Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ойындар топтамасы
[ Скачать с сервера (96.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақша ойындары]
16.11.2016, 10:26

Автор: Канат Исмагулов
                                                                                                    «Зерек бала» (4-5 жас)  

«Танысу» ойыны.
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым-қатынастың белсенді етілуін және кері байланыс , көмек алу тәсілдерін меңгеру.
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек-кезек қолдарына доп тиеді. Бұл доп тиген бала өз есімдерін айтуы тиіс. Доп барлығына тиген соң қайта айналады. Сол кезде әрбір қатысушы есімін айтуы тиіс.
«Не үлкен?» ойыны.
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды: орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды. Және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

«Шындыққа бір қадам» ойыны
Балалар бір сапқа тұрады. Егер дұрыс болса бір қадам аттайды, дұрыс болмаса бір қадам артқа аттайды.
-    Сиырлар ұшады
-    Мысықтар мияулайды.
-    Қыста қар түседі.
-    Үлкенге орын береді.
-    Ата-аналарды алдау
-    Өтірікті досыңа жабу
-    Шындықты айту.

                                                                                                       «Зерек бала» (3-4 жас)       «Бип» ойыны
Ойынның мақсаты: жағымды эмоционалды орта жасау, алаңдаушылықты жою, топты біріктіру. Ойынның  барысы балалар орындақтарда отырады. Жетекші жұмысы көзбен шеңбермен жүріп, кезекпен балалардың тізесіне отырып , кімнің алдында отырғанын табады. Егер де  ал дұрыс таппаса «Бип» дейді.

 «Сантики, Фантики,Лимпопо» ойыны.
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да, бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай,  білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «Сантики, Фантики, Лимпопо» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауысытарын естіп , бөлмеге кіреді де шеңбердің  ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізушіні есіктің сыртына шығарады. Ойын сол ретімен  жалғасып отырады.


                                                                                                      «Ару» тобы (2-3 жас)
«Көңіл-күй неге ұқсас» ойыны.
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мерзіміне, ауа-райына, табиғаттың құбылысына ұқсас екенін айтып берді. Ойынды үлкендер бастаса жақсы болар еді.  «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы , жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның саңында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздігі балалардың көңіл-күйі қандай екенін:  қайғылы, көңілді, ызаланған, т.б. жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман  ауа-райы, суық , жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агресивті , қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

тобы (3-4 жас) Зерек бала  «Есімдер» жаттығуы
Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынасты туғызу .
Уақыты:5 мин
Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.
Талдау :Сендерге  жаттығу ұнады ма? Не қиынды келтірді? Не сезіндіңдер?

                                                                                       «Абзал» тобы (4-5 жас)
                                                                                                      Зерек бала  
 «Карусель» жаттығуы.
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады.
Топ балалары 2-ге бөлінеді. 1-ші топ ішкі , 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп , екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек .  Олардың тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсету керек. Мысалы: сатушы-сатып алушы, мұғалім-оқушы, дәрігер-қаралушы, полиция-шофер, әке-бала, анасы-қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін көңіл-күйін, қабілетін, өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

«Бүлінген телефон» ойыны.
Мақсаты: есте сақтауға арналған.
Бір сөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталауды , солай жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы бала бүкіл сөзді естіп дауыстап айтады.
Мен әрқадайым шындықты айтамын.

                                                                                  «Мерей» тобы (3-4 жас)
                                                                                                      Зерек бала  
 «Көңіл-күйімізді жаттықтыру» ойыны.
Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл-күймізді жаттықтыра алуға арналады. Жүргізуші: Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсет десем соны бет әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер
1.    Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетіңдер.
2.    Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты, ұядан түсіп қалған балапан сияқты, иттен қорыққан баланы бет-әлпеттеріңмен көрсету керек.
3.    Жылап тұрған адамды көрсету
4.    Жәй күліп  тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету.


