Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз - сайыс
[ Скачать с сервера (22.6 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мерекелік іс шаралар]
12.12.2017, 07:45

Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз - сайыс (Сыныптан тыс жұмыс)

СҚО
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан
Еркін Әуелбеков атындағы Жаңасу БМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Назарова А.Б.

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
Мақсаты:
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін кеңейту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді,танымдық ой - өрісін, қызығушылығын дамыту. Оқушының есте сақтауын, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Отансүйгіштікке адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,мақал-мәтелдер, Отанын, жер туралы нақыл сөздер.
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»
Н.Ә.Назарбаев.

Өтілу барысы:
-Құрметті ұстаздар ,оқушылар !
-Бүгінгі сайыс қазақ елінің рәміздерін ұлықтауға арналған сайыс.

Кіріспе бөлім:
Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекеті міздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі.
Бізде бүгінгі сайысымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не? «Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады.Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде,ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді. 1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан дегеніміз не? -Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз Қазақстан Республикасы.
Отан – жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым
Отан мәңгі гүлденеді

-Жақсы балалар, ендеше, бастаймыз.
-Бүгінгі сайыс 6 айналымнан тұрады.

1 - айналым. «Сіз білесіз бе?»
2 - айналым. «Мақал-мәтелдер айтып көрейік»
3 - айналым. «Сиқырлы әріптер».
4 - айналым. «Кім зерек?»
5 - айналым. « Білімдінің көзі ашық» 6 - айналым. «Сырлы суреттер»

-Әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

1 - айналым. «Сіз білесіз бе?».
-Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарға нақты жауап бересіздер.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.(Ту, Елтаңба,Гимн)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.(Көк, сары)
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.(Екі рет)
4.Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі (Жұлдыз)
5.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл (1992 жыл)
6. Мемлекеттік рәміздер күні (4 маусым)
7. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс (Қыран бүркіт)
8. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар (Қанатты пырақ)
9. Мемлекеттік Әнұранның авторлары?
- Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
10.Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
-«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

11.Тудың авторы ? -Суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.
Ән:Көк тудың желбірегені (видио материал)

12. Елтаңбаның авторлары ? -Ж Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

Елтаңба
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

2 - айналым. «Мақал-мәтелдер айтып көрейік».

«Отан» жайлы :
1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан - елдің анасы, (Ел - ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)
8. Ел іші - (алтын бесік)

3 - айналым. «Сиқырлы сөздер».
Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұр
Таң қар Ұн
Аң ар нан

4 - айналым. «Кім зерек?» -Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

1. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, құжаттарда бейнеленген (Елтаңба)
2. Президент, Үкімет үйінде ілулі тұрады, барлық мекемелерде бар (Ту)
3. Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанаттарда (Әнұран)

5 - айналым. « Білімдінің көзі ашық»

-ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
-Еліміздің бас қаласы
-ҚР президенті

6 - айналым. «Сырлы суреттер»
Тудың суретін салу керек.

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан:
Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
Бірге:
-Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.

Сайыс жеңімпаздарын марапаттау

Категория: Мерекелік іс шаралар | Добавил: Admin
Просмотров: 9260 | Загрузок: 173 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]