Главная » 2012 » Декабрь » 1 » Бүгін Елордада ҚР Президентінің жаңа байрағы көтерілді
21:49
Бүгін Елордада ҚР Президентінің жаңа байрағы көтерілді



Бүгін таңертең Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа байрағын көтеруге арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Ақордаға кіретін парад алаңында Республикалық ұлан мен Президенттік оркестрдің парад бөлімдерінің салтанатты сапқа тұруымен басталды.

«ҚР Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылу тәртібі туралы» Елбасының Жарлығына 1995 жылы 29 желтоқсанда қол қойылған, ал оған 2012 жылғы 31 қазанда байрақтың жаңа талабын бекітетін өзгерістер енгізілді.

ҚР Президентінің жаңа байрағы – көгілдір түсті тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден біріне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында алтын түсті Мемлекеттік Елтаңба бейнеленген. Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған. Байрақтың сабы «қошқар мүйіз» түріндегі суретті қол кескіндемемен тұйықталған, оған көбілмелі шашақ бекітілген. Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілде тегі, аты мен әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсеткен даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.

Просмотров: 2395 | Добавил: Admin | Теги: Қазақстан, жаңа байрақ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]