайым жан.Ұстаз отбасында төрт бала тәрбиеленіп, бүгінде  немере сүйіп отыр. Ұстаз өткізген әрбір ашық сабақтары, шеберлік сабақтары жаңалықтарға  толы болады.

Ұстаз тәрбиелеп шығарған шәкірттері жоғары  белестерден көрініп жүр.

Тәжірибелі ұстаздың бойынан үш ерекшелік байқаймын, біріншіден қарапайымдылығы, екіншіден қайраткерлігі, үшіншіден өз ісінің кәсіби шеберлігі.Осындай бір адамның бойындағы  қасиеттер айналасына шуақ шашып, көпке  нәр себеді екен.Біреулер содан қуат алады, кейбіреулер келешегіне  нұсқау табады.Өмір ағыны осындай өнегемен өріледі.

Қалампыр Әліпқызы  орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкинді  өзіне рухани ұстаз тұтады.Бүкіл адамзатқа керек даналық, ізгілік  Пушкиннен табылады.Өмірде адам өз білгісі  келетін сұрақтарының бәрінің жауабын осы ақынның өзінен табамын деп отырады. Пушкиннің бүкіл  өлеңдері мен шығармаларын жатқа айтып береді.Таң қаласың. Мүмкін осының әсері де болар, ол кісі өмірде «Адамгершілікті» бәрінен жоғары қояды.

«Ұстаз болу-өз уақытыңды аямау,өзгенің бақытын аялау». Иә расында бұл қасиетті мамандық.Өйткені бұл мамандықтың иелерінің  мойнында адам тәрбиелеу- ұлы міндеті тұр.Шәкірттерін білім нәрімен  сусындатып, тәлім-тәрбие беру  жақсы қасиеттерді бойына дарытып , адамгершілік  рухта бағыт-бағдар беруде  Қалымпыр Әлімқызының еңбегі зор.Әр жылдарда алдынан өткен шәкірттерінің бәрінің де аты-жөні есінде. Оларды әрдайым сағынып отырады.Шәкірттері де ұстазын  ешқашан ұмытқан емес, көрген жерінде амандасып, әрқашан хабарласып мерекелерімен құттықтап келіп тұрады. Ұстаз үшінде ең үлкен бақыт осы шығар.

Түсіне білген адамға  уақыт әр адамның тағдыр-талайына  белгілі бір өлшеммен  берген баға жетпес байлық.Дәл осы тұрғыда  34 жылдың саналы  ғұмырының әрбір сәтін, әр кезеңін  игілікті іске жаратып , өзінің  елінің болашағына арнайы  білген ізгілікті  арына балаған Қалампыр Әліпқызының өнегелі өмірі  бәрімізге үлгі.

Білікті ұстаз, мақтаулы маман Қалампыр Әліпқызы  нәтижелі еңбегі  үшін марапаттаулары өз алдына бір төбе. Қалампыр Әліпқызы  аудандық, облыстық, республикалық  құрмет грамоталарымен , аудан әкімінің  «Алғыс хатымен» марапатталған.Бұл ұстаздың үздіксіз еңбегінің жемісі. Өмірін  еңбекпен  өрнектеп , жастарға  тәлім – тәрбие беріп жүрген өз ісінің шебері әрі білікті маман. Қалампыр Әліпқызына әліде талай шәкірт тәрбиелейтіне сенемін.Өнегелі өмір иесінің жемісті еңбегі жалғаса беруіне тілектеспін.

Категория: Шығарма
Просмотров: 2266 | Загрузок: 49 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]