Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу
[ Скачать с сервера (36.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика]
18.01.2019, 20:21

Қызылорда облысы
Арал ауданы
Шижаға ауылы
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тойбахова Жадыра
Математика Сынып: 3 сынып 
Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы:.бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындайды
Оқушылардың көпшілігі: бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді тексеру үшін не істеу керек екенін біледі.
Оқушылардың кейбірі: қалдық бөлгіштен аз болатынын түсіндіре алады.
Бағалау критерийлері Бір таңбалы санға қалдықпен бөледі
Тілдік мақсаттар Пәндік терминология мен тірек сөздер: қалдықпен бөлу, қалдық, қалдық бөлгіштен аз. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындайды?
Тексеруді орындау үшін не істеу керек?
Жазу:Қалдықпен бөлуді және оны тексергеніңізді жазыңыз.
Құндылықтарды дарыту
Пәнаралық байланыс Көркем еңбек-сәндік- қолданбалы өнер туындыларын білуі, дүниетану-саяхатшылардың сәндік- қолданбалы өнер туындыларына қызығушылығының басымдылығын
Алдыңғы білім Көбейту мен бөлу, амалдардың өзара кері байланысы, көбейту кестесі.
Сабақ барысы
Сабақтың жосп.кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың
басы4 минут Ынталандыру. (Ұ)«Асық алу» әдісі. Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды. Қатысушылар шеңбер құра отырады.
Жұмыс ережесін келісу : Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
(Т) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – сәндік-қолданбалы бұйымдар суреттері (суреттер артына көбейту, бөлуге байланысты өрнектер жазылған). Бұйым таңдалады. Ішінде жазылған өрнектің мәнін табады. Фотосуреттерді көрсету арқылы шеберге қандай математикалық білім қажет болатынын сұрау.
Қай топ дұрыс әрі тез орындаса сол топ жеңіске жетіп, сыйлыққа сәндік-қолданбалы өнер мұражайына жолдама алады. Түрлі асықтар

 

Категория: Математика
Просмотров: 1291 | Загрузок: 42 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]