                                                                                                      Зерек бала  
 «Ауызша волейбол» ойыны
Мақсаты:  өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге , бір-бірін терең түсінуге арналады.
Допты бір-біріне берген кезде  балалар адамгершілік  қасиеттер туралы айтулары керек.
Мысалы, шыншылдық, мейірімділік, адамдық, адамгершілік, әділдік, кішіпейілдік, батылдық, ұстамдылық,жанашырлық.
                                                                                           
 «Кім екенін тап» ойыны.
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі.
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды ұнамсыз қасиеттерін айтады. Тәрбиеші барлығының мінезін парақтарға жазады. Балалар мінездеменің иесін табу қажет.
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап, тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді.

                                                                                   «Мерей» тобы (3-4 жас) Зерек бала  «Шөлдеу» ойыны
Мақсаты: Достыққа , бір-біріне көмектесіп қана нәтижеге жетуге болатынына тәрбиелеу.
Балалардың  қолдарына шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін ыстық шөл даладамыз деп елестетеді, қатты шөлдеп жүреді.
Бір кезде тостағандардағы суларға кездеседі. Енді осы суды шашпай, шөлдерін қандыруға болатынына көз жеткізеді.
                                                                                  
 «Алып» ойыны.
Мақсаты: Ұжымшылдыққа тәрбиелейді.
Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң аяғына  байлайды. Сөйтіп бір белгіленген жерге барады. Немесе, үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар бірге жүруге тырысады. (бақаға ұқсап секіреді)

                                                                                     «Ару» тобы
                                                     «Көпір» ойыны
Еденде бормен «көпір» (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан балалар «көпірден» құлап қалмай өтуі керек. Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.

                                                                                                         «Мерей» тобы
Тренинг «Рөлдегі капитан»
Анықтамасы: «Кемеде жүземіз» деп айтылған кезде ойынға қатысушылар суда кеме боп жүзеді.
«Палуба» деп айтылса,екі адам,екі адамнан бір-бірін ұстап тұра қалады. «Борттан адам құлады» деген кезде үш адам үш адамнан бірігеді. «Түскі ас» деп айтылса,тағы үш адамнан ұстасады. «Қайық» делінсе , 5 адам қатарласып ұстасады.
1- Кемеде(жүземіз)
2- Палуба(2 адам)
3- Борттан адам құлады(3 адам)
4- Түскі ас(3 адам)
5- Қайық( 5 адам)


 «Гүл» ойыны
Балалар әр жерге отырады. Жүргізуші:балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп жабыла бастайды(қолдарын тізелерінің үстіне қойып, бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды. Сол уақытта гүлдер де, құлпырып жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады)

 «Ұқсас суретті тап» ойыны
Тәрбиешінің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шырша , екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп, осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын,пішінін түр-түсін сипаттап әңгімелеп береді.
Әртүсті заттар.
Тәрбиеші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан.
Сиқырлы саусақтар.
1 Таң қалу ( екі қолдың бас бармағын көтеру)
2 Өзіңді көрсету (Бір саусақпен)
3 Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру)
4 Қорқыту (сұқ саусақпен)
5 Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру)

Сөз моншақтар.
Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп естілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады.  Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады.  Қай бала көп сөзді есінде сақтап , көп сөз ойласа , сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.
Шапалақ.
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде , барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.
Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?
Сендер көңіл-күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші.
1 Көңілді болғанда не істейміз?
2 Ренжігенде...
3 Қорыққанда...
4 Қуанғанда....
5 Таң қалғанда...

Шапалақты тыңда.
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен , екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып , үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.
Қанша дыбыс естідіңдер?
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.

Логикалық есеп .
Балалар ауызша есепке жауап береді.
1.    Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетке қоюға болады?
2.    Үстел үстінде  4 алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
3.    Қоянға, түлкіге,аюға үш түрлі жалауша жасап берді. –қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?
Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

 «Менің көңіл-күйім» ойыны
Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.
Не істер едің?
Тәрбиеші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің?

Ине мен жіп.
Жүргізуші: Мен ине боламын,ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнен белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

                                                «Не үлкен?» ойыны.
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды: орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды. Және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

Сиқырлы қапшық.
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина. Балалар  қолымен заттарды сипап , бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

 «Мен жеңімпазбын» ойыны
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.

 «Дайын бол» ойыны
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді.
Мысалы: қоян-секіреді, құс-ұшады т.с.с

 «Құлақ-мұрын» ойыны.
Балалар шеңбер  бойымен тұрады. Тәрбиеші: құлақ деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Тәрбиеші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

 «Өз орныңды тап» ойыны
Балалр қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

Зейінді бол.
Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әртүрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты , мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып ,жеңімпаз жүргізуші болады.

Менің елім.
1.    Қай елде тұрасың?
2.    Қазақстанның қандай қалаларын білесің?
3.    Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар?
4.    Сен қай көшеде тұрасың?
5.    Ел, жер, Отан туралы қандай  мақал-мәтел білесің?

 «Кімнің киіміне тән өрнек»
Мақсаты: балалардың зейінін жетілдіру.
Ойын мазмұны: бала кез-келген ойыншының киімі жайлы әңгімелейді . өзгелері кімнің киімі туралы айтылғанын табады.

 «Ғажайып дорба» (көкөністер)
Мақсаты: балалардың қолмен сипап сезу әрекеттерін  дамыту, көкөністер жайлы білімін жетілдіру.
Ойын мазмұны: балалар кезекпен келіп қолын ғажайып дорбаға салып, сипап сезу арқылы көкөністі таңдайды. Қолын дорбадан шығармай тұрып, сол көкөкністің атын атайды және одан не жасауға болатынын әңгімелейді.

 «Неге ұқсас» ойыны
Мақсаты: сенсорлық операцияларын , көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ойын мазмұны: үстел үстінде бірнеше жемістер мен көкөністердің бейнесі қойылады. Бала олардың қасиетін атап, неге ұқсас екенін айтады.
 
 «Нені көрсетсем, соны тап»
Мақсаты:балардың тіл байлығын жетілдіру, елестету қабілетін дамыту.
Ойын мазмұны: Бір баланың көзін байлап, алдыға шығарады, отырған балаларға көкөністі көрсетеді. Мысалы: сарымсақ, отырған балалар оған сөзбен сипаттама береді. Алдыға шыққан бала сипатталған затты атайды.


 «Доп» ойыны

Ойын барысы:ойынға 4-5 бала қатысады.Балалар жарты дөңгелекке тұрады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді көрсетші?»

                                        «Кім сені шақырды, тап»
Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету.
Құрал: арнайы құрал керек емес.
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге турады – шақырған бала ортаға турады.

                                              «Бес санына шапалақта»
Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет  шапалақтайсын»

                                           «Бұл не қылған дыбыс»
Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.

                                 «Тында да айт»
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер.
ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.
Ойын барысы:
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың ды
бысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.
ІІ-нұсқа.
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.

                                  «Зейінді тыңда»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.
Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Доңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.

                                    «Шапалақта»
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, ба-р тек қане «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен б-р ойыннан шығады.

                                     «Естігенде шапалақта»
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді.
ІІ –нұсқа
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен білгілеу.

                            «Бірінші дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.

                                         «Ұйықтама, сөзді тез ата»
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.

                                  «Қайтала»
Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құралдар: даңғыра, дауылпаз.
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.

                                        «Сөзді аяқтап көмектес»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.

Тағыда басқа ойындарды көру үшін материалды жүктеп алыныз!

Категория: Балабақша ойындары
Просмотров: 57132 | Загрузок: 569 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.5/30
Всего комментариев: 1
1 Айбану Мырзалиева  
керемет жаттығу ойындары болса керек еді алдын ала рақмет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]